Нарықтың салыстырмалы үлесі мен нарықтық даму қарқынының көрсеткіштері (өлшеуіштер) ретінде таңдап алынуы келесі алғы шарттармен анықталады.
Компания тиімді экономиканың негізінде нарықтағы аз ғана үлесімен жоғары рентабельділікке қол жеткізеді, бірақ та осындай үлесті сақтап, қолдау үшін елеулі қаражатты қажет етеді. Оларды, әдетте, жұлдызшамен белгілейді. Осылардан келген қаржы аналық компанияларда нөлге тең. Тез дамитын нарық әр уақытта тартымды келеді. Бұл салалар кәсіпорын басшыларынан олардың дамуына және жұлдызшалар қатарына көшу немесе нарықтан алып тасталуы жайында стратегиялық шешімдер қабылдауын талап етеді. Бұл аумақты сұрақ белгісімен белгілейді. «Иттер» деп аталатын белгі компанияның құлдырау жағдайы мен компания үшін бұл жағдайда нарықтан кету стратегиясын ұстану керектігін көрсетеді.
«Сиырлар» компанияның негізгі қаржысының жеткізу-шілері болып табылады. Себебі нарықтағы ауқымды үлес арқасында компания үлкен пайдаға қол жеткізеді. Бұл нарық жағдайын сақтап қалу елеулі қаржыны қажет етпейді, яғни аз ғана қаржымен нарықта орнын сақтап қалуға болады.
Бостон Кеңес беру тобы матрицасының кемшілігі нарықта үлес пен даму қарқындылығы арасындағы теңдей бөлініс болмауымен ерекшеленеді.
Стратегияның қалыптасуы үшін бұл екі көрсеткіш жеткілікті мөлшерде мағлұмат бере алмайды. Нарықта елеулі үлеске ие бола отырып, бәсекелестерді қиын жағдайға душар ету үшін шектеулі қаржының ресурстар мен инвестицияларды дамушы нарыққа салу мүмкіншіліктерін талап етеді. Бұл болжамдар дамушы нарық санының көп альтернативтердің болуына негізделген.
Нарықтың қарқындылығы мынадай ерекшеліктермен негізделеді: нарық көлемінің даму қарқындылығы, капиталдың сиымдылығы, бәсеке қарқындылығы, құрылымының ауытқуы, нарық санасы, тұтынушы құрылымының саны, технологияның сақтандырылуы.
Бәсекелік позиция нарық жағдайында мынадай анықтаушы көрсеткіштермен анықталады: рентабельділік нарық үлесі, техникалық капитал, еңбек потенциалы, маркетингтік жағдай (сапасы, сервис, баға, имидж, өткізу ағыны) және өндірістік потенциал (ресурстармен жабдықтау шарттары, өндірістің экологиялылығы, технологиялар) (2-кесте).