Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет42/58
Дата24.05.2017
өлшемі9,45 Mb.
#16940
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136137 (бірінші бөлігінің 2) тармақшасында), 138 (бірінші бөлігінде), 337338339340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң – жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

      3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.

      Ескерту. 710-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган



      1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

712-бап. Геодезия және картография саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар



      1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарындакөзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.

      Ескерту. 712-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

713-бап. Монополияға қарсы орган



      1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 160 (бірінші бөлігінде), 161162163201-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

714-бап. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган



      1. Табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164165166167168250464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      Ескерту. 714-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

715-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар

      1. Техникалық реттеу және өлшем бiртұтастығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 203415 (бірінші бөлігінде), 417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418419(бірінші бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.

      Ескерту. 715-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

715-1-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган

      1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстiң 193 (бiрiншi бөлiгiнде), 415 (бірінші бөлігінің 1), 2), 3) тармақшаларында)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      Ескерту. 36-тарау 715-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.04.2016 № 504-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       

716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегiуәкiлеттi орган



      1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 612617619627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың инженер-инспекторлары құқылы.

717-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттiмемлекеттiк орган



      1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 228 (үшінші және жетінші бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 230 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар



      1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 317-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 317-2 (екiншi бөлiгiнде), 318321322323464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.

      Ескерту. 718-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).


       

719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттiорган



      1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497499500501502503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары



      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.11.2015 № 406-V Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297324(бірінші бөлігінде), 334377 (бірінші бөлігінде), 400 (бірінші бөлігінде), 406 (бірінші және екінші бөліктерінде), 425(бірінші бөлігінде), 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (бірінші бөлігінде), 573574589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609612 (үшінші бөлігінде) және 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi де қарайды.

      3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша – мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;

      осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270(бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 284(бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде әкімшілік жаза – мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.

      Ескерту. 720-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

721-бап. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 274473475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы мен оның орынбасарлары, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      Ескерту. 721-бап жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 207209230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші бөлігінде), 234238239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 240241247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248249250267464 (бiрiншi бөлiгiнде (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

      1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;

      2) аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.

      Ескерту. 722-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


       

723-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган



      Ескерту. 723-бап алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      

724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186206208210211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 212213215217218220222223224225226227228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы және жиырмасыншы бөліктерінде), 229230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231232239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242243244247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 253254255256257258259260261262263264265286464 (бірінші бөлігінде), 497 (алғашқы статистикалық деректерді жинау құзыретiне кiретiн бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 724-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).


       

725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары



      1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 8491 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.

726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары



      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192504, 518, 519-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

      2. Осы Кодекстiң 192464 (бірінші бөлігі), 504-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383(бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған)-баптарында, сондай-ақ 394395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет