Тақырып 14 Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығы Объектінің (шаруащылық объектілерінің) төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығы дегеніміз – олардың аварийялар мен катастрофалардың алдын-алуға, төтенше жағдайлардың зақымдаушы факторларына қарсы тұруға, зақымданған элементтерін қысқа уақыт ішінде қайта қалпына келтіру қаблеттілігі.
Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын арттыру дегеніміз – тұрғындардың денсаулығына, өміріне төнетін қауіптіліктерді, материалдық құндылықтардың шығындарын азайтатын комплексті шаралар.
Шаруашылық объектілерінің тұрақтылығын арттыру күні бұрын орындалатын ұйымдастыру, инженерлік-техникалық және арнаулы шаралар арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады.
Тұрақтылықты арттыратын шараларды анықтау үшін тұрақтылыққа әсер ететін факторларға талдау жасау қажет. Ол үшін объектілерді төтенше жағдайларға әкелетін барлық мүмкін болатын жағдайларды қарастыру қажет. Бұл жағдайлардщы аумақтық аудандық және объектілік масштабта қарастырған дұрыс болады.