Ақша
Құн заңы
Натуралды шаруашылық
Тауар
Тауарлы шаруашылық
Тұтыну құны
Бақылау сұрақтары
Шаруашылық жүргізудің негізгі тәсілдері.
Тауар өндірісінің негізгі даму сипаты.
Тауардың негізгі сипаттары.
Ақшаның пайда болуы.
Ақшаның атқаратын қызметтері мен сипаттары.
Ақшаның негізгі концепциялары.
6 -ДӘРІС. НАРЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.
Нарықтың мәні және түрлері.
Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.
Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.
Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.
Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.