Ящур қоздырғышының көзіне ауру жануарлар, оның ішінде аурудың инкубациялық кезеңдігіндегі жануарлар, сонымен қатар вирус тасымалдағыштар жатады. Мұндай жануарлар вирусты қоршаған ортаға сүтпен, сілекеймен, зәрмен және қимен бөледі де, нәтижесінде мал қораларды жайылма жерлерді, жемді, тасымалдау құралдарын инфекциялық жарақаттайды.
Шошқалар классикалық обасы – инфекциялық, жоғары контагиозды (түйіспелі) тез жұқпалы вирусты ауру. Табиғи жағдайда бұл аурумен үй және жабайы шошқаның барлық түрі ауырады. Асыл тұқымды жануарлар вирусты тез қабылдауға өте сезімтал келеді. Ауру және ауырып шыққан үй және жабайы шошқалар - вирус тасымалдағыштар инфекцияның көзі болып табылады. Ауру және вирус тасымалдағыш жануарларды сау жануарлармен бірге ұстағанда және інтек жем бергенде жұғады.
Құстар обасы – тауықтар құрылымындағы құстардың жоғары түйісу жұқпалы гиозды вирусты ауруы, тыныс, ас қорыту, орталық жүйке жүйесінің жұқпалықтан істен шығуымен сипатталады.
Жануарлардың қауіпті жұқпалы ауруларының топталуы
Эпизоотологиялық топталу бойынша жануарлардың барлық инфекция-лық аурулары бес топқа бөледі:
Элементарлы инфекциялар-топырақ, жем, ішкен су арқылы беріледі де, ас қорыту жүйесінің органдарының жұқтырылу мен істен шығулығымен сипатталады. Қоздырғыштың берілуінің басты факторы- инфекцияланған жем, топырақ, және қи. Мұндай инфекцияларға Сібір ойық жарасы, ящур, сап (маңқа), бруцеллез аурулар жатады.
Респираторлы инфекциялар (аэрогенді) – тыныс жолдарының сілекей қабығының және өкпенің жұқпалы қабынуымен анықталады да, оның негізгі берілу жолы – ауалы-тамшылы. Бұл топтағы ауруларға парагрипп, энзоотиялық демікпе, қой және ешкі шешегі (оспасы) және етқоректілер обасы жатады.
Трансмиссиялық инфекциялар. Олардың берілу механизмі қансорғыш мүшелаяқтылар көмегі арқылы жүргізіледі. Қоздырғыштар үнемі немесе жеке кезеңде қанда болады. Бұл ауруларға энцефаломиелиттер, туляремиялар, жылқының инфекциялық анемиясы жатады.
Тасымалдағыштарсыз, сыртқы жабын арқылы берілетін қоздырғыш инфекциялар. Бұл топ қоздырғыштың берілу механизмі бойынша әртүрлі болады да, бұл ауруларға сіреспе (столбняк), құтыру және сиыр күлдігі шешегі (оспасы) жатады.
Анықталмаған жолмен жұғатын инфекциялар, яғни топталынбаған топ.
Достарыңызбен бөлісу: |