Кесте 2. Дженерал Электрик және Макензи
Топтарының матрицасы
Нарықтың тартымдылығы
Бәсекелестер позициясы
Жоғары
Күшті
Орта
Әлсіз
1
3
6
Орташа
2
5
8
Төмен
4
7
9
Даму ұяшықтары (1,2,3). Бұл жағдайда болашақтағы
табысқа бағыттала отырып қарқынды өсу кеңесі беріледі.
Нарықтың потенциалын анықтау ұяшықтары (7,8,9). Бұл жағдайда инвестицияның минимизациялау стратегиясын қолдану қажет.
Селективті икемділік ұяшығы (4). Бұл жағдайда нарықтың тартымды бөлігі өз орнын табу қажет.
Даму салаларын іздестіру ұяшығы (5). Селективі инвес-тициялардың неғұрлым тартымды сегментте мамандандырылуы қажет.
6-шы ұяшық. Бұл жағдайда бәсекелестік артықшы-лыққа ие бола алатын қорғаныс стратегиясы қолданылуы керек.
Қорыта келгенде, Маккензи матрицаның ең негізі артықшылықтарының бірі көптеген факторлардың әсер етуі нәтижесінде шешім қабылдау – информациялық базалардың кеңейтілуі болып табылады. Факторлардың осылай орналасуына әр түрлі ерекшеліктердің әсер ету нәтижесінде менеджерлердің субъективті қабылдау мүмкіншілігінебайланысы анықталды. Портфельдік анализ компанияның стратегиялық дамуын анықтайды және қазіргі жағдайда анықтаушы әмбебап әдіс болып табылады. Осыған орай басқару маркетингі өндірістің бөлініс және айырбас үрдісін басқарудың анықтаушы көрсеткіші ретінде қарастырылады. Бұл жерде маркетингті басқару нарықта сатып алушыларды табу жолы арқылы тауардың өмір сүру қабілеттілігін айқындайтын тәсіл болып табылатынын көрсету керек.
Қарастырылып отырған мәселе шеңберінде тұтынушы-лардың сатып алатын тауар шешімімен осы шешімнің модификациясына көңіл аударуымыз керек.
Тауар моделінің анықтаушы шешімі ең маңызды болып табылады. Яғни шешімдер тобының жиынтығына: таңдау түрі, түсі, пішіні, фасоны және т.б. мінездемелер енеді. Тауардың сатып алыну орны, оның мақсаты және көлемі таңдап алынған тауар моделіне байланысты.
Экспресс-диагностика тәсілі фирманың нарықтағы іс-әрекетінің негізінде сату құрылымын, сонымен қатар ақшалай қаражаттың түсімімен, сатылуын бағалау нәтижесінде туындайтын тікелей қажеттілікті зерттейді. Яғни экспресс-диагностика қаржылай көрсеткіштің талданылуына, ақшалай қаражаттардың айналымына, икемділігіне, кәсіпорынның нарықтағы қаржылық тұрақтылығына баса назар аударады.
Кәсіпорынның пайдасы мен шығыны туралы есебі кәсіпорынның қаржылық диагнозын анықтау мақсатымен маркетингтің талдау (өндірістік өзіндік құн деңгейі коммерциялық және басқару шығындары, алынған кредит пайызын) жасау бағытын көрсетеді. Актив және Пассив құрылымының анализі кәсіпорынның өзгермелі және тұрақты активтерінің, дебиторлық қарыздардың өзгеріс тенденциясы туралы жалпы түсінік береді. Ақша ағымының көлемінің бағалануы айқынды және қажеттілігімен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығын жоспарлауда жалпы түсімнің тауарды нарықта сату және оның өндіріске байланысты шығындарды жабуы жеткілікті.
Соңғы көрсеткіштер ақшалай қаражаттардың жетіспеушілік себептерін және түсімдердің көздерін анықтау, пайдалану, маркетингті басқару аспектісінде айқындалатын қаржы ағымының басқарылуын талап етеді.
Нарықтың тұрақты жағдайында төлемдердің өтпеу күйзелісінде қаржы ағымын басқару – кәсіпорын табыстылығын жоспарлау аспектісіндегі ең көкейтесті мәселе болып табылады.
Ақшалай қаражаттар ағымын талдау барысында негізгі инвестициялық және қаржылық қызметті бөліп көрсете аламыз.
Осының ішінде кәсіпорынның негізгі қызметі, оның өндірістік, коммерциялық функцияларын орындауға жағдай жасаушы ақшалай қаражаттар мен табыстың негізгі көзі болып саналады.
Қорыта келгенде, компанияның қаржылық қызметі оның иелігіндегі ақшалай қаражаттарды ұлғайтуға бағытталып, оның негізгі және инвестициялық қызметінің дамуына жағдай жасайды. Оның ішіне акциялардың, эмиссиясының, несие алу нәтижесінде пайда болған ақшалай қаражаттар, сонымен қатар төленбеген дивидендтермен, қайтарылмаған несиелерімен байланысты шығындар кіреді.