Жеке басты қорғау құралдары. Тұрғындарды және құрылымдардың жеке құрамын қорғау үшін жеке басты қорғау құралддарының да атқаратын маңызы зор.
Жеке басты қорғау құралдары адам ағзасын, тері қабаттарынжәне киімдерді радиоактивті, улы және бактериялық заттардан қорғайды. Олар дем алу органдарын және тері қабаттарын қорғайтын болып бөлінеді.
1 Дем алу органдарын қорғайтын құралдар: сүзгіш және бөлгіш противогаздар, респираторлар, шаңға қарсы тканьды маскалар (противопыльные тканевые маски- ПТМ) және мақталы – марлылы байлағыштар.
2 Тері қабаттарын қорғайтын құралдар:
Арнайы қорғайтын бөлгіш киімдер, қорғағыш, сүзгіш киімдер және тұрғындарды қорғауға икемделген киімдер.
Қорғау принциптері бойынша жеке басты қорғау құралдары сүзгіш және бөлгіш болып бөлінеді.
1 Сүзгіш ауа зиянды заттардан сүзіледі.
2 Бөлгіш адам ағзасы қоршаған ортадан материалдар арқылы бөлінеді (өткізбейді)
Дайындау тәсілдері бойынша:
1 Өнеркәсіпте дайындалған
2 қарапайым тұрғындардың қолда бар материалдарынан дайындалған