Экологиялық дағдарыс – қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарда қарама-қайшылықтың күрт шиеленісуі. Экологиялық дағдарысты қазіргі заманның ғылыми мәселелерінің бірі.Экологиялық дағдарыс 20 ғасырдың 2-жартысынан бастап күшейе түскен шектен тыс антропогендік ықпалдың салдарынан жаратылыста табиғи үдерістердің бұзылуынан (ғылыми-технология революцияның болжап білуге болмайтын зардаптары, энергияны тұтынудың көбейе түсуі, қазба отынды жағу, демографиялық дүмпу, қарулы қақтығыстар) пайда болды.
«Экологиялық дағдарыс» ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың 70-жылдарында сол уақытта өндірістік күштердің өсуі мен қоршаған ортаны қорғаудың арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуін бастан өткеріп жатқан дамыған капиталистік елдерде қолданыла бастады.
Экологиялық надандық – адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының заңдарын меңгеруге талапсыздық. Экологиялық нигилизм – бұл заңдарды басшылыққа алуға талпынбау, аталмыш заңдарды елемеушілік Осы фактордың екеуі де қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.