«Экономика және кәсіпкерлік негіздері» пәнінен дәріс жинағы



бет12/58
Дата06.04.2023
өлшемі0,6 Mb.
#173923
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
ЭК-лекция

Дәрістің мақсаты: меншік, меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұнын ажырата білу, меншіктің түрлерін, экономикалық жүйе және оның жіктеу критерилерін меңгеру.


Негізгі ұғымдар: экономикалық жүйе, меншік, индустриялды, пост индустриялды, жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу т.б.
3.1.Меншіктің экономикалық және құқықтық категория ретінде.
Қоғам өмірінде меншікке байланысты қатынас әрқашан маңызды рөл атқарған. Меншік қатынастары меншік объектілерін пайдалануға, басқаруға және шешім қабылдауға байланысты қалыптасатын қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.
Меншік объектілері болып жер, ғимараттар, материалдық және рухани-мәдениет заттары және т.с.с. табылады. Ал, субъектілері ретінде мемлекет, ұжым, жеке және заңды тұлға табылады.
Меншік пен иемдену түсініктерін теңестіруге болмайды. Өйткені, меншік абстрактылы, ал иемдену нақты ұғым. Меншік бұл адамдардың тек затқа ғана қатынасы емес, сонымен қатар адамдардың арасындағы заттарды иелену бойынша қатынастары.

Меншік қатынастарының құрылымы





Билік ету

Пайдалану

Иелік ету

Меншік қатынастарын теориялық талдау оның әрі құқықтық, әрі экономикалық қатынасын сипаттайды. Меншіктің экономикалық мазмұны заттың бүкіл шаруашылық процесін қамтып, пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну қатынастары білдіреді.


Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншіктің құқық мазмұны мынадай элементтерден тұрады.
(Оноре тізімі бойынша):

  1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш - қуаттылық) бақылау құқығы.

  2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.

  3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануда кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.

  4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.

  5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.

  6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.

7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы.
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салу құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Меншік пен иелену қатынастарын, олардың өзара байланыстарын танып білу өз кезегінде, меншіктің формалары мен түрлерінің арасындағы айырмашылықтардың белгілерін және меншіктің бір түрінің екіншісіне айналу механизмін білуге жол ашады. Бірақ меншіктің қандай түрінің шаруашылық жүргізудің қандай формасын тілейтіні, меншік иелері мен басқа біреулердің меншігін пайдаланушылардың арасында қандай қатынастардың орын алатындығы, әлі мәлім болмайды. Осыларды білу үшін иемдену, пайдалану және жарлық ету қатынастарының мазмұнымен танысу қажет. Иемдену, біріншіден, толық меншік емес, және, екіншіден, иемдену қатынастарындағы меншіктің объектері тікелей иелік ететін объекті болып емес, олар иемдену қатынастарында шаруашылық жүргізудің шарты болып қатысады. Сондықтан иелену қатынастары жүйесіндегі иемдену, пайдалану жарлық ету меншікпен белгілен- ген туынды екіншілік қатынастарды көрсететін, өндіріс шарттарына меншігі барлар 'мен шаруашылық жүргізуші субъектердің арақатынастарын көрсететін категориялар болып табылады. Мыса- лы, банкир өнеркосіпшіге несиеге ақша капиталын береді. Бұл жағдайда банкирдің капиталға меншігі сақталады, ал онеркәсіпші капиталдың пайдаланушысына айналады. Ол несие үшін банкирге қолданған капиталға төлем ретінде, қарыз процентін өзінің табысынан төлеуге міндетті болады. Осы тәрізді лизинг (жабдықтар, техника арендасы), ғимараттар, пәтер, жер т.б. арендасы туралы келісімдер жасалады. Осы келісімдердің барлығына ортақ жалпы шарт — олардың белгілі мерзімге жасалуы. Иемденуші заттардың уақытша қожасы, иемденушісі болып табылады. Иемденудің меншіктен бөлінуі шаруашылық жүргізу практикасынан туып, экономикалық өмірдің даму дәрежесінің жоғары формаларына көшудің маңызды шартына айналады. Иемдену болмысы құқықтық келісім түрінде бекітіледі. Меншік қатынастарын иемдену қатынастарымен алмастыруға бола ма?
Тарихқа сүйенсек, экономикалық қатынастардың қалыптасу кезендерінде, меншік әлі болмағанда, иемденудің болғаны анық. Мысалы, Ресейде ұзақ уақыт бойы жерге жеке иемдену болсада, оған жеке меншік болмаған. Бірлестік (қауымдық) және жеке мұрагерлік (княздардың, боярлардың вотчиналары) жер иемдену болған. Монастырлерге жер учаскелері мәңгілік бөлінбес пайдалануға берілген. XV—XVI ғғ. бос жерлерге, соңынан ел орналасқан жерлерге жарлық ету құқы жоғарғы үкіметке көшеді. Осылай жерге мемлекеттік меншік пайда болады. Йемдену, меншікпен салыстырғанда, қатынастын, жабайы түрі. Бүгінгі жағдайда, меншіктің екі формасының даму дәрежесінің нәтижесінде иемдену меншік қатынастарына кіріп, жабайы қатынас түріне ие болды. Егер меншік объектісі болып отырған заттың екі қасиетті — құны (бағалылық) және тұтыну құны (пайдалылық) болатынын еске алсақ, меншік пен иемденушінің арасындағы айырмашылық айқын көріне түседі. Заттың осы қасиеттері, оны шаруашылықта пайдаланғанда, өздерін әрқилы көрсетеді. Сондықтан, олар әр түрлі субъектілердің иемдену объектісі бола алады. Иемденушінің меншігінің айырмашылығы: ол оның затты тұтынуға меншігінің болуында, ал заттың осымен қатар бағалылығына оньщ меншігі болмайды. Бұл айырмашылық меншік иесінің типтерін және меншік құқын айқындауда маңызды рол атқарады. Меншік иелері үш типке болінеді:
1. Потенциалдық (мұрагер) меншік иесі. Бұлар иемденуге кіріскенде ғана нақты ақиқатты меншік иесіне айналды. Осы жағдай құқық актісімен бекітіледі.
2. Меншік иесі заттың тұтынушысы (иемденуші). Иемденуші меншіктің толық иесі емес. Ол заттың тұтыну құнына бағалылығына емес, жарлық етеді. Сондықтан иемденуші затты сата алмайды, оны өсиет арқылы өткізбейді, залогқа (кепілдікке) сала алмайды, сыйлық етіп жұмсай алмайды. Бірақ оның, бөтен меншікті өзінің тікелей міндетіне сәйкес пайдалануға толық құқы болады: өндірістік немесе өндірістік емес мақсатта қолданады. Иемденуші осы затты қолдану нөтижесінде жасалған заттың, өнімінің қызметтердің меншік иесі болады. Сонымен қатар, иемденуші, келісімге сәйкес, өзіне түскен табыстың бір бөлігін меншік иесіне беруге тиісті.
3. Толық меншік иесі. Бұл заттың бағалылығының және оны тұтынудың меншік иесі; меншікті иелігінен шығарып, оны басқа субъектіге беруге, өткізуге құқы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет