Төтенше жағдай туындаған аймақта кешенді түрде барлау жүргізу Барлаудың мақсаты – дұрыс шешімдер қабылдау үшін төтенше жағдай жөнінде уақытында мәліметтер алу(стихиялық апаттар , ірі аварийялар және катастрофалар аймағында)
Барлау жалпы және арнаулы болып екіге бөлінеді
Жалпы барлау ТЖ туындаған аймақ жөнінде тез мәліметтер алу үшін жүргізіледі.
Арнаулы барлау химиялық радиациялық, бактерелогиялық жағдайлар жөнінде толық мәліметтер алу үшін зақымданған орындарда жүргізіледі.
Зақымдану аймағында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу
Залалсыздандыру дегеніміз – зақымданған беттерде дезактивация, дегазация, дезинфекция жұмыстарын жүргізу.
Дезактивация дегеніміз – транспортттарды, ғимараттар мен құрлыстарды, киімдерді, жеке қорғау құралдарын, суларды, зақымданған беттерді радиоактивті заттардан залалсыздандыру.
Дезгазация дегеніміз – үландырғыш заттарды зиянсыз заттарға дейіе ыдырату немесе оның мөлшерін рұқсат етілген шегіне дейін төмнедету
Дезинфекция дегеніміз – жұқпалы аурулар тудыратын қоздырғыштарды құрту, жою.