«Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша


Төтенше жағдайлар жөнінде негізгі түсініктер



бет23/81
Дата02.03.2022
өлшемі224,43 Kb.
#133896
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері-1
Базиева.Е Сро 8 тарих, Базиева.Е Сро 8 тарих, 1514444019
Төтенше жағдайлар жөнінде негізгі түсініктер:
Төтенше жағдайлар – аппаттардың, қауіпті табиғи құбылыстардың, катастрофалардың, күтпеген немесе басқа да аппаттардың нәтижесінде туындаған және адамдардың қаза болуына әкеліп соғатын немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, өмір-тіршілік әрекетіне, қоршаған табиғи ортаға және шаруашылық объектілерге нұсқан келтіретін немесе келтіруі мүмкін, айтарлықтай дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзатын немесе бұзылуы мүмкін белгілі бір аймақтағы жағдайлар.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар – дүлей зілзала (жер сілкінісі,сел, көшкін, су тасқыны және басқалары), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын тудыратын ТЖ.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар - өнеркәсіп, көлік авариялары және дасқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиобелсенді және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрлыстарындағы авария туғызатын ТЖ
Төтенше жағдайлар аймағы – төтенше жағдай туындаған белгілі бір аумақ
Төтенше жағдайларды жою – төтенше жағдай пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарымен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар.
Төтенше жағдайлардың алдын алу – алдын-ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені.
Авария – машинаның, станоктың, қондырғының, энергиямен қамтамасыз ету жүйелерінің, жабдықтың, транспорт көлігінің, ғимараттың істен шығып , бұзылуы.
Апат (катастрофа) – адам шығындары бар, қайғылы нәтижелі үлкен авария.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет