Әкімбаев А.Ә. Барлық мамандықтар бойынша «Мәдениеттану және психология» пәнінен практикалық сабақты жүргізуге арналған Әдістемелік нұСҚаулық ш ымкент, 2023 ж



бет18/25
Дата05.10.2023
өлшемі1,23 Mb.
#183879
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
DOxTX8oA5NpcBDm04XaPeYQ4i99ycUxjbS1uiS0X

Сабақ мақсаты:Г.Д.Лассуэлл бойынша заманауи қоғамдағы коммуникацияға шолу жасау. 
Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:
ПРОБЛЕМАЛЫҚ СИТУАЦИЯ
Тест. Сіз шындық үшін күресе аласыз ба?
Мақсаты: Жеке адамның өзін-өзі тануына, шынайы қасиеттерін дамытуға үйрету және ортамен әділ қарым-қатынасын қалыптастыру.
Әдістеме барысы:Бiз 14 сұрақтың әр қайсысына сәйкес келуі мүмкін үш жауабы бар.Біреуін таңдап алыңыз.
1.Сіздің досыңыз қиын жағдайда тұр.
а) Сіз онымен жолығудан қашқақтап, араласпайсыз;
ә) Тез арада сіз оған көмекке келесіз;
б) Өзіңіздің достарыңыздан көмек сұрайсыз.
2.Егер де қандай да бір келісім шарт жасау керек болса онда сіз:
а) сөзіне сенесіз;
ә) сенімділік үшін қолхат дайындайсыз;
б) ыңғайлы жағдай келген кезде өзіңізге зияны тимейтін міндетті аласыз.
3.Қиындық туындаған кезде:
а) өзіңіздің сенімділігіңізден айырыласыз және ойлағаныңыздан бас тартасыз ;
ә) бәрі жақсы болады деп бірнеше уақыт үміт үзбей күтесіз;
б) қиыншылықтар сізді оны жеңуге деген құштарлығыңызды оятады.
4.Егер де сізге күтпеген жағдайда жағымсыз сұрақ қойса:
а) ойыңызға келген ең бірінші дәлелге сүйеніп жауап бересіз;
ә) ұзақ ойланып,содан кейін жауап бересіз;
в) тез жауап бересіз және шындықты айтасыз.
5.Егер де сізге аудитория алдында сөйлеу керек болса:
а) бұл сізді ұялтады және сіз жаңыласыз;
ә) бұл сізді мүлдем қысылтпайды;
б) бұл сізге әр қилы ләззат береді.
6.Егер де сіз дауласу кезінде қателескеніңізді түсінсеңіз:
а) сол жерде қатеңізді түзейсіз;
ә) қателік жібергеніңізді біле тұра,өзіңіздің ойыңызды қолдап,жалғастыра бересіз;
в) дауласқанды қоясыз.
7.Сіздің ойыңызша шындықты мойындау – бұл:
а) оңай емес және барлығы жағдайға байланысты;
ә) жүйкенің қозу жағдайына алып келеді;
б) маңызды және қажет.
8.Егер де сіз қарама қарсы пікірді ұстанған досыңызбен
даулассаңыз онда:
а) әдетте сіз оның көзқарасын өзгерте аласыз;
ә) сіз өз пікіріңізде қаласыз;
б) ол сіздің көзқарсыңызды өзгерте алады немесе жартылай өзгертеді.
9.Егер дауласу шектен шықса:
а) сіз ашуланасыз;
ә) байсалды болып қаласыз-себебі бұл дауласудағы сендірудің бір жолы;
б) дауыс көтересіз.
10.Сізге қажет мекен-жайы мен телефон нөмерлерін сіз:
а) тез тауып алатындықтан жазып алмайсыз;
ә) сіз күнделігіңізге жазып аласыз ;
б) есіңізде сақтайсыз.
11.Танысқан адамыңызды келесі кездестіргенде:
а) оны тез,танисыз;
ә) оның есімін есіңізге түсіре алмайсыз;
б) оны бір жерде кездестіргеніңіз туралы ойлайсыз, бірақ қайда қашан екенін есіңізге түсіре алмайсыз.

  1. Өте қатал пікір таластан кейін:

а) қарсыласыңыздың барлық дәлелін есіңізде жақсы сақтап қаласыз;
ә) оларды ұмытқаныңыз жақсы деп ойлайсыз;
б) қорғауды қажет ететін адамдарды қорғау.

  1. Әдетте дауға түскенде:

а) қорғаған адамыңыздан пайда тапқыңыз келеді;
ә)қоршаған ортаны таңқалдырғыңыз келеді;
б)қорғауды қажет ететін адамдарды қорғау.

  1. Егер де сіздің бір досыңыз бір нәрседен қателессе:

а) сіз ашық түрде қарсылығыңызды білдіресіз;
ә) оның қателескенін біле тұра досыңызды қолдайсыз;
б)бұл тақырыпта сөйлеспейсіз.




А

Ә

Б

1

0

2

1


2

1

2

0

3

0

1

2

4

0

1

2

5

0

1

2

6

2

0

1

7

0

1

2

8

2

1

0

9

0

2

1

10

1

2

0

11

2

1

0

12

2

0

1

13

0

1

2

14

2

0

1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет