Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын факторлардың бірі – температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. өсімдіктер денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттеуінің анатомо-морфологиялық және физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған.
Қолайсыз температуралардың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған өсімдіктердің физиологиялық бейімдеушіліктеріне төмендегі мысалдарды келтіруге болады: буланудың интенсивтілігі – транспирация (латын тілінен аударғанда trans - арқылы, spiro - тыныс алу, шығару), плазманың ұю температурасын өзгертетін жасушадағы тұздардың жиналуы, хлорофиллдің күн сәулелерінің енуіне қарсылық қасиеті.
Бергман ережесі (1847 ж) бойынша түрдің немесе біртекті жақын түрлердің тобында дене мөлшері ірі, жылықанды жануар анағұрлым салқын аудандарда таралған.
Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, балдырлардың денесіні 96-98 пайызын, шөптесін өсімдіктердің жапырағының 83-86 пайызын, мүктер мен қыналардың - 5-7 пайызын, былқылдақденелердің 80-92 пайызын, бунақденелердің - 46-92 пайызын, қосмекенділердің – 93 пайызын, сүтқоректілердің – 68-83 пайызын су құрайды. Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің әр түрлі даму кезеңдерінде суға деген қажеттілігі әр түрлі болады. Ал ауа райына, топырақ типіне байланысты. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі.
Қорытынды Организмдердің түрлік деңдейдегі бейімделулері де ерекше. Түр деңгейінде бейімделу организмдердің ареалдар шегінде климаттық, сыртқы ортаның физикалық және химиялық қасиеттерінің әр алуандылығы, әдетте түрлердің географиялық өзгергіштігінің пайда болуына әкеліп соғады. Абиотикалық факторлардың өзгеруіне түрлердің бейімделуінің негізгі жолы – бейімделу эволюциясы. Ал, экологиялық факторлар – географиялық таралуды анықтаушы шарттар, яғни ареалдың алмасуына, пішініне және көлеміне ықпал етеді. Бұл көрсеткіштер бір мезгілде бірнеше факторға тәуелді болады. Бұл көрсеткіштер бір мезгілде бірнеше факторға тәуелді болады. Құрлықта тіршілік ететін түрлер үшін, әсіресе, ауа температурасы ерекше роль атқарады. Табиғатта факторлардың қайсысы болмасын тұрақты емес. Қай фактордың мәні түр төзімділігі шектерінен жиірек шығып кетіп тұрса, сол фактордың ауытқу эффектісі көбірек болады. Пайдаланылған әдебиеттер А.К.Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Алматы «Ғылым» 1998.
Г.С. Оспанова. Г.Т.Бозшатаева. Экология. Алматы «Экономика», 2002
Ә.Бейсенова. А.А.Самақова. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.