Экология және адам тіршілігінің қауіпсіздігі (ovoc 4220) пәні бойынша Дәрістер


Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Зілзала



бет57/119
Дата01.04.2022
өлшемі3,41 Mb.
#137572
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   119
Байланысты:
Лекция-Экология и БЖЧ-1

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.



Экологиялық ТЖ – атмосфераның шектен тыс ластануы, озонқабатының бұзылуы, жердің құрғап, шөлейтке айналуы, жердің сортаңдауы, қышқыл жаңбырлар және т.б.
Биологиялық ТЖ – түрлі індеттер (эпидемия)
Әлеуметтік ТЖ – қоғамда пайда болатын уақиғалар – ұлтаралық жанжалдар, терроризм, қарақшылық (тонау) геноцид, соғыстар және т.б.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, локальдық, объектілік, жергілікті, ұлттық, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Локальдық — таралу масштабтары қандай да 1 өндірістік қондырғымен немесе тасымал желісімен, цехпен, кіші-гірім өндіріспен кәсіпорынның жекеленген жүйесімен ғана шектелетін ТЖ. Оның зардаптарын жоюға сол нысанның өз күші мен қаражаты жеткілікті болады.
Объектілік — салдары зауыттың, комбинаттың, өнеркәсіптік-өндірістік кешеннің, мекеменің, оқу орнынының шекарасымен ғана шектеліп, одан тыс тарамайтын ТЖ. Зардаптарын жоюға өз күші мен қаражаты жеткілікті болады.
Жергілікті — таралу масштабтары жекеленген ауылдың, қаланың, ауданның немесе облыстың аймағымен шектелген ТЖ. Әдетте зардаптарын жоюға (олардың күштілігіне байланысты) жергілікті басшылықтың, жергілікті Азаматтық қорғаныс (АҚ) басшылығының және оның ТЖ жөніндегі комиссиясының өз күші мен қаражаты жеткілікті болады. Кей жағдайларда ТЖМин-гінің бөлімшелерінің немесе АҚ әскери бөлімдерінің көмегіне мұқтаждық болуы мүмкін.
Ұлттық — 1 елдің өз ішіндегі бірнеше аудан немесе облыстарды қамтитын, бірақ мемлекет шекарасынан тысқары шықпайтын ТЖ. Салдарын жою үшін елдің жеке күш-қаражаты жұмсалады, шет елдер көмегінің қажеттілігі де жиі ұшырасады.
Өңірлік — бірнеше облыстың, республиканың, ірі аймақтың территориясын қамтуы мүмкін ТЖ. Салдарын жоюға ТЖМин-гінің өңірлік орталықтары немесе үкіметтің арнайы құрған оперативтік топтары атсалысады. Құтқару немесе басқа да шұғыл жұмыстармен АҚ барлық құрылымдары, ТЖМин-гінің бөлімшелері, Ішкі Істер Мин-гі және Қорғаныс министрлігі де жұмылдырылады.
Жаһандық — таралу аймағы да салдары да орасан зор, яғни, бірнеше республикалар мен өлкелерді қамтитын ТЖ. Сол себепті құтқару жұмыстарымен айналысу АҚ барлық құрылымдары, ТЖМин-гінің бөлімшелері, Ішкі Істер Мин-гі және Қорғаныс министрлігінің мойнына жүктеледі, әрі үкіметпен арнайы құрылған комиссия, және АҚ басшысы – Премьер-Министрдің өзі тікелей бақылауында ұстайды.
Пайда болу себебіне қарай — алдын-ала жоспарланған және аяқ асты пайда болған (стихиялық);
Даму (өршу) жылдамдығына (қарқынына) қарай — шұғыл түрде, кенет, күтпеген жерден пайда болатын, өткінші, жайлап өршитін
Болдырмау (алдын-алу) мүмкіндігіне қарай - шарасыз (болмай қалмайтын) - табиғи, алдын-алуға болатын (техногендік, әлеуметтік), антропогендік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет