Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз



Дата25.12.2023
өлшемі22,28 Kb.
#199083
Байланысты:
11кл қт БЖБ 2-тоқсан


Білім алушының аты жөні: _______________________________________
Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі-түсті металлургия, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан, магний өндірісі, қара металлургия, сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика территориясында климаттық антропогендік өзгерістер бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде алдыңғылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі – өнеркәсіп орындары мен ведомставаларға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастақтықты тек қана экономикалық жағынан мүдделі субъект тоқтата алады. Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі – ғылыми техникалық прогресс.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық тұрғыдан қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет технологиясына көшіру бағыты дұрыс деп есептеледі. Әлемнің ірі-ірі қалаларында ауаны ластаудың 2/3 бөлігі автомобиль транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі он бүлдірушінің ішінде, БҰҰ-ның кестесі бойынша, автомобильден бөлінетін көміртегі екінші орында тұр.
1)Мәтінге тақырып қойыңыз. Мәтінде көтерілген меселені анықтаңыз.
__________________________________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2) Мәтіннен 3 тірек сөзді тауып жазыңыз.
______________________________________________________________________________________________________
3)Мәтіннің негізгі идеясын 1 сөйлеммен жазыңыз
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­4) Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырып, тақырыпқа қатысты пікіріңізді жазыңыз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5) Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап
1.«Қоршаған ортаны қорғау – заман талабы»
2.«Еліміздегі экологиялық жағдай» тұрақты тіркестерін қолданып, эссе жазыңыз
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Тапсырм а

Дескриптор

Балл







Білім алушы

Мәтінге тақырып қояды,мәтінде көтерілген мәселені анықтайды

1



Мәтінге тақырып қояды, мәтінде көтерілген мәселені анықтайды

1



Мәтіннен тірек сөзді тауып жазады



2



Мәтіннен 3 тірек сөздерді жазады:
1-тірек сөз
2-тірек сөз
3-тірек сөз

1
1
1



Мәтіннің негізгі идеясын анықтайды

3

Мәтіннің негізгі идеясын анықтап, 1 сөйлеммен жазады

1

Сұрақтар құрастыра алады

4

Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырады
Тақырыпқа қатысты пікір білдіреді

2
1

Эссе құрылмын сақтайды, мәселенің шешу жолдарын ұсынады

5

Мағынасын ашады;
Аргументтер келтіреді;
Эссе құрылымын сақтайды;
Тұрақты тіркестерді қолданады

1
1
1
1

Барлығы





12

Білім алушы ____________________________________________________________________


2-тоқсан Экология: ядролық және мұнай өндірістері. Шешендік сөздер бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма. Төменде берілген тест тапсырмаларын шешіңіз
1.Сөйлемнің стилін ажыратыңдар. Өзендердің нитраттармен, фосфаттармен ластануы артуда.
A. Көркем әдебиет стилі
B. Ресми ісқағаздар стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Ғылыми стиль E. Ауызекі сөйлеу стилі
2. Айтыс дегеніміз не?
А. Сөзталас
B. Пікірталастың өнер деңгейіне көтерілген ерекше түрі
C. Ойталқы
D. Жер дауы E. Шешендік сөз
3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар. Суды ысырапсыз пайдаланудың нәтижесінде Арал теңізінің ... төмендеп, ... 30–200 км-ге дейін қусырылды.
A. Деңгейі, су айдыны B. Биіктігі, кеңдігі C. Көлемі, ені D. Суы, қамысы E. Тереңдігі, жалпақтығы
4. Шешендік сөзге қойылатын талаптар:
А. Шытырман оқиғаға құрылуы
B. Өз пікірінің дұрыстығына көз жеткізуді мақсат етуі
C. Мәнді, мағыналы, мазмұнды болуы; ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға, суырыпсалмалыққа құрылуы
D. Қарсыластың кемшілігін таба білу
E. Психологиялық дайындық
5. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі:
A. Жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені зерттеп, қо­рытып, өз ойын еркін жеткізе алуы
B. Нақты сөзге дайындық
C. Бірнеше адамның жиынтық ойы
D. Терең ойлау
E. Жұмыстың қысқаша мазмұны мен өзектілігін, артықшылығын
6.Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңдар.
A. Арал теңізі Қазақстанның інжу-маржаны.
B. Қойнауы бағалы балықтарға бай, жағасы қамысты теңіз еді.
C. 1960-жылдардан бастап Арал теңізін игеру қолға алынды.
D. Халық санының, өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты.
E. Апатқа ұшырағанға дейінгі тұздылығы – 10–12‰ болған.
7. Ахмет Байтұрсынұлының сынға берген анықтамасы:
A. Адам ісінен шыққан нәрсені тексеріп, баға беру
B. Шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап
C. Бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата
D. Күнделікті дайындық
E. Тезис
8. Жұрт алдында сөйлеудің дайындық жолдары:
A. Тыңдаушылармен жиі сұхбаттасу
B. Шығармашылығын дамыту
C. Жиналыс, конференция, съездерге көп қатысу
D. Өз бетінше дайындық
E. Психологиялық дайындық, нақты сөзге дайындық, күнделікті дайындық
9. Төле бидің нақыл сөзін табыңдар.
A. Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын.
B. Ақыл деген – дария, Алдын тоссаң, тоқырар.
C. Сөз анасы – құлақ, Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ.
D. Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса?
E. Өсиетке терең бол, Өсек сөзге керең бол!
10. Сөйлемнің берілу формасын анықтаңдар.
Еркіндігіңе қамыт түссе, елдігіңнен не қайыр?
A. Мақал B. Мәтел C. Нақыл сөз D. Проблемалық сұрақ E. Сілтеме

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет