В. Тауар/қызмет көрсету • Өз тауарыңызды/қызмет көрсетуіңізді анықтаңыз:
-Сіз нарыққа нақты қандай тауар/қызмет шығарасыз?
-Ол қандай қажеттілікті қанағаттандырады (сән бойынша киінуді қалау және т.б.)
-Ол қалай сатылады (сіздің дүкеніңізде, тұтынушыңызда, көтерме)?
-Сіздің тауарыңыз/қызметтеріңіз туралы сатып алушы қалай біледі (жарнама, жылжыту)?
-Сіздің тауарыңыз/қызметіңіз қандай экономикалық параметрлермен сипатталады?
-Ол қандай бағада сатылады?
-Шығындар қаншалықты пайдалы және бәсеке қабілетті?
С. Нарық сегменті
Сіздің нарығыңыз қайда орналасқан?
Сіздің нарығыңыз қаншалықты үлкен?
• Ол дамып келе жатқан нарық па? Оның даму қарқыны қандай?
Сіздің нарығыңыздың тенденциясы қандай?
Сіздің нарығыңыздың қандай да болса ерекшелігі бар ма?
Д. Бәсеке
Сіздің негізгі бәсекелестеріңіз кімдер?
Бәсекелестеріңіздің тауар/қызмет саласы қандай?
Олардың репутациясы қандай?
Оларға тұтынушылары адал ма?
Олар өз тауарын/қызметін қалай таратады?
Олардың нарық сегменті қаншалықты үлкен?
Сізде және оларда қандай артықшылықтар бар: қорлар,
менеджерлер, патенттер?
Осы сұрақтарға жауап бергеннен кейін, сіз өзіңіздің тауарларыңыз/қызмет көрсетулеріңіз үшін мақсатты нарықты анықтай аласыз.
Мақсатты нарық – бұл сіздің өз көңіліңізді аударатын тұтынушылар тобы. Егер сіз осы мақсатта нарықты дұрыс анықтасаңыз және оны қанағаттандыру үшін барлық күштеріңізді салсаңыз, онда сіздің табысқа жету мүмкіншілігіңіз көбейеді. Бизнес-жоспар үшін маңызды болып табылатын келесі бір бөлім:
Бизнесті құрылымдастыру және басқару тәсілдерінің сипаттамасы.
Бұл бөлім сіздің жоспарыңызды оқитын сыртқы серіктесіңізбен қатар фирма менеджері үшін де маңызды.
Бірінші жағдайда банкирлер мен инвесторлар бизнесті басқаратындардың қасиеттері мен тәжірибелерін мұқият тексереді.
Жақсы командамен басқарылып отырылған әлсіз бизнес, әлсіз менеджерлермен басқарылып отырылған жақсы бизнеске қарағанда сенімдірек болып келеді.
Екінші жағдайда – өздерінің көлемдеріне қарамастан, әрбір кәсіпорын белгілі бір: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және т.б. міндеттерді орындайды; шағын кәсіпорындарда бұлардың бәріне іс жүзінде менеджер жауапты. Фирманың дамуына қарай жаңа адамдар жалдап, оларға міндеттердің бір бөлігін беру қажет болады. Өйткені уақыт өте бизнес пен оны басқару қиынға соға бастайды, болашақ іс-әрекеттерді жақсылап жоспарлау қажет.