7
3) Гигрофиттер (грек тілінен аударғанда һydros- ылғалды) - ылғалдығы жоғары
жағдайларда өсуге бейімделген құрылық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда
(папоротниктер) , батпақтарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағаларында өседі.
4) Мезофиттер (грек тілінен аударғанда mesos- орташа, аралық)- қоңыржай, орташа
ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген
орманның
шөптесін
өсімдіктері,
жалпақ
жапырақтарты
ағаштар,
көптеген
ауылшаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
5) Ксерофиттер (грек тілінен аударғанда xeros– құрғақ) - құрғақ жерлерде өсетін
өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді. Суккуленттер, слерофиттер.
а) суккуленттер (латын тілінен аударғанда succulentus- шырынды)- ұлпаларында
суды көп мөлшерде сақтауға қабілетгі өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава).
ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros- құрғақ. қатты) - құрғақшылыққа
төзімді, су булануын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер
(сексеуіл,жантақ, боз селеу).
Құрлық жануарларын ылғалға қатысты төмендегідей топтарға бөледі:
1 Гидрофилдер - ылғал сүргіш жануарлар (маса, құрлықтың былқылдақденелілері
мен амфибиялар).
2 Мезофилдер - орташа ылғалдылық жағдайында тіршілік ететін жануарлар
(көптеген бунақденелілер, құстар, сүтқоректілер).
3 Ксерофилдер - жоғары ылғалдылық жағдайында тіршілік ете алмайтын,
құрғақшылықты сүйетін жануарлар (түйе, шөлдің кемірушілері мен бауырымен
жорғалаушылары).
Достарыңызбен бөлісу: