«Экономика және бизнес» пәнінен дәріс жинағы


Тақырып 10. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және ұйымдастырушылық нысандары



бет62/91
Дата05.05.2020
өлшемі465,86 Kb.
#65830
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91
Байланысты:
экономика бизнес лекция

Тақырып 10. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және ұйымдастырушылық нысандары

Дәріс 10. Ақпараттық дәріс


1. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны және функциялары.

2. Кәсіпкерліктің мақсаттары, міндеттері және қағидалары.


3. Кәсіпкерліктің түрлері, нысандары және жіктелінуі.
Дәрістің мақсаты: ұлттық экономиканың мәнің ашу, макроэкономиканың негізгі көрсеткіштерін анықтау,ЖҰӨ,ЖІӨ,ТҰӨ,ҰТ мәнің анықтау.
Негізгі ұғымдар: қоғамдық жиынтық өнім, тұтыну заттары, бірінші бөлімше, екінші бөлімше, ұлттық байлық, қажетті өнім, қосымша өнім, тұрғындардың өмір деңгейі, жалпы ұлттық өнім, дефлятор, номиналды ЖҰӨ, нақты ЖҰӨ, баға индексі, жалпы ішкі өнім, таза ұлттық өнім, өзіндік табыс, жайластырылған өнім, таза экономикалық әл — ауқаттылық.

«Кәсіпкерлік» дегеніміз, меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерде пайдалану арқылы, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес пайда алу мақсатында жүзеге асырылатын қызмет. Кәсіпкер -жеке тұлға, ол:



  • өндірістік-шаруашылық;

  • көтерме сауда;

  • инновация;

  • кеңестер беру;

  • коммерциялық делдалдар;

  • бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы.

Кәсіпкерлік субъектісі:

  1. Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана)

  2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тұлғалар.

  3. Азаматтық бірлестіктер.

Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

  1. Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі негізінде.

  2. Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару.

Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі. Бұл келісімде:

  • мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;

  • әр түрлі қызметті іске асыру;

  • материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;

  • келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады.

Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).

Кәсіпкердің құқықтары:

- келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;



- интеллектуалды меншік объектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

- өндірістік бағдарламалар жасау;

- өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;

- Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;

- сыртқы экономикалық қыметтерді жүзеге асыру;

- кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға

қою;


- кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату.

Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсету кең мағынада түсінуіміз қажет, олар:

  • ғимарат және құрал-жабдықтар;

  • үй-жай, мүлік;

  • өндіріс және тұтыну тауарлары;

  • ақпарат;

  • интелектуалды нәтиже (пікір, жаңалық ашу, патент);

  • ақша, валюта, құнды қағаздар;

  • басқа да тауарлар, жұмыстар мен қызметтер болу мүмкін.
    Кәсіпкерлік қызмет:

  • өндірістік;

  • коммерциялық;

  • қаржылық;

  • кеңестер беру болып бөлінеді.

Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар. Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:

  • өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;

  • ақпараттарды өңдеу және жинау;

  • рухани құндылықтарды игеру;

  • тұтынуға жататын басқа да өткізілімдер.

Бұлардың негізгі қолдану өрістері:

  • өндірістік кәсіпорын және мекемелер;

  • коммерциялық сауда мекемелері;

  • тауар-қор биржалары;

  • банктер мен халықтар.

Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды. Бұл процесс делдал агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі. Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіперлік қызметтен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды. Мұндагы ең басты мәселелер:

  • «нені сатып алу керек»;

  • нені сату керек»;

  • «қайда сату керек» деген сұрақтарға жауап іздеу.

Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды. Міне, осылардың қорытындысында:
  • Сатып алу - сату мәмілесін жүргізу;



  • Тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп айырысулар;

  • Шығын мен ақырғы нәтижелер;

  • Жұмысшылардың саны;

  • Көлік жұмысының ауқымы;

  • Жарнама;

  • Коммерциялық құжаттарды дайындау жұмыстары нақтылы анықталады;
    Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады:

- Тауарларды алдағы уақытта сату үшін көтере сатып алу;

- Ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және төлем жасау;

- Тауарларды сақтайтын қоймалар мен түрғын үйлер жалдау, өнімдерді өткізетін сауда орындары;

- Тауарларды өткізу нысандары;



- Несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;

- Мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті төлемдерді өтеу.

Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни, ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:

  • Коммерциялық банктер;

  • Қор биржалары;

  • Кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;

  • Кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.

Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен маркетингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен кұнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны - меншіктік акцияға, облигацияға, несие билеттеріне және коммерциялық кұнды қағаздарға (ақша міндеттері, вексель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.

Құнды қағаздар айналымының аса тараған нысаны:

  • Құнды қағазды кәсіпкердің өзінің сатып атуы (Да);

  • Оны басқа сатып алушыға жоғары сомада сатуы (Дв);

  • Дв мен Да арасындағы айырма оған табыс әкеледі.

Егер кәсіпкердің құнды қағаздарды сатып алатын ақшасы жоқ болса, онда ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісім жасайды (Дк).

Қаржылық кәсіпкерлік жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларымен қамтамасыз етуді қажет етеді. Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкер тұтынушыға ақшаны, валюта мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгілі бір уақыттан кейін берілген соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылық мүмкіндіктері жөнінде хабардар болуы немесе алдын-ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.

Кеңес беру қызметіне:

  • жалпы басқару; әкімшіліктік басқару;

  • қаржылық қолдау;

  • маркетинг;

  • ақпаратты технология;

  • арнайы қызметтер жатады.

Сонымен қатар, халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп, қызметтер көрсетіледі.

Қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді дұрыс талдаудың өтпелі кезеңнің қиыншылықтарын мұндағы қателіктерді азайтудың бірден-бір жолы әдемдік экономикалық теорияларды, мәлімдерді көрнекті экономист ғалымдардың еңбектерін терең зерделеп, интеллектуалдық қабілеттерімізді күшейту. Мұндай қажеттіліктің маңызы тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты стратегиялық даму бағдарламасында анық байқалады.Қазақстанда қалыптасып отырған экономикалық жағдай дәл-қазір кәсіпкерлік пен бизнестің белсенділігін артуына жол ашты.
Дәріс 11. Дәріс-презентация




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет