Қазақстан Республикасы Азияда бейбітшілікті сақтап, осы құрлық елдерінің арасына сенімділік қатынас орнатты. Орта Азия Республикаларымен ТМД елдерімен саяси, экономика саласындағы қатынасты нығайтуға
Қазақстан Республикасы Азияда бейбітшілікті сақтап, осы құрлық елдерінің арасына сенімділік қатынас орнатты. Орта Азия Республикаларымен ТМД елдерімен саяси, экономика саласындағы қатынасты нығайтуға ерекше көңіл бөліп отыр.
Қазақстан сыртқы экономикалық байланысқа айрықша көңіл бөлуде. Бұл саладағы негізгі мақсат ел экономикасын дамытуға шет ел инвестициясын тарту болып отыр. Бұған мысал ретінде бірлескен «Тенгизшевройл» өндірісін айтуға болады. Бұл келісім 40 жылға жасалған. Кәсіпорынның барлық табысының 80% Қазақстанға, 20%-і Шевройлға тиесілі болмақ. Қазақстандағы саяси тұрақтылық шет ел инвестициясына сенім туғызып отыр. Экономикаға енгізілген инвестицияның көлемі жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында отырған.