Экономика Факультеті «Туризм»



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі2,26 Mb.
#90595
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жадигеров Бауржан (1) (1)

КІРІСПЕ




Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі, туристік ұйымдардың басты мақсаты пайдалы және ұзақ мерзімді бизнес жүргізу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін ұйымдар сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын және осылайша бизнестің өсуін қамтамасыз ететін өнімді немесе қызметті жасауы керек. Туристік өнімді жоспарлау пайдалы және ұзақ мерзімді бизнесті дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Туристік өнімді жоспарлаудың негізгі компоненті туристік өнімнің өзіндік құнын есептеу болып табылады. Туристік фирмалардың іс-әрекет, қызметтерінде қаржылық жоспарлау маңызды роль атқарады. Мұндай жоспарлау процесінде әрбір турфирма өзінің қаржылық жағдайын жан-жақты анықтайды, қаржылық ресурстардың көбею мүмкіндігін және олардың тиімді пайдаланылу бағдарын анықтайды. Қаржылық жоспарлау туристік ұйымдардың қаржысы туралы ақпараттарды талдау негізінде жүзеге асырылады. Ол ақпараттар бухгалтерлік, статистикалық, басқару есептерінен алынады. Туристік ұйымдардың Қаржылық жоспарлануы оперативті және стратегиялық болып бөлінеді.
Оперативті қаржылық жоспарлау екі бөліктен тұрады. бірінші бөлімінде алдыңғы жылдың қаржылық көрсеткіштері талданады. Бұл үшін туристік кәсіпорындардың негізгі қаржылық құжаттары пайдаланылады. Олар: жылдық баланс, шығындар мен кірістер туралы есеп, ақша құралдарының қозғалысы т.б. жатады. Екінші бөлігінде сату көлемі, ақша құралдарының қозғалысы, шығыстар мен кірістер талдамасы, баланс болжамдары сияқты негізгі болжамдық құжаттарды жасауды қамтиды. Сату көлемін болжау арқылы туристік өнімнің сату бағасына, инфляция шамасына, ақша құралдарының ағымына әсерін анықтайды[1].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет