тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;
қызметтер нарығы;
тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.
Өндіріс факторының нарығы
жылжымайтын мүліктер нарығы;
еңбек құрылымдарының нарығы;
шикізат пен материалдар нарығы;
қуат ресурстарының нарығы;
пайдалы қазбалар нарығы.
Қаржы нарығы
капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;
несие нарықтары;
құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);
валюта, ақша нарықтары.
Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Экономикалық теориядағы жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға лауазымдық қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.