1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты.

IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы
Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Бат. Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты.