Су тасқыны кезінде
Адамдарды,малдарды, жеке мүліктерді және материялдқық бағалы заттарды құтқарып қалу үшін қоғамдық меншіктегі, сондай-ақ жеке адамдардың да меншігіндегі суда жүзу құралдары –теплоходтар, баржалар /суйретпе қайықтар/ катерлер, баркастар/ көп есікті қайықтар/, паромдар, моторлы қайықтар мен желқайықтар т.б. да құралдар түгелдей пайдалануы тиіс. Егер онда жүзу құралдары дер кезінде табыла қоймаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда ең қарапайым жүзу құралдарын әртүрлі салдар жасау керек. Сал жасау үшін тақтайларды, бөренелерді, автомобиль камераларын, бос бөлшектерді, билондарды, местерді, қамыс пен құрғақ бұталардың буындыларын пайдалануға болады.Әртүрлі мүліктер мен дүниелерді, материялдық бағалы заттардығ сондай-ақ малдарды тасу үшін жуан бөренедерден, сығаулардан сал жасау қажет, қайықтарды пайдаланып, олардың үстіне тақтайларды, бөренелерді, сырғауларды төсеп, шегелеп, байлап, тастауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |