«Экономика және басқару» институтының директоры



бет7/9
Дата31.01.2018
өлшемі1,21 Mb.
#36555
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв функциясын орындайтын басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет валюталар бағамын реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланылатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валюталарының ерекше категориясы.

Халықаралық есептік ақша бірлігі – валюталық париет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта халықаралық экономикалық қатынастарға қызмет ету үшін қажетті дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (еуропа валюта бірлігі) қызмет етеді. Бұл халықаралық активтер қолма-қолсыз халықаралық есеп айырысуларда елдердің арнайы шоттарына жазбаша жазу жолдарымен: СДР – халықаралық валюталық қорда, ЭКЮ –еуропалық қауымдастыққа ынтымақтастық валюталық Еуропалық қорында пайдаланылады.

Валюталық «қоржын» 1973 жылы наурыз айынан бастап өзгермелі бағам режимін енгізумен байланысты банктерді және халықаралық валюталық-несиелік ұйымдарда қолданылады. Осы топтағы валюталар саны, олардың құрамы және валюталық компоненттердің мөлшері орташа өлшемді бағам мақстына байланысты белгіленеді.

Елдің экономикалық және валюталық бағамына байланысты анықталатын валюталардың конверсиялау дәрежесі валюталық жүйенің келесі бір элементін сипаттайды. Басқа да ұлттық валютаға еркін айырбасталатын ақша бірлігі ретінде еркін конверсияланатын валюталар болады.

Валюталық паритет – бұл валюталық бағамның негізі болып табылады және заңды түрде бекітілген екі валютар арасындағы шекті қатынасты білдіреді.ХВҚ Жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Халықаралық ақшалалй талаптар мен міндеттерді мемлекеттік реттеумен байланысты бейнеленген және жекелеген елдердің немесе барлық елдердің төлем қабылетін сипаттайтын – халықаралық өтімділік валюталық жүйенің элементі болып табылады. Халықаралық валюталық өтімділіктің құрылымына шетел валютасы, алтын, халықаралық валюталық қатынастардағы резервтік позиция, СДР және ЭКЮ-дағ шоттар кіреді.

Аймақтық валюталық жүйе – валюталық бағамның айуытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құықтық ұйымдастыру формаларының және экономикалық интеграция шегінде валюталардың қызмет етуімен байланысты қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

Валюталық жүйенің даму кезеңдері өнідірістің, дүниежүзілік нарықтың, халықаралық еңбек бөлінісінің, дүниежүзілік шаруашылықтың дамуымен байланысты.

Бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе өнеркәсіптік революциядан кейін алтын монометалилизмі базасында алтын монета стантартты формаларында қалыптасты.

Екінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1922 жылы Геуя конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. Ол кезде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға тіркелмеді, фунт стерлинг пен АҚШ доллары жетекшілік танытты.

Үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе 1944 жылы Бреттон-Вудстағы валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Бреттон-Вудс келісімі бойынша алтынды пайдаланудың төрт негізгі формалары қарастырылды: валютаның алтындық паритеті және олардың халықаралық валюталық қорда есепке алынуы, халықаралық есеп айрырысудың қалдығын жабатын ақырғы құрал және халықаралық валюта өтімділігінің компоненті.

Еуропалық қауымдастық елдері 1979 жылы наурызда валюталар бағамын тұрақтандыру және инфляция деңгейін қысқарту жолымен Еуропадағы экономиканың өсуін қолдау мақсатында Еуропалық валюталық жүйсін құрды. Бұл жүйе ЕВЖ мүше елдердің валюталық бағамының айырмасын бағаға арналған ЭКЮ еуропа бірлігіне негізделді.

4 дәріс



Тақырып: Валюта бағамы және оның экономикадағы ролі

1. Валюта бағамы және оның ролі

2. Валюта бағамын реттеудің әдістері

2. Валюта бағамының түрлері


1. Халықаралық экономикалық операцияларды жүргізу үшін ұлттық валютаны халықаралық төлем өлшеміне айырбастау қажет. Айырбстау процесі белгілі бір арақатынаспен жүргізіледі. Әр түрлі мемлекеттердің ақша өлшемдерінің арақатынасы, яғни басқа елдің (немесе халықаралық ақша өлшемінде) ақша өлшемімен көрсетілген бір елдің ақша өлшемінің бағасы валюта бағамы деп аталады.

Валюта бағамы халықаралық валюталық, есеп айырысу, несие-қаржылық операцияларды жүргізу үшін қажет. Мысалы, экспортшы (шығарушы) шетел валютасымен түскен түсімді ұлттық валютаға айырбастайды, себебі басқа елдің валютасы бұл мемлекеттің жерінде күнбе-күнгі жағдайда ақша қаражаты ретінде айналысқа түсетін құқы жоқ. Ал импортшы (әкелуші) шетелден сатып алған тауарларға төлеу үшін шетел валютасын сатып алады.

Валюта бағамы қайта есептеу коэффициенті емес, ол шетел валютасымен немесе халықаралық валюталық өлшемдермен (СДР, ЭКЮ) көрсетілген осы мемлекеттің акқша өлшемінің «бағасы». Валюта бағамы валююта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы күнбе-күнгі айналым процесінде валюталарды салыстыру барысында қалыптасады.

Валюта бағамын қалыптастырудың негізі не ? Тауардың бағасы оның құны (шығыны) негізінде құрылатыны сияқты, ақша өлшемінің бағасы оның сатып алу мүмкіндігінің негізінде қалыптасады.

Валюта бағамының қалыптасуы – көп факторлы процесс. Валютаға сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін факторлар мыналар:


  • инфляция қарқыны;

  • процент мөлшерінің деңгейі;

  • бағалы қағаздардың табыстылық деңгейі;

  • төлем балансының жағдайы.

Бұл факторлар елдің экономикалық жағдайын білдіретін факторлар. Мысалы, егер басқа факторлар кері әсер етпесе, басқа елдермен салыстырғанда елдегі инфляцияның қарқыны жоғары болған сайын, оның валютасының бағамы солғұрлым төмен болады. Елдегі ақшаның инфляциялық құнсыздануы оның сатып алу мүмкіндіктерін төмендетіп және валюта бағамының құлдырау тенденциясын тудырады.

Мемлекеттік активтік төлем балансында оның валютасына шетел борышқорларының сұранысы артады, сол кезде оның бағамы көтерілуі мүмкін.

Егер басқа мемлекттерге қарағанда елде процент мөлшері жоғары болса, онда ол шетел капиталының құйылуына, валютаға сұраныстың көтерілуіне, оның бағамының жоғарлауына әсер етуі мүмкін. Мысалы, 80-жылдардың алғашқы жартысында АҚШ жоғары прценттік мөлшер саясаты (басқа да факторлармен қатар) Батыс Еуропа мен Жапониядан 500 млрд долл. Астам мөлшерде инвестицияның құйылуына жағдай жасады. Қорытындысында доллардың бағамы көтерілді, ал осы факторлардың әсерінен инвесторлердің валютасының бағамы төмендеді (22; 266.).

Сонымен қатар валюта бағамына әртүрлі саяси, саудагерлік, психологиялық факторлар да әсер етуі мүмкін.

2. Әрбір мемлекет валюта бағамын реттеу әдістерінің әр түрін қолданады. Ол әдістердің негізгілері мыналар:


  • валюталық интервенция (орталық банктің ұлттық валютаға шетел валютасын сатып алып-сатуы);

  • орталық банктің ашық нарықтағы операциялары (бағалы қағаздарды сатып алып-сатуы);

  • орталық банктің проценттік мөлшер деңгейін және / немесе міндетті резервтер нормасын өзгертуі.

Валюта бағамын белгілеу, яғни валюталарды айырбастау пропорциясын (қатынасын) анықтауды валюталық котировка (баға белгілеу) деп атайды.

Валюта нарығында валюта бағасын белгілеудің екі әдісі бар: тікелей және жанама. Тікелей котировка деп шетел валютасының бағамын ұлттық валютамен көрсетуді айтады. Бұл әдіс көптеген мемлекеттерде қолданылады. Ал жанама котировка деген ұлттық валютаның бағамын шетел валютасының белгілі бір санының (мөлшері) көрсетуі. Жанама котировка әдісін Ұлыбритания, ал 1987 жылдан бастап бірен-саран АҚШ қолдануда.

Банкаралық валюта нарығының операцияларында ұлттық валюталарды АҚШ долларына қарап бағалау басымырақ, бұл доллардың халықаралық төлем және резервтік құрал ретіндегі ролімен түсіндірілді. Банктер сауда-өнеркәсіп клиенттеріне валюта бағамын белгілегенде әдетте кросс-курсті негіз етіп алады. Кросс-курс – ол екі валюта бағамдарының үшінші валютаға (әдетте АҚШ дорлларына) қатысты арақатысы. Мысалы, егер швейцария банкі швейцарлық франкінің ГФР маркасына қатысты бағамын анықтағысы келсе, онда оны марка мен франк бағамдарын долларға салыстырумен шығарып алады. Мысалы,

1,6790 ГФР маркасы = 1 АҚШ долл.

1,4940 швейс. фр. = 1 АҚШ долл, онда

1 ГФР маркасы = 1,4940 : 1,6790 = 0,8898 швейц. фр.

3. Банктер сатушы және сатып алушы бағамдарын белгілейді. Сатушы бағамы – ол банктің валютаны белгілеген бағаммен сатуға дайындығы, ал сатып алушы бағамы банктің валютаны сол бағамен сатып алуға дайын болуы. Тікелей котировка бойынша сатып алушы бағамынан сатушы бағамы әрдайым жоғары. Олардың арасындағы айырма банктің пайдасын құрайды.

Сондай-ақ ресми, банкаралық, биржалық валюта котировкалары болады. Ресми валюталық котировканы орталық банк жүргізеді. Ол есеп жүргізу мақсатында, кедендік төлемдерде, төлем балансын құрастырғанда қолданылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде валюталық операциялардың негізгі бөлігі биржадан тыс банкаралық валюта нарығында өтетіндіктен, бұл елдердің ішкі нарықтағы қолданатын негізгі бағамы банкаралық баға. Банкаралық котировканы ірі коммерциялық банктер белгілейді.

Валюта нарығында басқа қатысушылар банкаралық бағамға бейімделеді. Ол банк клиенттері үшін баға белгілеу негізі ретінде қолданылады. Биржалық бағам анықтама сипатында болады. Биржалық котировка валютаны сатып алу-сату үшін биржаға түскен арыздарды жүйелі түрде салыстыру негізінде құрастырылады. Жалпы валюта бағамының өзгеруі ел экономикасына екі жақты әсер етеді. Ұлттық валюта бағамының төмендеуі, әдетте, экспортшыға тиімді, себебі ол қымбаттаған шетел валютасымегн (мысалы, доллармен) түскен түсімді арзандаған ұлттық валютаға (егер 1 долларға теңгенің бағамы 20 теңгеден 25 теңгеге дейін төмендесе, онда 1 долларға келетін үстеме 5 теңгег тең) айырбастаған кезде экспорттық сыйақы (үстеме) алады. Демек, экспортшылар бағасы орташа әлемдік бағадан төмен тауарларды алып кетуді кеңейту жолымен өзіне түсетін пайданы ұлғайту үшін ұмтылады.

Бұл тұста импортшылар ұтылады, себебі валютаны келісім – шарт бағасымен сатып алу қымбатқа түседі (жоғарыдағы мысалда доллар 20 теңге емес 25 теңге тұрады). Ұлттық валютаның бағамы төмендегенде онымен көрсетілген іс-жүзіндегі қарыз төмендейді, бірақ сатып алу қымбатқа түсетін шетел валютасымен көрсетілетін сыртқы қарыз өседі.

Шетел ақша өлшемдерімен салыстырғандағы ұлттық валюта бағамының өсуі, негізінде, халықаралық экономикалық қатынастарға кері әсерін тигізеді. Валюта бағамының ауытқу салдары елдің валюта-экономикалық және экспорттық потенциалына, оның әлемдік шаруашылықтағы орнына байланысты болады.

5 дәріс



Тақырып: Валюталық реттеу

1. Валюта жүйесінің маңызды элементі ретіндегі – валюталық реттеу

2. Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері

3. Валюталық реттеу органдары


1. Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің саясатына жәрдемдесу болып табылады.

Валюталық реттеудің міндеттері:

Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгілеу;

Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан әрi кiрiгуi үшін жағдайлар жасау;

валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады.

2. Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.Қазақстан Республикасының Үкiметi және өзге де мемлекеттiк органдар валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Заңға сәйкес өз құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік құқықтық актiлер шығарады. Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелері жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі органы ретiнде:

Резиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;

резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн: V011561 лицензиялауды;тiркеудi; хабардар етудi;

Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық мониторингтi) жүзеге асыру тәртiбiн;

уәкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың құзыретiне сәйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу және есептілік нысандарын белгілейдi.

3. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметтің мынадай түрлерін:

  1) қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды және қызметтер көрсетуді;  

2)уәкiлеттi ұйымдардың шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруын лицензиялауға тиіс.

   Қолма-қол шетел валютасымен бөлшек сауданы жүзеге асыруды туралы қызметтi жүзеге асыруға лицензия өз қызметін бажсыз сауда дүкенінің кеден режимiнде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар жасайтын теңiз, iшкi cу, әуе, темiр жол және автомобиль көлiгiнде жүзеге асыратын тұлғаларға берiледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жоғарыда аталған қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша сауда нүктелерi мен айырбастау пункттерiн тiркеу (ашу) тәртiбiн белгiлейдi. Айырбастау пунктін тiркеу кезiнде белгiленген үлгідегi құжат - айырбастау пунктiнiң тiркеу куәлiгi берiледi. Уәкілеттi ұйымдар үшiн құрылтай құжаттарын келiсу тәртiбi, құрылтайшылардың құрамына, ұйымдастыру-құқықтық нысанына, жарғылық капиталдың мөлшерiне және қалыптасу тәртiбiне қойылатын талаптар, бөлiмшелер құру және басқа заңды тұлғаларға қатысу жөнiндегi шектеулер қосымша белгіленедi. Резиденттер лицензия алу үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген құжаттардан басқа, өтініш, жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін), резиденттiң шетел валютасы шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген шарттармен және тәртіппен тапсырады.Жоғарыда аталған қызметті жүзеге асыруға лицензиялар немесе лицензия беруден бас тарту резидент құжаттардың толық топтамасын табыс еткен күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде берiледi.Өтiнiш берушiге лицензия беруден бас тартылған кезде жазбаша нысанда дәлелдi жауап берiледi.

Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
     1) Валюталық реттеу туралы заңға сәйкес құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;
      2) өтiнiш берушiнiң Валюталық реттеу туралы Заңға сәйкес белгiленген талаптарға сай болмауы;

3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де негіздер.


 Жүзеге асыруға лицензия алынған қызмет бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
Тақырып: Валюталық операцияларды жүзеге асырудың тәртібі

1. Валюталық операцияларды лицензиялау

2. Валюталық операцияларды тіркеу

3. Валюталық операциялар туралы хабарлама

4. Лицензия мен тіркеу куәлігін алу үшін талап етілетін құжаттар

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі көзделген валюталық операцияларға лицензиялар бередi.Валюталық операцияларға қатысушы резидент шоты ашылғанға дейін немесе тараптардың бiрi шарт бойынша мiндеттемелердi орындауды бастағанға дейiн өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде лицензия алуға өтініш жасауға міндеттi. Резиденттер лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген құжаттардан басқа    өтініш, өтінiш берушінiң талаптарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар,валюталық шарт бойынша мiндеттемелердiң туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшiрмесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтік құқықтық актісiнде белгіленген шарттармен және тәртiппен ұсынады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынылған құжаттарда сілтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актiде:
      1) лицензиялануға тиiс валюталық операциялардың көлемдеріне қатысты талаптарды;
      2) лицензиялануға тиiс операцияларды резидент-клиенттің тапсырмасы бойынша оның мүддесiне және оның есебінен резидент еместің жүргiзуi көзделетiн, ол тiркелген мемлекеттiң заңнамасы бойынша бағалы қағаздар нарығындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар резидент пен резидент емес арасындағы мәміле шарттарына қатысты талаптарды;
      3) лицензиялануға тиiс операциялар бойынша уәкілетті банктердегі шоттар арқылы валюталық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндіктің жоқтығына негіздеме ұсынудың талаптарын белгілейдi.

Лицензия беруден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:

құжаттарды не өзге де ақпаратты ұсынбау;

жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сай келмеуі;

жүргiзiлетiн валюталық операцияның және (немесе) өтiнiш берушiнiң белгiленген талаптарға сай келмеуi;

) лицензиялануға тиiс валюталық операцияларға қатысты салықтық берешектiң, бюджет қаражатының, үкіметтік сыртқы қарыздардың есебінен берілген кредиттер бойынша және мемлекеттік кепілдіктерді орындауға байланысты туындаған талаптар бойынша мерзімі өткен берешектің болуы;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер.

Өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылған жағдайда, бас тарту себептері көрсетіле отырып, жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде лицензиялануға тиіс валюталық операциялардың ең аз сомасы, сондай-ақ берілген лицензияға сәйкес валюталық операция бойынша ақпарат ұсынудың нысандары мен тәртібі белгіленеді.



2. Валюталық операцияларды тіркеу

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюталық операцияларды тіркеуді жүзеге асырады. Тіркеу режимі валюталық шартты тіркеуді және тіркелген валюталық шарт бойынша резиденттің кейiннен мәлiметтер беруін қамтиды. Валюталық операцияға қатысушы резидент тараптардың бiрi валюталық шарт бойынша мiндеттемелерiн орындауды бастағанға дейiн күнтізбелік отыз күн ішiнде, шот бойынша операциялар жүргізіле басталғанға дейін тiркелуге өтiніш беруге мiндетті. Резиденттер валюталық операцияларды тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне өтініш, заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлғалаp үшiн), бiрегей сәйкестендiрілген код берiлгенiн растайтын, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистикасының уәкiлеттi органы берген құжаттың көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн), салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi, валюталық шарт бойынша мiндеттемелердiң туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшiрмесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген шарттармен және тәртiппен тапсырады.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi ұсынылған құжаттарда сiлтеме жасалған құжаттарды қосымша сұратуға құқылы. Резидент құжаттардың толық топтамасын тапсырған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде тіркеу жүзеге асырылады.Валюталық шартты тiркеген кезде өтiнiш берушiге белгiленген үлгiдегi құжат - тiркеу куәлігі беріледi.Тiркеуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:


      1) дұрыс емес ақпарат ұсыну не осы Заңға сәйкес көзделген ақпаратты ұсынбау;
      2) жүргiзiлетiн операцияның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуi.
      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң нормативтік құқықтық актiсiнде тiркелуге тиiс мәмiленiң ең аз сомасы және тіркеу тәртiбiнiң ерекше жағдайлары белгiленеді.

3. Валюталық операциялар туралы хабарлама

Хабарлама режимi валюталық операцияларға қатысушы резиденттердiң және (немесе) уәкiлетті банктердің, сондай-ақ клиенттердің тапсырмасы бойынша валюталық операцияларды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушылардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне валюталық шарт бойынша белгіленген нысанда ақпарат ұсынуын және жүргізілген операциялар мен валюталық шарттың өзгерiстерi туралы кейіннен ақпарат ұсынуын қамтиды.


      Валюталық операцияларға қатысушы резиденттер валюталық шарт жасалғаннан кейін, бiрақ ол бойынша мiндеттемелердi тараптардың бiрi орындауды бастаған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешiктірмей, ал шетелдiк банкте шот ашу кезiнде, резиденттер шетелдiк банкпен шарт жасасқан күннен бастап не шет елден оралған күннен бастап (жеке тұлғалар үшiн) күнтiзбелік отыз күннен кешiктiрмейтін мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне хабарлама жасайды. Егер хабарлама тәртiбi валюталық шартқа ол бойынша мiндеттеменi орындау процесiнде қолданылған болса - валюталық шарт бойынша жүзеге асырылатын валюталық операциялар хабарлама жасалуға тиiсті күннен бастап жетi жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық операцияға қатысушы резидентке одан валюталық шарт туралы ақпарат алған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде хабарлама туралы растау бередi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық операциялардың жасалу мән-жайларын нақтылау мақсатында соның негiзiнде валюталық операциялар жүзеге асырылатын валюталық шартты талап етуге құқылы.Уәкiлеттi банктер және (немесе) бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушылары хабарлама туралы растау болмаған жағдайда клиенттердiң валюталық операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінe хабарлай отырып жүргізеді.

4.  Лицензия мен тіркеу куәлігін алу үшін талап етілетін құжаттар

      Резиденттер валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыруы қойылатын талаптарға сәйкес, валюталық peттеу режимдерiнiң талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш;

2) тiгілiп, қол қойылып (жеке және заңды тұлғалар үшін) және мөр басылып (заңды тұлғалар үшiн) куәландырылған валюталық шарттың көшiрмесi;

3) жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi (валюталық операцияны жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін);

4) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi (заңды тұлғалаp үшiн);

5) құрылтай құжаттарының нотариатпен куәландырылған көшiрмесi (заңды тұлғалap үшiн); 

6) бiрегей сәйкестендiрілген код берiлгенiн растайтын, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистикасының уәкiлеттi органы берген құжаттың көшiрмесi (заңды тұлғалар үшiн);

7) салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

8) өтінiш берушінiң талаптарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген бiлiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар;

9) резиденттiң шетел валютасы шотының бар екендігі туралы банктің анықтамасы; 10) валюталық шарт бойынша мiндеттемелердiң туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттардың көшiрмесi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi танысу үшiн осы аталған құжаттардың түпнұсқаларын резиденттен сұратуға құқылы.


8 дәріс

Тақырып: Валюталық операцияларды жүзеге асырудың негiзгі принциптерi

1. Валюталық операциялардың жүзеге асырылуының негізгі принциптері

2. Резидент тұлғалармен жүзеге асырылатын валюталық операциялар

3. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар


1. Резиденттер арасындағы валюталық операцияларға тыйым салынады, оған мыналар кiрмейдi:

1) тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болатын операциялар;

2) өздеріне берiлген лицензияға және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттi банктер мен уәкілеттi ұйымдар жүзеге асыруға құқылы банктік операцияларға және өзге де операцияларға жатқызылатын валюталық құндылықтармен операциялар;

3) валюталық операциялар жүргізу жөнiндегі банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу, сондай-ақ шетел валютасымен банктiк қызмет көрсету көзделетін шарттар бойынша тұрақсыздық айыппұлын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) төлеу;

4) резиденттердiң шетел валютасымен шығарған бағалы қағаздарын және резидент еместердiң шығарған бағалы қағаздарын сатып алуға, сатуға, сыйақы төлеуге және (немесе) өтеуге байланысты операциялар;

5) аударым аккредитивтерiн ақы төлеу нысаны ретінде пайдаланған кезде экспортты (импортты) жүзеге асыруға байланысты комиссия шарттары бойынша ақша төлемдері мен аударымдары;

6) шетел валютасымен көрсетілген вексельдерді ақшалай міндеттемелерді орындау ретінде беру;

  7) бөлшек сауданы жүзеге асыруға әрі осы Заңда және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгіленген талаптарға сәйкес алынған қолма-қол шетел валютасымен қызмет көрсетуге лицензиясы бар резиденттермен есеп айырысу;

8) қызметкерлердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге iссапарларға жiберуге байланысты шығыстарды төлеу;

9) жеке тұлғалардың ақшаны өтеусiз аударуы немесе валюталық құндылықтарды жеке тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық қызметi қайырымдылық қызметiн жүзеге асыруға бағытталған заңды тұлғаларға өтеусiз беруi;

10) жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғалардың пайдасына банк салымдарын енгізуi;
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен көзделген жағдайларда салықтар және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдердi төлеуге байланысты операциялар.

2. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар

  Резиденттер Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тараптардың келiсiмi бойынша резидент еместермен ұлттық және (немесе) шетелдік валютамен мәмілелер жасасуға құқылы. Резиденттер резидент еместермен операциялар бойынша шетел валютасымен көрсетiлген вексельдер шығаруға құқылы.Резидент еместер салымдар (депозиттер), бағалы қағаздар, резиденттермен қарыз алу операциялары және «Валюталық реттеу» туралы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылған өзге де валюталық операциялар бойынша алынған дивидендтердi, сыйақы мен өзге де кiрiстердi шектеусiз алуға және аударуға құқылы. «Валюталық реттеу» туралы Заңда белгiленген валюталық реттеу режимдерi тараптардың бiрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi болып табылатын резидент еместермен жасалатын валюталық операцияларға қолданылмайды.

 Резидент еместер арасындағы валюталық  операциялар

Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместер арасындағы валюталық операциялар белгіленген талаптарды ескере отырып шектеусiз жүзеге асырылады.


     

3. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық  операциялар бойынша төлемдері және ақша  аударымдары

Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша төлемдерi және ақша аударымдары уәкiлеттi банктердегі шоттар арқылы жүзеге асырылады, оған мыналар кірмейдi:

Қазақстан Республикасының аумағындағы жеке тұлғалардың ұлттық валютамен төлемдерi және ақша аударымдары, сондай-ақ олардың пайдасына төлемдер мен ақша аударымдары;

бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қолма-қол шетел валютасымен қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар жеке тұлғалардың уәкiлеттi банктерде шот ашпай жүзеге асыратын ақша аударымдары;

бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қолма-қол шетел валютасымен қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар арасындағы төлемдер;

жеке тұлғалар мен уәкілетті банктердің немесе уәкілетті ұйымдардың арасындағы олардың айырбастау пункттері арқылы жүзеге асырылатын төлемдер;

резидент заңды тұлғалардың резидент емес қызметкерлерге, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың резидент және резидент емес қызметкерлерге шетел валютасымен жалақы төлеуі;

заңды тұлғалардың қызметкерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарларға жіберуге байланысты шығыстарды шетел валютасымен төлеуі;

өз қызметін Қазақстан Республикасының кеден аумағында әуежайларда, порттарда және халықаралық қатынастар үшін ашылған шекаралық өткелдерде кедендік бақылаумен жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен резидент емес заңды тұлғалар арасындағы төлемдер;

резидент заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар арасындағы Қазақстан Республикасының төлемдер мен ақша аударымдары туралы заңнамасында белгiленген сома шегiнде ұлттық валютадағы төлемдерi;

чек, вексель беру (тапсыру) арқылы жасалатын төлемдер;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актісiнде көзделген жағдайларда, резидент еместер резиденттiң мiндеттемелерiн орындау есебіне жүзеге асыратын олардың шетелдiк банктердегi шоттарынан ақша аударымдары.

Резидент және резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында валюталық операциялар жүргiзген кезде алған қолма-қол шетел валютасы олардың уәкілетті банктердегi шоттарына мiндеттi түрде аударылуға тиiс.Лицензиялау, тiркеу, хабарлама және (немесе) мәміле паспортын ресiмдеу талабы белгiленген Қазақстан Республикасының аумағындағы валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдары уәкiлеттi банктерде ашылған шоттар арқылы ғана жүзеге асырылады. Резидент және резидент емес жеке тұлғалар белгіленген сома шегінде уәкiлеттi банктерде шот ашпай-ақ:
      1) Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына өтеусiз ақша аударымдарын (салықтық, лицензиялық төлемдердi, айыппұлдарды, мұрагерлік сома аударымдарын, алименттердi, гранттарды және басқаларын);
      2) жеке тұлғаның кәсіпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты емес және оған қатысты лицензиялау, тiркеу, хабарлама талабы белгіленбеген өзге де ақша аударымдарын Қазақстан Республикасынан жүзеге асыруға құқылы.
      4. Резиденттердiң және резидент еместердiң қолма-қол шетел валютасын пайдалану және шотқа аудару тәртiбi, сондай-ақ банк шотын ашпай-ақ ақша аударымдарының сомасы мен оларды жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

Шетел валютасымен жасалатын айырбастау операциялары

  Уәкiлеттi банктер өздерiне берiлген лицензияға немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен берiлген құқыққа сәйкес шетел валютасын Қазақстан Республикасында, сол сияқты шет елде де еркiн сатуы және сатып алуы мүмкiн. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатуды және сатып алуды резиденттер мен резидент еместер тек қана уәкiлеттi банктер, олардың айырбастау пункттерi, сондай-ақ уәкiлеттi ұйымдардың айырбастау пункттерi арқылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгілеген тәртіппен жүргізедi.



Тақырып: Валюталық бақылау

1. Валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерi

2. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi

3. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi


1. Валюталық бақылаудың мақсаттары мен міндеттерi

Валюталық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместер валюталық операциялар жүргiзген кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады. Валюталық бақылаудың мiндеттерi:

жүргiзiлетiн валюталық операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн айқындау;

валюталық операциялар бойынша төлемдердiң негiздiлiгiн және оларды жүзеге асыруға қажеттi құжаттардың болуын тексеру;

валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептіліктiң толықтығын және объективтiлiгiн тексеру болып табылады.

2. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi

 Қазақстан Республикасында валюталық бақылауды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкілеттіктерi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар (валюталық бақылау органдары) және валюталық бақылау агенттерi жүзеге асырады. Уәкiлетті банктер және уәкiлеттi ұйымдар, сондай-ақ өздері операциялар жүргiзген кезде алынған лицензияларына сәйкес Қазақстан Pecпубликасы валюталық заңнамасының сақталуын бақылау мiндетi жүктелген басқа да ұйымдар валюталық бақылау агенттерi болып табылады.



3. Валюталық бақылау органдары мен агенттерiнiң құқықтары және мiндеттерi

   Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз құзыретi шегiнде резиденттер мен резидент еместердiң Қазақстан Республикасында жүргiзетiн валюталық операцияларына осы операциялардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, лицензиялардың шарттарына, тiркеу және хабарлама талаптарына сәйкес келуi бөлігінде бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi. Валюталық бақылау органдары өз құзыретi шегiнде:

резиденттер мен резидент еместердің Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын сақтауын тексерудi жүзеге асырады;

резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептілігінің толымдылығын және дұрыстығын тексерудi жүзеге асырады;

валюталық операцияларды жүргiзуге байланысты құжаттар мен ақпаратты сұратады;

валюталық бақылауды тиiстi түрде жүзеге асыру мақсатында валюталық бақылау агенттерiне олардың орындауы үшін мiндеттi тапсырмалар бередi;

валюталық операциялар бойынша есеп берудiң және Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы нормаларының сақталуы мәселелерi бойынша тексеру жүргiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

анықталған құқық бұзушылықты жою туралы талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi мен резидент еместерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да шараларды қабылдайды.  

 Валюталық бақылау агенттерi:     

өздерi, оның iшiнде клиенттердің тапсырмасы бойынша операциялар жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептiлiктiң толымдылығын және объективтiлiгін қамтамасыз етуге;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес өз клиенттерi жол берген, өздерiне белгілі болған Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасын бұзу фактiлерi туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, сондай-ақ басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға;

валюталық бақылау органдарына өздерiнің қатысуымен жүргізiлетiн валюталық операциялар туралы валюталық реттеу органдарының нормативтік құқықтық актілерiнде белгіленген тәртіппен ақпарат беруге мiндеттi.

Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз өкiлеттіктерiн жүзеге асырған кезде өздерiне белгiлi болған коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi.Уәкiлеттi банк резиденттiң және (немесе) резидент еместiң төлемдер мен ақша аударымдарын соңғысы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынған жағдайда ғана жүзеге асырады. Резиденттер мен резидент еместер валюталық операцияларды жүргiзген кезде олардан валюталық бақылау агенттерi валюталық бақылауды жүзеге асыру мақсатында мыналарды талап етуге құқылы:

жеке басты куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшiн);

Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшiн);

құрылтай құжаттары (заңды тұлғалар үшiн);

мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (заңды тұлғалар үшiн);

Қазақстан Республикасы мемлекеттiк статистикасының уәкiлеттi органы табыс еткен бiрегей сәйкестендiрілген код берiлгенiн растайтын құжат (заңды тұлғалар үшiн);

салық төлеушiнiң мемлекеттiк тiркелгенiн растайтын құжат;

валюталық шарт;

лицензия, тiркеу куәлігi, хабарлама туралы куәлiк;

мәмiле паспорты;

экспорт (импорт) мәмiлелерi бойынша мiндеттемелердi орындауды не соның негiзiнде орындаудың қажеттігін растайтын құжаттар.

Уәкiлеттi банктер жүргізiлетiн валюталық операцияларға тiкелей қатысты емес құжаттардың ұсынылуын талап етуге құқылы емес. Тұлға валюталық реттеу мен валюталық бақылау органдарының нормативтiк құқықтық актілерiнде талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған не дұрыс емес құжаттар ұсынған жағдайда не Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында талап етілетiн iс-әрекетті жүзеге асырмаған жағдайда уәкiлеттi банктер валюталық операцияны жүзеге асырудан бас тартады.
6. СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ




Тақырып

Семинар сабағының мазмұны

Апта

Әдебиеттер



Валюта және валюталық операциялар теориясы


1. Валюта түсінігі. Валюталық операциялар

2. Валюталық операциялар және оларға сипаттама





1,2,3,4,5,6


Валюта және валюталық операциялар теориясы




1. Клиенттердң шоттарын ашу және жүргізу операциялары

2. Сауда емес операциялар және конверсиондық операциялар






1,2,3,4,5,6

3

Валюталық қатынастар және валюта жүйесі

1. Әлемдік және аймақтық валюта жүйесі және оның элементтері

2. Төртінші дүниежүзілік валюта жүйесінің қағидалары






1,2,3,4,5,6

4

Валюта бағамы және оның экономикадағы ролі


1. Валюта бағамы және оның түрлері

2. Валюта бағамын реттеудің әдістері






1,2,3,4,5,6

5

Валюталық реттеу

жүзеге асыруға қойылатын талаптар




1. Валюталық реттеудің мақсаты мен міндеттері

2. Валюталық реттеу органдары

3.Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті




1,2,3,4,5,6

6

Валюталық операцияларды жүзеге асырудың тәртібі


1. Валюталық операцияларды жүзеге асырудың тәртібі

2. Валюталық операциялар туралы хабарлама

3. Лицензия мен тіркеу куәлігін алу үшін талап етілетін құжаттар




1,2,3,4,5,6

7

Валюталық операцияларды жүзеге асырудың тәртібі


1. Валюталық операцияларды жүзеге асырудың тәртібі

2. Валюталық операциялар туралы хабарлама

3. Лицензия мен тіркеу куәлігін алу үшін талап етілетін құжаттар




1,2,3,4,5,6

8

Валюталық операцияларды жүзеге асырудың негiзгі принциптерi


1. Валюталық операциялардың жүзеге асырылуының негізгі принциптері

2. Резидент және резидент емес тұлғалармен жүзеге асырылатын валюталық операциялар






1,2,3,4,5,6

9

Валюталық бақылау


1. Валюталық бақылау: мақсаты мен міндеттерi

2. Валюталық бақылау органдары мен агенттерi және олардың құқықтары және мiндеттерi






1,2,3,4,5,6

10

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің қазіргі таңдағы жағдайы


1. ҚР-ғы валюта нарығын реттеу

2. Валюта саясатының мақсаты мен тапсырмасы






1,2,3,4,5,6

11

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің қазіргі таңдағы жағдайы


1. Валюталық шектеулер және оның қызметі

2. Шетел валютасын мемлекеттік реттеудің модельдері






1,2,3,4,5,6

12

Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері


1. Қаржылық тәуекелдің бір түрі ретіндегі- валюталық тәуекел

2. Валюталық тәуекелге әсер етуші факторлар және олардың мәні






1,2,3,4,5,6

13

Валюталық тәуекел және оны сақтандыру әдістері


1. Валюталық тәуекелдің түрлері

2. Валюталық тәуекелді сақтандыру әдістері






1,2,3,4,5,6

14

Қолма қол шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру


1. Қолма қол шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру

2.Қолма қол шетел валюталарымен айырбастау операцияларын жүзеге асырушы органдардың құқықтары мен міндеттері






1,2,3,4,5,6

15

Қолма қол шетел валюталарымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру


1. Айырбас пункттерінің қызмет етуі және оған бақылау жүргізу

2. Айырбас пункттеріндегі қолма қол шетел валютасымен операцияларды жүргізудің тәртібі






1,2,3,4,5,6

7. ПӘНДІ МЕҢГЕРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Теориялық білімді меңгеру үшін әдістемелік нұсқау
«Валюталық операциялар» курсы экономикалық ғылымның маңызды бөліктерінің – профильдік оқу пәні болып табылады. Ол болашақ қаржыгерлер мен банкирлерді кең профильді маман ретінде дайындауға негіз береді. Бұл курс макро деңгейдегі экономика, қаржы, банк ісі, ақша, несие, банктер және сол сияқты басқа оқу пәндерімен қосылып, валюта қатынастарының, банктік қызмет теориясының және ұйымдастыру негіздерінің мәні туралы білімді қалыптастырып, олардың маңызы мен экономикадағы қолдану механизмін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Семинар жұмыстарына әдістемелік нұсқау
Семинар сабағы оқу сабағын өткізудің неғұрлым кең қолданылатын нысаны болып табылады. Ол пәнді оқытудың негізі және неғұрлым күрделі мәселелерін игеруге мүмкіндік береді.

Семинар сабағының негізгі тапсырмалары мыналар:



  • дәрісте берілген студенттің өз бетінше жұмыс істеу бырсында игерілген теория және тәжірибе сұрақтары бойынша білімді тереңдету;

  • әдебиеттер мен басқалай ақпараттық материалдармен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру;

  • қарастырылатын мәселелерге сәйкес талдау жасай білу қабілетін қалыптастыру;

  • материалдың игерілгендігіне бақылау жасау.

Студент семинар сабағына қатысу үшін оған алдын- ала дайындықпен келуге, әдеби шолу жасап, тапсырманы орындауға міндетті.

Семинар сабағына студенттер қаржының көптеген анықтамалары мен, қаржылық бақылау, қаржылық басқару түрлерімен, бағалы қағаздарды жетілдіру нысандарымен танысады. Практикалық оқып-үйренуге бастайтын, сондай-ақ қаржы заңдылықтарын қамтамасыз етуге комплексті шаралар қолдану көзделеді.



СӨЖ бойынша әдістемелік ұсыныстар


  1. СӨЖ орындауға дайындық кезінде ойлау, әр түрлі нұсқаулар ұсынып және оларды шетел тәжірибесімен салыстыру қажет.

  2. Жеке және топ презентациясын жүргізу кезінде міндетті түрде тақырып сұрақтарын бөлу керек, ойды мазмұндау формасын табу және көрсетілім пособияларын қолдану қажет. Презентация тақырыбының логикалық моделін құрастыру қажет, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдері.

  3. Реферат жазу барысында келесідей талаптар қойылады: жоспар және қолданылған әдебиеттер тізімімен басылымды түрде минималды 10 бет. Реферат орфографиялық қатесіз және бет параметрлері сақталу қажет.

(А 4 беттің барлық жағынан 2 см)


8. КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Бұл пән бойынша курстық жұмыс қарастырылмаған



9. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

СӨЖ–дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға, танымдық қабілетті арттыруға және белгілі бір ғылым саласына байланысты білімін толықтыруға негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі.

СӨЖ шығармашылық белсендікті, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты болып табылады.

СӨЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӨЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз аудиториядан тыс (СӨЖ) сабақтардан тұрады.

СӨЖ материалдарының түрлері, келесі құжаттарды қамтиды:


  • типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бөлімдеріне сай келетін тапсырмалар жүйесі

  • рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары

  • негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі

  • кеңес түрлері

  • бақылау түрлері

  • бағалау критериялары, орындалатын жұмыстың көлемі және оны тапсыру уақыты т.б.

СӨЖ-дің ұйымдастырылуы

  • жазбаша жұмыстарды дайындаумен (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары,глоссарий),

  • ғылыми жобаны өңдеумен (проблемалық мақалалар),

  • виртуальдық жұмыстарды іздестірумен (интернет жүйесі және локальды желі арқылы),

  • электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы)

Тақырыптары, тапсырмалары, түрлері, сағат саны көрсетілген өзіндік жұмыстар силлабусқа енгізілген.

Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары

(реферат, баяндама)
10. БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР


    1. Бағалау жүйесі және принциптері

Студенттердің білімін тексеру және бағалау жүйесі – оқу процесінің құрамдас бөлігі.

Студенттердің білімін бағалау және тексеру жүйесі:

пәнді меңгеру қабілеті

оқу- тәрбиелік қызметін,

пән бойынша өзін-өзі жетілдіру қызметін жүзеге асыру керек.

Пәнді оқу дәріс, практикалы, ОСӨЖ сабақтарының жүруі негізінде, ағымдағы, аралық бақылау (7 және 14 апталар), қорытынды бақылаудың жүруі нәтижесінде жүзеге асады.

Жақсы баға мынадай жағдайларда қойылады: егер студент барлық оқу материалдарын толық көлемде білсе, берілген жеке, өзіндік және практикалық жұмыстарды толығымен орындаса және барлық дәріс конспектілері болса, программа шегінде қойылған сұрақтарға дұрыс және сенімді жауап берсе, ауызша жауапта әдеби, профессионалдық тілде сөйлеп және қате жібермесе.

Студент үлгерімі әр түрлі бақылау, яғни ауызша жауап, жазбаша бақылау, үй жұмысына берілген презентация, дискуссиялар, тренингтер, дөңгелек үстел, тест және т.б. түрінде анықталады.




    1. Бағалау саясаты.

Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделу керек: шынайлық, әділдік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.

Қорытынды бағалау мен рейтингті бақылау



  • Семестрдің 7(8) аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15 аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингті бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға, ағымды, рубеждік бақылау балдарының сомасын көрсетеді.

  • Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан).
Пән бойынша білімді бағалау кестесі

Бағалау саясаты:




«Валюталық операциялар» пәні бойынша білімді бағалау кестесі


Бағалау критериясы


Бағалау түрі

Апта

Жұмыс үшін %

Барлығы

%


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

1

Сабаққа қатысу

1

14

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




2

Сабаққа белсенді түрде қатысу (семинар сабақтарында жауап беру)

1

14

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+




3

Жеке тапсырмаларды орындау (реферат, баяндама, бақылау жұмыстары, терминдер тапсыру, презентациялар жасау, сөзжұмбақтар, ребустар, тесттар құрастыру)

2

30

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4

Аралық бақылау (коллоквиум)

1

2



















+






















+

...

т.б.























































Р1 + Р2




60














































...

Емтихан




40














































Барлығы




100















































Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет