22 сурет - Жаңа оқу жылына көшу нұсқалары 4.10.2 Сыныптағы білім алушыларды жаңа оқу жылына іріктеп көшіру Сыныпты жаңа оқу жылына іріктеп көшіру үшін келесі іс-әрекеттерді орындау қажет:
«Сыныпты өңдеу» бөліміне кіру;
«Қарап шығу» қосымша бетін ашу;
ашылған сынып парақшасында («Қарап шығу» қосымша бетінде) экранның оң
жағындағы «Жаңа оқу жылына ауыстыру» сілтемесін басу;
«Таңдалған оқушылар» таңдау (23 сурет);
«Ары қарай» түймешігін басу;
оқу жылын көрсету, тізімнен сыныпты, ауыстыру типін («Нақты» немесе «Қате
салдарынан») таңдау және жаңа оқу жылына көшірілетін білім алушыларды таңдау;
«Көшіру» түймешігін басу.
Қалған білім алушыларды шығару немесе «Мұрағатқа» көшіру қажет.
Ескертулер:
берілген операцияны жүргізу үшін мектеп әкімшісі білім алушылар болашақта көшірілетін жаңа оқу жылындағы жаңа сыныптың профилін алдын-ала құрып алуы тиіс;
қажет болған жағдайда көшу туралы бұйрықтың күнін, типін және нөмірін көрсетуге болады.
«Нақты» көшу типін таңдау барысында мүшеліктің басталу күнін көрсету қажет.