Экономиканың құрылымында қазіргі заманға сай ғылыми сиымды өндіріс жоқ. Реформа кезеңінде экономикаға тартылатын инвестиция көлемі өскені және Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы жақсарғаны байқалды, ол өз кезегінде елдің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жақсы базаны қалыптастыруға көмек берді.
Бұл жағдайда жасалған индустриалды – инновациялық стратегия елдің экономикасын жақсартудың маңызды факторларының бірі бола алады. Индустриалды–иновациялық дамудың негізгі мақсаты болып өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс және қызметтерді өндіру, өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандартын енгізу табылады.
Қазіргі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыру және даму қарқынын көтерудің мақсатты саясатын іске асыру өнеркәсіптің дамуынсыз мүмкін емес, себебі гүлденген және қарқынды дамыған қоғамның іргетасы тек шикізат секторымен шектелмеген қазіргі бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика болуы мүмкін.Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне және т.б.