Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады


Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең)



бет2/4
Дата27.12.2022
өлшемі25,96 Kb.
#164635
1   2   3   4
Байланысты:
ІІ тур 8-11-сынып

Оқушылардың республикалық олимпиадасына іріктеу (аудандық кезең)
ІІ тур
9 - сынып
(Қазақ тілі мен әдебиеті)


Екінші турға бірінші турға қойылатын ұпайдың кемінде жартысын (25ұпай) жинаған оқушылар қатыса алады. Екінші турға қатысушыларға қазақ тілі мен әдебиеттен 5 сұрақ қойылады.


Екінші турдың сұрақтарына берілген жауаптарды бағалау тәртібі:
Әр сұраққа қойылатын ең жоғарғы баға – 10 ұпай, бағалау мынадай критерийлерге негізделеді:
9-10 ұпай–жауабы ерекше, жауап барысында мектеп бағдарламасынан тыс мәліметтер мен деректерді келтіре отырып, терең білім алғанын байқатады;
7-8 ұпай – сұраққа толық жауап беріледі, кейбір қосымша мәліметтер келтіре білді;
5-6 ұпай – жауап барынша толық болмады, терминдерді түсіндіруде, анықтамалар мен ережелерді айтуда, сөйлем талдауда кейбір қателер кездесті;
3-4 ұпай – жауабы толық емес, дөрекі қателер кетті;
1-2 ұпай - сұраққа жауаптың қатысы жоқ, нақты емес.
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғары ұпай – 50. Олимпиаданың екі турынан да жоғары ұпай ала білген оқушы 100 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.





Пән атауы

Мазмұны

1

Қазақ әдебиеті

Ғашықтардың пірі едің,
Ләйлі – Мәжнүн, сіз орау.
Ғашықтардың сәруары,
Зылиха – Жүсіп пайғамбар,
Әйелдің пірі – Бибі Бәтима,
Баламды сізге тапсырдым.
Үзінді қай жырдан алынған? Үзіндіде не туралы айтылған?

2.

Қазақ әдебиеті

а) Ұйқас түрлері. Әрқайсысына мысал келтіріңіз.
ә) Дастан жанры туралы.

3.

Қазақ тілі

а) Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары туралы айтыңыз.
ә) Ауызекі сөзге ерекшелік беріп тұратын лексикалық тұлғалар туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз.

4.

Қазақ тілі

а) Сабақтас құрамалас сөйлемнің жасалу жолдарына тоқталыңыз. Мысал келтіріңіз
ә) Сын есімнің түрленуі туралы айтыңыз. Мысал келтіріңіз.

5.

Тіл мәдениеті

Желтоқсан тақырыбы – ақындар назарында




  • Тапсырманың орындалу уақыты 90 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет