«Кездейсоқ-бақылау» зерттеулер. «Кездейсоқ-бақылау» зерттеулерінде науқастар тобы (кездейсоқ) және сау адамдар (бақыланушы) тобы зерттеледі. Аталған бақыланатын топтарда алдында болған болжанған патологиялық әсер жиілігі салыстырылады. Бұл зерттеулерді жүргізу кезінде сәйкесті бақылау тобымен салыстырмалы топты дұрыс таңдау шешуші роль атқарады, өйткені, ол зерттеушілерге қауіп факторының аясындағы әсері туралы түсінік береді. «Кездейсоқ-бақылау» зерттеулері үшін сыналатындар зерттеушінің көздеген ауру белгілерінің бар жоғына байланысты таңдалады. Бұл жағдайда «кездейсоқ» топтың қандай аурулардан құралатындығына байланысты (мысалы, емханада бақыланатын аурулар; ауданның немесе қаланың барлық аурулары) «бақылау» тобы құрастырылатындығын ескерген жөн. Бұл әдісте эквивалентті бақылау тобын таңдау қиынға түседі.