Ломбардтық және сейфтік операциялар жүргізу және т.б.
Несие саясаты – ұлттық банктің ақша айналымымен несие қатынастары саласында жүргізетін макроэкономикалық процестерді мемлекеттік деңгейде реттеу мен дамытуға бағытталған шаралар жиынтығы. Несие саясатының мақсаты – ұлттық шаруашылықтың тұрақты дамуы мен тепе-теңдікті болуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тұрақтылығын сақтау үшін Ұлттық банк коммерциялық банктерге үнемі бақылау жасап отыруы қажет. Ұлттық банк мемлекеттің несие саясатын жүзеге асыруда құралдар жиынтығын қолданады. Ол құралдар ақша-несие саясатына жанама және тікелей әсер ету әдістерінен құралады. Несие саясатының жанама әдістеріне жататындар: есептік ставка саясаты, ашық нарықтағы операциялар, минималды резерв саясаты, еркін келісімдер.
Тікелей әдістің мәні Ұлттық банк коммерциялық банктердің банктік емес секторға несие салымдарына шектеу қояды. Белгілі уақыт аралығында коммерциялық банктердің несие операциялары арқылы өтетін ақша сомасына проценттік норма белгіленеді. Ол норма сақталмаған жағдайда айып салынады.
Арзан ақша саясатының мақсаты – несиені арзандату және беру тәртібін жеңілдету арқылы халық шаруашылығын дамыту, сондай-ақ елдің жиынтық шығындары мен жұмыс орындарын молайту. Қымбат ақша саясаты ақша ұсынысын қысқарту арқылы қоғамның жиынтық шығындары мен ақша инфляциясын төмендетуді көздейді. Осындай саясаттардыңқолданатын шараларын 15 кестеде көрсетілген.