Мысалы экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У
А - барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған
В - Х тауарын өндіруге,
С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану
Е - ресурстарды толық пайдаланбау
Д - осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс.
2 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.
Альтернативті шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктер. Бұдан туындайтын қорытынды экономикада альтернативті (баламалы) шығындары төмен тауар өндіру қажеттігі. Өндірістегі барлық шығындар баламалы шығындар болып табылмайды. Баламалы емес - шығындар бұл өндірушінің бас тарта алмайтын шығыны. Ол шығындарды өндіруші міндетті түрде жұмсайды.