Экономикалық ақпараттың түрлері


Ақпараттық жүйе ақпаратты түтынушылардың төмендегі ерекшеліктерін ескере отырып төмендегіше әзірленуі тиіс



бет4/11
Дата29.12.2021
өлшемі255,6 Kb.
#128978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№ 2 сабақ жоспары

Ақпараттық жүйе ақпаратты түтынушылардың төмендегі ерекшеліктерін ескере отырып төмендегіше әзірленуі тиіс:

  • құндылығына, сапасына;
  • барабарлығына;
  • толықтығына;
  • дәлдігіне;
  • нақтылығына;
  • өзектілігіне;
  • мерзімділігіне;
  • жеделдігіне.

Ақпараттың құндылығы, сапасы - қабылдаушы тарап хабарламаны қабылдап сәйкестендіргенде тез ауыстыру, кеңейту, дамыту шарасы, экономика субъектісінің белгісіздік жағдайын төмендету дәрежесі, мақсатқа қарай жылжу дәрежесі.

Ақпараттың барабарлығы алынған ақпараттың көмегімен құрылатын бейненің нақты объектіге, процеске, құбылысқа және т.б. сәйкестігінің белгіленген деңгейі. Ақпаратты материалдық жеткізгішке жазу оны хабарламаға айналдырудың бір тәсілі болып табылады. Осылай жазу тәсілі кодтау деп аталады.

Ақпараттың толықтығы басқарушылық функцияға қатысты анықталады. Ақпарат құрамы да, мәліметтің мөлшері бойынша да толық емес болуы мүмкін. Кез келген жағдайда акпараттың тапшылығы басқару функциясын қажет уақытта және көрсетілген жерде, тиісті түрде орындау мүмкін емес болуына әкеп соқтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет