Сервис, Шешім іздеу командаларын таңдап, Шешім іздеу терезесін толтырайық.
Қажетті ұяшықтарды және шектерді толтырғаннан кейін Орындау батырмасын басыңыз.
5.8-сурет – қорытпа құрамын анықтау есебіндегі Шешім іздеу терезесі
3-тапсырма. Кəсіпорын төрт түрлі өнім шығарады: Ө1, Ө2, Ө3, Ө4. Оны өндіруде үш ресурс қолданылады: еңбек, шикізат жəне құрал-жабдық. Əр ресур бойынша шығын төмендегі 5.4 кестеде берілген:
5.4-кесте – Өнімді шығаруға жұмсалатын ресурстар нормасы
Ресурс
|
Өнім түрі
|
Ресурс көлемі
|
Ө1
|
Ө2
|
Ө3
|
Ө4
|
Еңбек
|
1
|
1
|
1
|
1
|
16
|
Шикізат
|
6
|
5
|
4
|
3
|
110
|
Құрал-жабдықтар
|
4
|
6
|
10
|
13
|
100
|
Өнімді сатқаннан түсетін пайда: Ө1 – 60, Ө2 – 70, Ө3 – 120, Ө4 – 130.
Кəсіпорынның пайдасын максималдау үшін əр өнім бойынша өндірудің тиімді жоспарын құрыңыз.
6 Транспорттық есеп
6.1 Транспорттық есептің математикалық моделі
Жалпы түрде транспорттық есепті былай түсіндіруге болады: m пунктте: A1, …, Am біртекті жүк бар. Жүктің көлемі сəйкесінше a1, …, am. Бұл жүкті тұтынушыларға (B1, …, Bn) жеткізу керек. Олардың сұранысы – b1, …, bn. Тасымалдау құны i-ші (i=1,m) пункттен j-ші (j=1,n) пунктке дейін cij. Тұтынушылардың сұраныстарын толық қанағаттандыратын жəне транспорттық шығындар минималды болатын жоспар құрыңыз.
Есепті математикалық жазу түрінде былай беруге болады:
(1)
(2)
Достарыңызбен бөлісу: |