Экологияны және биологияны оқыту әдістемесі


Өзін-өзі тексеру тапсырмасы



Pdf көрінісі
бет10/29
Дата24.01.2022
өлшемі187,38 Kb.
#113967
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29
Өзін-өзі тексеру тапсырмасы:

1.

И.В. Вернадский қағидалары, олардың экологиялық ұғымдар даму жүйесінде атқаратын ролі. 



2.

Молекулалық-генетикалық деңгейді қарастырудағы экологиялық құбылыстар. 

3.

Тірі   табиғаттың   популяциялық   деңгейде   ұйымдасуы-экологияның,   генетиканың   және   эволюциялық   ілімді



түсіндіру.

Әдебиеттер: 1-4

Тақырып 4. 

Экология негіздерін оқытудағы пәнаралық байланыс және оларды жүзеге асыру әдістемесі



Мақсаты:

 Экология негіздерін оқытудағы пәнаралық байланыс және оларды жүзеге асыру әдістемесі



Жоспар: 1. 

 Экологиялық білімнің пәнаралық және интегралды сипаттамасы.

2. Экологияны оқытуда оқушылардың химия, физика, математика және басқа да пәндерден алған білімдерін пайдалануы.

3. Күрделі динамикалық жүйені экологиялық жүйеге өңдеу әдістерінің ролі. 

4.  Экология сабақтарындағы  көрнекі құралдар.  Тапсырмалар  жүйесі, оқулықпен  жұмыс,  сараптау мен  өңдеуді  білуді

дамыту, есептеуді пайдалану, схема және график. Экологияны оқытуда проблемалық принциптерді іске асыру. Сабақты

ойын түрінде ұйымдастыру әдістері.

Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар бастауыш мектеп  пен педогогиканың

алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс

әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады.

Классикалық  педагогика   табиғат  туралы   ғылыми  білімдердің  мазмұны,   оларды  ашу  әдістері,  табиғатты  тану

процесінде   көзқарасты   қалыптастыру,   бастауыш   мектеп   оқушысын   табиғаттың   әсерімен   адамгершілік-эстетикалық

дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар

тұжырымдалған.   Табиғаттың   әсерімен   балада   гуманистік   сезімдерді   бекітудің   педагогикалық   құндылығын   ұлы

педагогтар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг ерекше атап көрсеткен /5, 6, 7/.

Табиғатты   және   онымен   қарым-қатынасты   тек   сөз   жүзінде   тар   практицизм   мен   утилитаризм   шеңберінде

зерттеуге   қарсы   орыс   ағартушылары:   В.Г.Белинский,   А.И.Герцен,   Н.А.Добролюбов,   Д.И.Писарев,   Н.Г.Чернышевский

қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке

адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап

көрсетті.

Ұлы   орыс  педагогы   К.Д.Ушинский   баланың  табиғатпен   ара   қатынасын   кеңейтіп,  табиғаттың  тәрбиелеушілік

әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді. 

Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат  пен қоғамның біртұтастығы туралы,  олардың  тарихи өзара

байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған.

Қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің көпжақтылығы экологиялық білімнің комплекстілігін анықтайды. Жалпы

әдістемелік   және   теориялық   қағидалар   экологиялық   білім   берудің   төменгі   принциптерін   бөліп   көрсетуге   мүмкіндік

береді:

1)

Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық тұрғыдан қарау, әр пәннің



жалпы экологиялық білім беру жүйесіндегі қызметін, пәнаралық байланыстарды анықтау мен оларды қамтамасыз етуді

талап   етеді.   Экологиялық   білім   берудегі   пәнаралық   байланыстарды   анықтау   әр   түрлі   оқу   пәндерінде   оқытылатын,

экологиялық білімдердің әр түрлі деңгейлеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің тиімді әдістері мен принциптерін,

заңдарын ашу әдістері мен олардың мазмұнының өзара үйлесімділігін қажет етеді. Сонымен қатар қандай да бір оқу




пәнінің мазмұнына кіретін идеялар мен ұғымдардың даму логикасын, экологикалық идеялар мен ұғымдарды тұжырымдау

мен тереңдетуге пайдалану керек.

2)

Кіші мектеп жасындағы оқушыларға экологиялық материалды оқытудың жүйелілігі мен үздіксіздігі.



Қоршаған орта мәселелері бойынша білім берудің мақсаты мен міндеттерін орындау мазмұн жүйесін, оқу-тәрбие

процесінің   әдістерімен   ұйымдастыру   түрлерін   жасауды   талап   етеді.   Осы   тұрғыдан   қарау   кіші   мектеп   жасындағы

оқушылардың экологиялық білімдерінде ақтаңдақтарды болдырмауға экологиялық өзара қарым-қатынастардың әр алуан

түрлерінің   белгілі   бір   уақыттың   және   кеңістік   шекараларында   бірқалыпты   оқытуға,   аталған   байланыстардың

биологиялық жүйелердің әр түрлі деңгейлеріндегі динамикасын оқушыға көрсету мүмкіндік береді. Жүйелеу принципі

экологиялық білім беруді алуан түрлі білім беру көздері мен ақпараттық құралдардың үйлесімділігінің негізінде құруды

талап етеді.

3)

Қоршаған   табиғи   ортаны   зерттеу   мен   сауықтыруға   бағытталған   оқушының   әрекетіндегі   интеллектуалды   және



сезімдік-қаржылық негіздердің бірлігі.

Экологиялық   білім   мен   тәрбие   берудің   бұл   принципі   табиғатпен   тікелей   қатынасы   есепке   ала   отырып

рационалды   танымды   көркемдік-образдық   таныммен   үйлестіруді   талап   етеді.   Бұл   принципті   бағаламау   не   таза

интеллектуализмге, не есепке негізделген практизмге әкелуі мүмкін.

Практикалық   қызметтегі,   рационалдық   пен   эмоционалдықтың   арасындағы   байланыс   динамикалық   және

көпжақты болып табылады. Егер оқушы тірі және өлі табиғаттағы объектілердің арасындағы заңды байланыстыра білсе,

экологиялық жүйелердегі үйлесімдіктің әсемдігін сезіне білсе, онда оның әрекеті де табиғатты сақтау, оны бұзылудан

қорғауға бағытталады.

4)

Оқу процесінде экологиялық мәселелердің ғаламдық, ұлттық және өлкетану байланыстарының ашылуы.



Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында ортаны

қорғауда   жергілікті   (өлкетану),   аймақтық,   ұлттық   және   ғаламдық   байланыстар   мәселелерінің   ашылып   көрсетілуіне

ерекше назар аударылған. Бұл дегеніміз, мысалы, белгілі бір жердегі адамның табиғатқа әсерінің нақты фактісі, оң және

теріс   болса   да,   осы   әсердің   нәтижелерін   бағалау   жалпы   мемлекеттік   тұрғыдан   бірлікте   қарастырылады.   Нәтижеде

оқушылардың   көзқарасының   жүйесінде   қоршаған   орта   мәселелерінің   мемлекеттік   шекарасы   болмайтындығы   және

қандай-да   бір   әкімшілік   –   территориялық   бөлуге   келмейтіндігі   себепті   ғаламдық   сипат   алатыны   туралы   ұғым

қалыптасады. Сондықтан қоршаған ортаның көптеген мәселелерін тек халықаралық бірлескен іс-әрекеттер жолымен ғана

тиімді шешуге болады /4/.

Экологиялық білім беру принциптері мектептердің практикасында төменгі міндеттерді шешу жолымен жүзеге

асырылады:

1)

Адамның табиғатқа әсерінің оның заңдарына сәйкестігін анықтайтын ілімдер, негізгі ұғымдар мен фактілер



туралы білімдерді меңгеру;

2)

Қоғам мен әрбір адамның материалдық және рухани күшінің көзі ретінде табиғаттың көпжақты бағалылығын



түсіну:

3)

Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудағы қолданбалы білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеру. Оның



жағдайын жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білу, өзінің іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарын болжау және еңбек

қызметінде табиғатқа теріс әсерлерді болдырмау:

4)

Табиғат   пен   қарым-қатынасқа   деген   қажеттілікті   дамыту,   дүниені   тануды   адамгершілік   –   эстетикалық



сезімдермен бірлікте қарастыруға талпыну;

5)

Табиғатта өзін ұстау ережелерін саналы түрде сақтау арқылы табиғатқа зиян келтірмеу, ластамау не қоршаған



ортаны бұзбау;

6)

 Қоршаған табиғи және өзгертілген ортаны сауықтыруға бағытталған іс-әрекетті активтендіру, қазіргі заманғы



табиғат қорғау идеяларын насихаттауға қатысу.

ҚР экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында тұжырымдалған мақсат, принцип пен

міндеттер оқушыларға білім мен тәрбие беру процесімен байланысты процестерді ұйымдастыру, формаларын, мазмұнын,

әдістерін, құралдарын жасауда маңызды рөл атқарады /4/.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет