Тапсырма
1. Соңғы 5 жылдағы ҚР экспорты мен импорты бойынша трендтарды құрыңдар және талдаңдар.
2. ҚР экспорт пен импорттың тауарлық құрылымына статистикалық мәліметтер жүргізіңдер. Қорытынды жасаңыздар.
7. Кіші елді оптимальды тарифі:
а) жағымды және үлкен елге қарағанда тарифі төмен;
б) жағымды және үлкен елге қарағанда тарифі жоғары;
в) нөлге тең;
г) жағымсыз?
Тест
1. Еркін сыртқы саудадан жоғары пайдаға ие болатындар:
а) импортпен бәсекелесетін салалар
b) тұтынушылар
c) дамушы елдер
d) жас өндіріс салалары
e) өндірушілер
2. Егер мемлекет тауарды елге енгізу немесе одан шығаруға рұқсат берсе, онда бұл ненің берілуін білдіреді:
а) квотаның
b) лицензияның
c) тыйым салудың
d) құқықтың
e) экспортты-импортты операцияларды басқаруды
3. Көрсетілген баждардың ішінде преференциалды бажды көрсетіңіз:
а) тауар импортын шектейтін баж
b) өндіріс бағаларын теңестіру мақсатымен импорттық тауарға салынатын қосымша баж
c) бір немесе бірнеше дамушы елдер үшін төменгі көлемде енгізілетін жеңілдікті баж
d) мемлекеттік биліктің бір жақты шешімдері негізінде енгізілетін баж
e) жауаптардың барлығы дұрыс
4. Адвалорлық кедендік тариф:
а) тауардың кедендік құнына қатысты пайызбен есептеледі
b) тауардың салмағы, көлемі немесе өзге өлшем бірлігіне енгізіледі
c) тұрақты ставка бойынша есептеледі
d) бірнеше ставкалар бойынша есептеледі
e) ауыспалы ставкалар бойынша есептеледі
5. Баждардың фискалдық қызметі неден тұрады:
а) мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін орнатудан
b) тауардың қалаусыз экспортының алдын алудан
c) жергілікті өндірушілерді қорғаудан
d) экспортты ынталандырудан
e) тауардың қалаусыз импортының алдын алудан
6. Тарифті енгізуден:
а) өндірушілер табыстары тұтынушылар шығындарынан басым түседі
b) өндірушілер табыстары тұтынушылар шығындарынан басым түспейді
c) мемлекет кірістері тұтынушылар шығындарынан басым түседі
d) өндірушілер мен мемлекет бірігіп алатын кіріске қарағанда тұтынушылар шығындары жоғары болады
e) өндірушілердің кірістері мемлекет кірістерінен басым түседі
Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындық барысында берілген әдебиеттерді оқу керек. Сыртқы сауданы реттеудің тарифтік және тарифтік емес әдісінің негізгі түрлерін айтыңдар. Тарифтік емес әдістің экономикалық зардаптарын талдаңдар. Глосарийдегі терминдерді жаттаңдар.
8 тақырып. Халықаралық капитал қозғалысы және халықаралық несиелеу
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
5. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «ҚР инвестициялық климаты», «ҚР біріккен кәсіпкерлік: проблемалары және даму перспективасы»
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Халықаралық капитал қозғалысына анықтама беріңіз.
Қай уақытта экспорт капитал тауар эусполртының көлемін ұлғайтады?
Экспорт капиталы мен импорт капиталы немен ерекшеленеді?
Халықаралық капитал миграциясына түсініктеме беріңіз.
Экспорттың ссудалы капиталы мен экспорттың кәсіпкерлік капиталынан қандай айырмашылығы бар?
Неліктен экспорт жеке кәсіпкерлік және мемлекеттік ссудалы капиталдың мінездемесі болады?
Халықаралық бірлік кәсіпорын мен 100% шетел капиталы бар кәсіпорынды салыстырып, талдау жасаңыз.
Экспорттаушы және импорттаушы мемлекеттер көзқарасы тұрғысынан капиталды шығарудың оң және кері әсеріне анықтама беріңіз..
Халықаралық капитал қозғалысының факторы мен мақсатын атаңыз.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Жеке инвестор тұрғысынан шет елдегі инвестициялардың бірнеше формаларына сипаттама беріңіздер.
2. Төмендегілер арасындағы қатынастар қандай
Уақытаралық сауда;
Халықаралық ұсыным мен капитал қарызы;
Ағымдық шот балансы.
3. Тікелей шетелдік инвестцииялар мен көпұлттық фирма арасындағы байланыстар қандай?
4. Қазақстандық экономиканы қадағалаушы Қазақстандағы ағымдық шот тапшылығын анықтап, жағдайға мәз болмас еді. Ол бұл – экономикалық мәселелердің белгісі деген болжам жасар еді, себебі қазақстандық тауарлар қалған әлемде қажетті сұранысқа ие емес. Осы талқылаудың дұрыстығына көз жеткізіңіздер, егер олай болмаса, онда қандай жағдайларда ол шынайылыққа жанасатын болады.
5. Кәсіподақ көшбасшысының цитатасы: «Шетел капиталының ағыны біз сияқты жұмыскерлер үшін жағымсыз салдарларға әкеледі. Бұл шығындаға әкелетін болады, себебі болашақта біздің жұмысты машиналар атқаратын болады». Осы бағдарға баға беріңіздер.
6. «Шетелге инвестиция құю экономика үшін жағымды емес, себебі ол өндіріс көлемдерін төмендетеді». Осы бағдарға сипаттама беріңіздер.
Тест
1. Қоржындық шетелдік инвестицияларға жатқызылады:
а) кәсіпорын іс-әрекетін бақылау мүмкіндігін беретін капиталды салу
b) кәсіпорын іс-әрекетін бақылау мүмкіндігін бермейтін капиталды салу
c) шетелдік әріптеске несие ұсыну
d) кәсіпорын акцияларының пакетін сатып алу
e) дұрыс жауабы жоқ
2. Ел импортының құны активтерді таза шетелдік сату мен экспорт құнының сомасына және олар бойынша проценттерге тең. Бұл
а) Вальрас ережесі
b) Кез-келген формаларда активтерді сату
c) Компанияладың шетелге меншік капиталын салуы
d) Пайданы қайта инвестициялау
e) Ішкі корпорациялық аударымдар
3. Төмендегілердің қайсысы инвестициялаудың негізгі формаларына жатқызылмайды
а) тікелей шетелдік инвестициялар
b) қоржынды инвестициялар
c) халықаралық займдар
d) бақылау құқығынсыз акцияларды сатып алу
e) қызмет көрсету
4. Фельдштейн-Хориокидің жұмбағы келесімен байланысты
а) капиталдың жетілмеген мобильділігінің себептерімен
b) капиталдың халықаралық қозғалысымен
c) халықаралық қарыз алумен
d) халықаралық инвестициялаумен
e) капиталмен
5. ТШИ жобасына қатысушы ретінде қарастырыла алатын кейбір фирмалар тұрғысынан мотивтерге жатқызылады:
а) ресурстар, нарықтар, тиімділік
b) ресурстар, өткізу, тұрақтылық
c) пайыз, нарықтар, пайдалылық
d) капитал, еңбек, жер
e) пайда, қабілеттілік, өсім
Әдістемелік нұсқама. Семинар сабаққа дайындалу үшін берілген әдебиеттерден оқу керек. Бірінші кезекте халықаралық өндіріс факторлар мобильділіктің теориясын түсініп оқыңдар. Халықаралық капитал қозғалысының формасын оқыңдар. ҚР шетел капитал қызығушылық облысындағы саясатты басқа елдермен салыстырыңдар.
9 тақырып. Халықаралық жұмыс күші миграциясы
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
5. «Мемлекеттік миграциялық саясат» атты тақырыпқа жеке проект дайындау.
6. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «Дамушы елдердегі жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу», «Қазақстан Республиканың миграциялық саясаты»
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар
Миграциядан болатын түрлі табыстардың түрлерін атап, орындылығын талқылаңыздар.
Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан кейін таза эмиграция байқалған болатын. Себептерін талқылап, осы жерде экономикалық факторлардың қаншалықты орын алғанын түсіндіріңіздер.
Аталмыш бөлім халықаралық факторлық мобильділікке, осылайша халықаралық миграцияға арналған болса да, жұмыскерлер де ел шеңберінде мобильді бола алады – мысал ретінде Алматы мен Астана арасында. Неге ұлтішілік миграция адам үшін халықаралық миграцияға қарағанда тартымдырақ болады?
7.3 тарауында миграцияға қатысты кейбір фактілер Равенштейн «заңдары» деп аталған.
(a) «Заң» деген сөз үшін неліктен тырнақшаларды қолданған жөн?
(b) Экономикаға қатысты өзге де заңдарды атап, осы шарттың орындылығын түсіндіріңіздер.
Тест
1. Еңбекке қабілетті халықтың экономикалық сипаттағы себептерге байланысты туындаған, бір жылдан астам мерзімге жұмыс іздеу мақсатында бір мемлкеттен екінші мемлекетке орын ауыстыруын білдіреді
а) халықаралық еңбектің көші- қоны процесі
b) жұмыс күшінің халықаралық қозғалысы
c) ұлттық еңбек нарығының жағдайы
d) ғылыми- техникалық процестің дамуы
e) халықаралық еңбек бөлінісі
2.Эмиграция – ол...
а) шетелге кету
b) шетелден кету
c) капиталды сыртқа шығару
d) дамушы елдер арасында жұмыс күшінің қозғалысы
e) көп пайда табу
3. Эмиграция және иммиграция айырмасы не?
а) эмиграциондық квота
b) имиграциондық квота
c) миграциялық сальдо
d) иммиграциялық сальдо
e) орын ауыстыру
4. Мемлекеттік миграциялық саясат нені білдіреді?
а) мемлекеттердің заңдарымен халықаралық құқықтық актілермен реттелуі
b) жұмыс күшінің экспорттық және импорттық процестерінің басқарудағы мемлекеттің нысанында қызмет жұмысы
c) мемлекеттің экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізе алатын, жеке кәсіпкерлікті жүргізу тәжірбие болу ерекше қабілет
d) жұмыс берушінің жұмысқа шығаруы бойынша миграция
e) жоғары білікті жұмыс күшінің өнеркәсіптік дамыған елдерден дамушы елдерге көшуі
5. Жаңа индустриалды елдер мен дамушы елдер арасындағы жұмыс күші миграциясы негізінен немен анықталады:
а) Дәстүрлермен
b) Экономикалық себептермен
c) Мәдени әдет-ғұрыптармен
d) Діни себептермен
e) Тұрғылықты себептермен
6. Иммиграциялық саясат тікелей мыналар арқылы жүзеге асырылады:
а) ұлттық иммиграция қызметі
b) консулдықтар
c) елшіліктер
d) ішкі істер министрлігі
e) сыртқы істер министрлігі
Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиеттерден тақырып бойынша іздені керек. Жұмыс күші, миграция, иммиграция, эмиграция категорияларын мәнің оқыңдар. Елдер арасындағы миграция түрлерін қарастырыңыздар. ҚР миграциялық процестерін реттеу саясатын басқа елдермен салыстыру жүргізіңіздер. Миграциялық процестерде болатын проблемаларды қарастырыңыз.
10 тақырып. Халықаралық технологияны беру
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
5. Келесі тақырыпқа реферат жазыңдар: «Лицензияларды сатудағы халықаралық реттеу»
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар
Технология деген не?
Технологияны берудің қандай арналары әрекет етеді?
Коммерциялық және коммерциялық емес негізде технология беруге мысал келтіріңдер?
Патенттің лицензиядан айырмашылығы қандай?
Лицензиарға сыйақы қалай жүзеге асырылуы мүмкін?
Қазақстандағы франчайзингке мысал келтіріңдер
Инжинирингтің мәнін ашыңдар
«Кілт асты» шарттарының артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.
Халықаралық технологиялық ынтымақтастық қалайша жүзеге асырылады?
Технологияның берілуін мемлекеттік реттеу не үшін қажет?
Тест
Технология деген не?
а) еңбек өнімділігінің артуы
b) дербес өндіріс факторы
c) тауарды құру тәсілі
d) тәжірибелік мақсаттарға қол жеткізудің ғылыми әдісі
e) коммерциялық және ақысыз негізде ғылыми-техникалық жетістіктерді мемлекетаралық ауыстыру
2. Заттанбаған формадағы интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне не жатпайды
а) білім
b) жабдықтар
c) ноу-хау
d) технологиялық құжаттама
e) тәжірибе
Жоғары технологиялар орын ауыстырады
а) дамушы елдерден дамыған елдерге
b) дамыған елдерден дамушы елдерге
c) дамыған елдерден өтпелі елдерге
d) дамушы елдерден дамушы елдерге
e) дамыған елдер шеңберінде
4. Лицензиялық келісіммен сатып алушы мен сатушыға ұсынылатын құқықтар көлемі шеңберінде лицензиялар жіктеледі
а) қарапайым, шекті және толық
b) қарапайым және күрделі
c) жартылай және толық
d) толық және толық емес
e) монополиялық және шекті
5. Нақты алынған пайда немесе лицензияны коммерциялық пайдалану барысындағы сатылым көлемінен пайыз түрінде орнатылған кезеңдік аударымдар
а) роялти
b) паушальды төлем
c) патент
d) франшиза
e) инжиниринг
Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиетерден қысқаша конспект жасау керек. Технология, технологияның өмірлік циклі, франчайзинг, инжиниринг, НИОКР категорияларына анықтама беріңіз. Технология үшін төлем формасын талдаңдар. ҚР технологияны беру облысындағы саясатты әлемдегі басқа елдермен салыстырыңдар.
11 ТАҚЫРЫП. Халықаралық экономикалық интеграция, регионализация және глобализация
СӨЖ тапсырмасы
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
5. Презентацияларды дайындау:
«АСЕАН және АТЭС аймақтық интеграция»
«Оңтүстік Америкадағы интеграциялық процестер»
«Африкадағы интеграциялық процестер».
6. «ҚР бәсекеқабілетті экономикасының глобализация процестеріне әсер етуі» атты тақырыпты талдауға дайындалу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар
1. Экономикалық интеграция дегеніміз не?
2. Елдер өзара не үшін бірігеді?
3. Интреграциялық процестің кезеңдерін атаңдар?
4. Елдер дамуының бірдей деңгейі интеграция үшін міндетті шарт па, неге?
5. Табысты интеграциялық топтамаларға мысал келтіріңдер
6. Қазақстан қандай интеграциялық бірлестіктің мүшесі болып табылады?
7. Елдер неге саяси одақ сияқты интеграциялық процестің алтыншы кезеңіне қол жеткізуді мақсат етпейді?
8. Экономикалық интеграция, регионализация мен глобализация терминдерінің өзара байланысын түсіндіріңдер.
Тест
1. Интеграция – бұл...
а) мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелмейтін елдердің өзара ықпал ету процесі
b) ұлттық шаруашылықтағы еңбек бөлінісі мен тұрақты экономикалық байланыстарды дамытатын объективті процесс
c) мемлекетаралық халықаралық саудаға аралысу масштабының байланысы
d) мемлекеттер өзара жақындасуыдың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда бағдарламасы
e) нақтылы тарифтік қорғану саясаты
2. Төмендегілердің қайсысы еркін сауда зонасының мазмұнын сипаттамайды:
а) интеграциялық процестің екінші деңгейі
b) тауарлармен сауда жасауға кедергі болатын факторлар жойылған
c) тараптар үшінші елдерге қатысты өзінің меншік саясатын жүзеге асырады
d) еңбек ресурстарының қозғалысына кедергі болатын факторлар жойылған
e) мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейді
3. НАФТА-ң ассиметриялық сипатын не бейнелейді?
а) келісімге АҚШ пен Канадының қатысуы
b) келісімге АҚШ пен ЕО қатысуы
c) келісімге Мексиканың қатысуы
d) келісімге дамыған державалар (АҚШ, Канада) мен дамушы мемлекеттің (Мексика) отыруы
e) бірегей кедендік тарифті енгізу
4. Үшінші елдерге қатысты ортақ сыртқы кедендік тарифті орнатумен еркін сауда жөніндегі келісімге отырған тәуелсіз мемлекеттердің бірлестігі - бұл:
а) еркін сауда зонасы
b) еркін экономикалық зона
c) кедендік одақ
d) интеграциялық топ
e) кедендік зона
5. Интеграциялық процестің қай кезеңі қатысушы елдердің дамуы үшін қалаулы емес
а) Еркін сауда аймағы
b) Саяси одақ
c) Кедендік одақ
d) Экономикалық одақ
Әдістемелік нұсқама. Дайындыққа берілген әдебиеттерден бастау керек. Экономикалық интеграцияның алдын-алу шарттары мен мақсаттарын оқыңдар. Интеграциялық бірлестіктің типтерін қарастырыңыздар. Глобализация процесі даму деңгейіне байланысты елдердің экономикасына әсерін талдау.
12 ТАҚЫРЫП. Халықаралық валюталық-қаржы жүйе
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
5. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «ҚР ұлттық валюта жүйеснің құрылуы және проблемалары», «Халықаралық қаржы ұйымына Қазақстанның қатысуы», «Валюталық тәуекелділік және сақтандырудың негізгі әдістері»
6. Тақырып бойынша глосарий құру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Халықаралық экономикадағы валюта-қаржы жүйесіне анықтама беріңдер.
Валюта және оның түрлерін сипаттама беріңдер.
Әлемдік валюта жүйесінің даму кезендерін айтыңыздар.
Генуэзск, Бреттон-Вуд және Ямайка шеңберінде болған конференциядағы сұрақтарды сипаттаңдар.
Қалқымалы валюталық курстың жүйесінің артықшылығын айтыңыздар.
Тапсырмалар
Халықаралық экономиканың дамуындағы халықаралық валюта-қаржылық жүйенің рөлін сипаттаңдар
Валюталық жүйенің элементтері қандай?
Қаржылық жүйенің қандай элементтері бар?
Халықаралық есеп-айырысулар деген не?
Еркін айналысқа түсу нені білдіреді?
Халықаралық валюталық жүйенің соңғы мақсаты деген не?
Өз дамуындағы халықаралық валюта-қаржылық жүйе қандай кезеңдерден өтті?
Тест
1. Елдер төлем балансының теріс сальдосын жабу үшін пайдаланатын өздерінің өтімді халықаралық резервтік активтерін ұстайтын валюта.
а) ұлттық валюта
b) шетелдік валюта
c) резервтік валюта
d) еркін пайдаланылатын валюта
e) қатты валюта
2. Резиденттер мен бейрезиденттердің еш кедергісіз ұлттық валютаны шетелдік валютаға айырбастап, шетелдік валюталарды нақты қаржылық активтермен жасалатын мәмілелерде пайдалану қабілеттігі.
а) валютаның еркін айналысқа түсуі
b) валютаның айырбасталуы
c) еркін пайдаланылатын валюта
d) шетелдік валюта
e) валютаға қатысты икемді сұраныс
3. Халықаралық валюталық жүйенің қызмет ету мақсаты:
а) өндірісті, сыртқыэкономикалық байланыстарды, ақша айналысын реттеу
b) тауарлар және қызметтердің халықаралық саудасының тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқыэкономикалық іс-әрекет қатысушыларының өзара тиімділігіне қол жеткізу
c) төлем баланстары мен халықаралық есеп-айырысуды реттеу
d) валюталық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі
e) валюта айырбастау үшін тосқауылдарды жою
4.Алтын паритет валюталық курстарды қалыптастыру негізі ретінде мына кезде әрекет етті
а) Париждік валюталық жүйе барысында
b) Бреттон-вудтық жүйе барысында
c) Ямайкалық валюталық жүйе барысында
d) Еуропалық валюталық жүйе барысында
e) Генуялық валюталық жүйе барысында
5. Өзге ұлттық валюталардың белгілі жиынына қатысты ұжымдық валютаның орташа өлшенген курсын өлшеу әдісі.
а) демонетизация
b) валюталық корзина
c) валюталық паритет
d) алтын паритет
e) қарыз алудың арнайы құқықтары
Әдістемелік нұсқама. Семинарлық сабаққа берілген әдебиеттерден оқу керек. Берлген тақырыпқа көп өзіндік жұмыс жасау керек. Халықаралық валюта-қаржы жүйесін негізі құрауыштарын оқыңдар. Содан кейін әлемдік валюта жүйесін қарастырыңдар. Тіркелген және қалқымалы валюта курстарын салыстырыңыздар.
13 ТАҚЫРЫП. ВАЛЮТАЛЫҚ КУРС ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ.
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
5. Келесі тақырыпқа мини-презентация дайындау: «Валюталық курс»
6. Келесі тақырыптарға рефераттар дайындау: «ҚР валюталық саясаты», «Әлемдік резервтік валюталар»
7. Тақырып бойынша глосарий құру.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар
1. Еуропадағы Сіздің досыңыз турист ретінде Қазақстанға келуді қалайды. Ол саяхаттың қымбат тұратынына дайын болуы керек пе деген Сізге сұрақ қояды. Сіздің досыңызға қандай ақпаратты беру қажет және сұрағына жауап алу үшін аталмыш ақпаратты қалайша пайдаланады? Осы сұрақ бойынша өз пайымдауларыңызда нақты валюталық курс түсініктерімен байланыстырыңыз.
2. Өз сөзіңізбен валюталық нарықтағы шеңберлі айырбастың бизнес-идесын сипаттаңыз.
3. Арбитраж өзін өзі нейтралдайды (жояды) дегенді қалай түсіндіресіз?
5. Аталмыш бөлімнің осы жағдайды ешбір талқыламағанына қарамастан, бекітілген айырбас курсы режимін қолдау және қарсы болу аргументтерінің тізімін келтіріңіз. Қазақстанның неліктен қандай да бір өзге валютаға қатысты теңгенің валюталық курсын бекіту міндеттемесін қабылдағасы келмейтіні жайлы ойланыңыз (мысалы, рубльге, АҚШ доллары мен еуроға).
Тест
1. Нақты валюталық курс –
а) екі түрлі ұлттық валюталармен саду жүретін арақатынас
b) жекелеген елдердің валюталарының арасындағы арақатынас немесе басқа елдің валютасымен өрнектелген белгілі бір ел валютасының бағасы
c) екі ел тауарларының салыстырмалы бағасы
d) шығарушыға елдер территориясындағы заңды төлем құралы
e) алтын құймалы айырбас құралы
2. Қалқымалы курс барысында тепе – тең бағаның төмендеуі –
а) хеджирлеу
b) девальвация
c) ревальвация
d) валюталық спекуляция
e) арбитраж
3. Шетел валютасына деген сұраныс қандай негізгі факторлардың ықпалымен қалыптасады
а) өндірілген тауардың артық бірлігінің берілуі
b) валютаның қымбаттауы немесе арзандауы
c) тауарлар, қызметтер және өндіріс факторлары импортына деген қажеттілік
d) жалпы сұраныс пен жалпы ұсыныстың еркін ауытқуы
e) инвестицияның шетелдегі құндылығы
4. Бұл валюта нарығының сегментінде сатып алулар мен сатулар дереу жүзеге асырылады
а) Форвардтық мәмілелер «аутрайт».
b) Опцион колл
c) Форексті своптар
d) Опцион пут
e) Ағымдық (спот) мәмілелер
5. Арбитраж дегеніміз
а) бір нәрсеге бағалардағы айырмашылықты пайдалану
b) түрлі нарықтар арасында байқалады
c) валютамен ойнау
d) валюталық нарықтағы құбылыстар
e) валюталық спекуляция
Іскерлік ойын «Валюталық арбитраж»
Шеңберлі айырбас. Валюталық нарықтарды пайдаланудың келесі тәсілі – түрлі нарықтардағы валюталар арасындағы өте кішкене айырмашылықтарды пайдалану талабы. Егер екі бірдей валютаға қатысты болса, онда арбитраждың осы типі айтарлықтай қарапайым. Дегенмен де, валюталық нарықтар түрлі валюталармен шеңберлі айырбастың бірқатар неғұрлым қарапайым мүмкіндіктерін ұсынады. Түрлі валюталар арасындағы кросс-курстардың келесі кестесіне назар аударайық.
Кесте http://www.ft.com/marketdata/crossrates интернет-парағынан алынған. Мұндағы мәліметтер 2007 жылдың маусымындағы мәліметтер.
«Кросс-курс» дегеніміз түрлі валюталар арасындағы айырбас курстар (маклерлер тілінде – долларлы емес).
Кесте: Валюталық нарықтың кросс-курстары.
Кестедегі валюталық курстар былайша көрсетілген: кестедегі әрбір жекелеген жазу сәйкес жолдағы бір валюта бірлігін сатып алу үшін қажетті бағандағы валюта бірлігінің санын көрсетеді. Мысалы, бірінші бағандағы соңғы сан 1,062 Канада доллары бір долларды сатып алу үшін қажет екендігін көрсетеді.
Енді, айталық, сізде 1 млн. АҚШ доллары мен арзан күйде валюталық операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі бар.
Онда сіз келесі мәмілелер сериялары туралы ойлануыңызға болады:
Алдымен сіз өз долларларыңызды евро үшін 0,743 евро/доллар курсына айырбастай отырып, 743 000 евроға ие боласыз.
Содан кейін сіз евроны швейцарлық франкке 1,654 франк/евро курсы бойынша сатуды ойластырасыз, нәтижесінде сіз 1 228 922, 00 франкке ие боласыз.
Соңында сіз швейцарлық франкті АҚШ доллары үшін 0,814 доллар/франк курсы бойынша сатып, 1 000 342,51 доллар сомасымен қаласыз.
Осылайша, сіз 342,51 долларға тең пайдаға ие боласыз!
Трансакциялардың аталмыш сериясы валюталық нарықтың арбитражы деп аталады.
Өзіндік тапсырма
Енді сіздер шеңберлі айырбас жасап 342,51 доллардан жоғары пайда табуларыңыз керек. Осының нәтижесі бойынша кімде көбірек ақша-қаражаты жиналса сол сәйкесінше А деген бағаға, ал кімдерде азырақ болса олар төменірек бағаға ие болады.
Ескерту!
Нақты өмірден келтірілген жоғарыдағы мысал келесі жағдайлардың мәнін ашады:
Біріншіден, арбитраж өзін өзі нейтралдайды [жояды]. Айырбас курстарының мәліметтері бойынша жоғарыдағы трансакциялар тәуекелден толық еркін пайдаға әкелетіндіктен, әрбір тұлға осындай мүмкіндікті пайдаланғысы келеді. Бұл, өз кезегінде, мәмілелердің пайдалылығын жоятын валюталық курстардың корректировкаларына әкеледі.
Екіншіден, нақты нарықтардағы арбитраж шынында да мүмкін болатын пайдалар жойылмас бұрын ұзақ жолдан өтеді. 0,034% көлеміндегі трансакциялық шығындар пайданы толығымен жояды.
Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына берілген әдебиеттерден оқу керек. Берілген тақырыпты оқу кезінде өзіндік жұмысты талап етеді. «Валюталық саясат», «валюталық курс», «валюталық паритет» категорияларын оқу керек. Валюталық курс теориясына көп көңіл бөліңіздер.
14 ТАҚЫРЫП. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ НАРЫҚТАРЫ
СӨЖ тапсырмалар
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
5. Келесі тақырыптарға рефераттар жазыңдар: «ҚР валюталық нарық FOREX», «Валюталық биржалар»
6. Тақырып бойынша глосарий құру.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
Әлемдік валюталық нарықтың мәні неде?
Әлемдік валюталық нарықтың әлемдік аймақтық нарықтан қандай айырмашылығы бар?
Валюталық нарықтың пайда болуына қандай факторлар әсер етті?
Қазіргі замаңғы валюталық нарықтың қандай негізгі ерекшеліктерімен сипатталады?
Әлемдік валюталық нарық қандай қызметтерді атқарады?
Халықаралық қаржы дериваттар нарығының мәні неде?
Қаржы дериваттар нарығының құрылымы қандай?
Тапсырма
1. Банк арқылы валюта нарығында келесі курстар квоталанады:
-
|
Сату
|
Сатып алу
|
Нью-Йорк
|
1,6285
|
1,6295
|
Лондон
|
1,6305
|
1,6315
|
А) егер де тарнсакциялық шығындар 1%,0,1%,1,01% құраса, екі жақты арбитражды құруға болады ма?
Б) Нью-Йорктегі сатып алынған немесе Лондонда сатылған әр фунтына арбитражист қандай пайдаға ие болады?
В) егер де арбитражиста 3 млн. долл. болса, онда ол арбитражлық операцияның бірінде қандай табыс алады?
2. Немістер өзгермеген көлемде импортты тауарды сатып алғанда ұнатады делік. Егер бұл қылық шетелдіктерге де қатысты болса, онда долларға қатысты евроның 10% девальвациясы болса, Германиядағы баланс ағымының операциясы жақсырады ма?
Тест
1.Қаншылықты ұлттық валюта курсының импорт көлемі мен басқа шарттар қысқартылса, соншалықты:
А) осы өнімге сұраныс қисығы төмен;
Б) экономиканың тауар импортына дегентәуелділігі төмен;
В) қымбаттаған импорт тауарының орнына ұлттық өндірушілердің өз өнімін шығаруға мүмкіндігі зор;
Г) А және Б дұрыс.
2. Қысқа мерзімде ұлттық валютаның девальвациялануы таза экспорт көлемі:
А) ұлғаяды;
Б) қысқарады;
В) алдында көтеріледі, кейін төмендейді;
Г) алдында төмендейді, кейін көтеріледі.
3. Егер де валюталық курсты тұрақтандыру мақсатында ҰБ валюта нарығында интервенция жүргізетін болса, онда ақша ұсынысының өзгерісін бодырмау негізінде ол:
А) тізім мөлшерін көтереді;
Б) міндетті резерв нормасын көтереді;
В) ішкі актив көлемін ұлғайтады;
Г) ішкі актив көлемін ұлғайтады.
4. Басқа актив немесе пассив доллары жоқ негізінде 1000 долл. сату ол:
А) валюталық спекуляция;
Б) хеджирленуі;
В) девальвация;
Г) ревальвация.
5. Валюта курсын ұстап тұру негізінде ҰБ арнайы бекітілген валюта нарығында валюта резервін сату ол:
А) ұлттық валюта курсы өзінің төменгі деңгейінен төмен болуы;
Б) ұлттық валюта курсы өзінің жоғарғы деңгейінен төмен болуы;
В) төлем баланс тізімі оң сальдосына келді;
Г) нақты бір нәрсені айту қиын.
Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына дайындалу барысында берілген әдебиеттерден оқу керек. Бірінші кезекте «валюталық курс», «валюталық паритет», «дериват», «хеджирлеу» категорияларына көңіл бөліңіздер. Валюта сауда формаларын сипаттаңдар. Валюталық нарықтың түрлерін оқыңдар.
15 ТАҚЫРЫП. Төлем балансы
СӨЖ тапсырмалары
1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.
2. Өзін - өзі бақылау сұрақтарына жауап беру
3. Ұсынылған тапсырмаларды орындау.
4. Тест сұрақтарына жауап беру.
5. Келесі тақырыпқа реферат жазыңдар: «Төлем балансы және елдің экономикалық»
6. Тақырып бойынша глосарий құру.
7. Төлем балансы реттеу моделінің концепциясы бойынша дискуссияға дайындалу.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар және тапсырмалар
1. «2006 жылы ағымдық операциялар шотының тапшылығы 2 млрд. АҚШ долларына кем болғанын ескере отырып, халықаралық сауданың Қазақстан үшін мәні зор емес». Осындай пайымдауды талқылаңыздар.
2. Төлем балансының мәліметтеріне сүйене отырып, халықаралық сауданың қандай бейнеге ие болатынын талқылаңыздар. Сондай-ақ, қызықты деп есептейтін халықаралық сауданың аспектілерін талқылаңыздар, бірақ ол төлем балансына енбеген ақпарат болсын.
3. Қазақстанда әдеттегі турист қандай іс-әрекетпен айналысады. Аталмыш іс-әрекетті төлем балансына қалайша жазуға болады? Сізбен ұсынылған іс-әрекетті тәжірибеде жазу мүмкін болатынына көз жеткізіңіз.
4. «Ағымдық операциялар шотының оң сальдосы ұлттық байлықты күшейтеді». Түсіндіріңіз.
5. «Кәсіпорын үшін баланстық есеп қандай орында болса, төлем балансы да ел үшін сондай орында болады». Талқылаңдар.
Тест
1. Төлем балансындағы сандық мәліметтер қалай ұсынылады?
а) апта сайын
b) ай сайын
c) тоқсан сайын
d) жыл сайын
e) күн сайын
2. Төлем балансында аталмыш операция бір валютаға конвертацияланған. Қазақстанда төлем балансы қандай валютада жүргізіліп, жарияланады
а) фунт стерлинг
b) АҚШ доллары
c) Қазақстандық тенге
d) Жапондық йена
e) евро
3. Елдің төлем балансын құрудың мақсаты
а) жекелеген елдің жиынтық экономикалық іс-әрекетінің толық сипаттамасы
b) мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал етуі
c) тауарлар, қаржы институттарымен халықаралық сауда-саттық жасау және өндіріс факторларының дамуы болып табылады
d) елдің әлемдік экономикаға қалайша тартылғаны туралы ашық бейненің болуы
e) елдегі қаржылардың көлемін анықтау
4. Төлем балансы терминін ойлап тапқан экономист
а) Д.Рикардо
b) А.Смит
c) Джеймс Стюарт
d) М.Портер
e) В.Леонтьев
5. Төлем балансында жазылған барлық операциялар қандай бірлікте бағаланады
а) Физикалық бірлікте
b) Ақшалай бірлікте
c) Валюталық бірлікте
d) Құнды қағаздармен
e) Акциялармен
Әдістемелік нұсқама. Семинар сабағына берілген әдебиеттерден оқу керек. «Төлем баланс» және құрылымына анықтама беріңіздер. Елдің төлем бансқа әсер ететін факторларды оқыңдар. Төлем балансты реттеу және қаржыландыру әдістеріне көп көңіл бөліңіздер.
СӨЖО сапасын бағалау саясаты:
Рейтинг-шкала
Бақылау формалары
|
Балдар
|
1. Ағымдық бақылау
|
10-20
|
2. Аралық бақылау
|
15-35
|
3. Үй жұмысына қатысты бақылау
|
5-10
|
4. Қорытынды бақылау
|
20-35
|
Барлығы
|
50-100
|
Білімді бағалау критериялары:
Бағалау шкаласы
|
Критериялар
|
Рейтинг 0-49
Балл 0
Әріптік эквивалент F
Қанағаттансыз баға
|
Бағдарламалық материалды толық білмеу; оқу бағдарламасының негізгі материалын білмеу және ірі қателіктер жіберу
|
Рейтинг - 50-74
Балл - 1-2,33
Әріптік эквивалент - D, D+,C-, C, C+
Қанағаттансыз баға
|
Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес; онда бағдарламалық материалды жеткілікті түрде түсінбеу анықталады; теориялық ережелерді интерпредациялауда жекелеген қателіктер жіберіледі; материалды репродуктивті түрде ғана баяндау байқалады; өзіндік қорытындылар мен жалпылаулар жоқ.
|
Рейтинг - 75-89
Балл - 2,67-3,33
Әріптік эквивалент – B-, B, B+
Баға - жақсы
|
Жауап толық, дұыс; негізгі идеялар білімі қарастырылатын қайнар көздер білімі көрсетілген. Графиктер құрып, талдау жасай білу. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық, қорытындылар жасай білу ептілігі. Тәжірибелік жағдайларды талдау үшін теориялық білімді пайдалана білу. Бірақ баяндауда анықсыздықтар бар
|
Рейтинг - 90-100
Балл - 3,67-4,0
Әріптік эквивалент – A-, A
Баға - өте жақсы
|
Жауап толық, дұрыс; негізгі идеялар, қарастырылатын қайнар көздерді білу. Графиктер құрып, оларды талдай білу ептілігі. Микроэкономикалық жағдайлардың математикалық модельдерін дұрыс құру және бағалай білу ептілігі. Қосымша әдебиетті пайдалану. Дәлелдей білу, аргументациялау, қарсылық білдіру, қорытынды жасау ептілігі.
|
Айыппұлдық балдар төмендегілер үшін:
- сабақтарға келмеу, кешігіп келу, – 10% жалпы рейтингтен
- тапсырмаларды үнемі орындамау – - 10% жалпы рейтингтен
Ынталандыру балдары төмендегілер үшін:
- СӨЖО бойынша белсенді жұмыс – +10% жалпы рейтингтен
- СӨЖО бойынша сабақтан қалмау – + 5% жалпы рейтингтен.
Пәнді оқу-әдістемемен қамтамасыздандыру
1. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
1.1 Негізгі әдебиеттер:
Доғалова Г.Н. Халықаралық экономика: Оқу құралы/ - Алматы: Экономика, 2000. 88-бет
Бұғыбаева Р.О. Халықаралық экономикалық қатынас. Оқу-тәжірибелік құралы. – Қарағанды, 2004ж. – 189б.
Мамыров Н.Қ., Мадиярова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар:/Оқу құралы/: - Алматы: Экономика, 1998 – 177б.
Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы/ Жалпы редакциясын басқарған Р.Е. Елемесов. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 389б.
Б.К. Спанова Әлемдік экономика. Оқу-тәжірибелік құралы. Қарағанды, 2001, 200б
М.А.Есдаулет Халықаралық экономика. Оқу құралы, Қарағанды, 2009, 255б
Киреев А. Международная экономика: в 2 ч. – М., 1998.
Овчинникова Г.П. Международная экономика – Санкт – Петербург, 1998.
Кругман П.Р., Обстфельд М. Международная экономика. – М., 1997.
Линдерт П.Х. Экономика мирохозяйственных связей – М., 1992. гл. 2,3,4,5.
Миклашевская Н.А., Холопов А.В.Международная экономика – М., 2004.
Кодекс. Таможенный кодекс РК, Алматы 2002
Закон РК. О введении в действие таможенного кодекса РК, ВЭД в Казахстане. 2002 №40 С. 55-57.
Долан Э.Дж., Кэмпбелл К.Д., Кэмпбелл Р.Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – С.-Пб., 1994.
Пугель Т., Линдерт П. Международная экономика. -М., 2003.
Сак Дж., Ларрен Ф. Макроэкономика. Глобальный подход. – М., 1996.
Xэррис Дж. М. Международные финансы. – М., 1996.
Мировая экономика: учебное пособие. / Под ред. И.П. Николаевой. М.: 2005 г.
Мировая экономика и международный бизнес. Учебник. / Под ред. В.В. Полякова. М.: 2005 г.
Родионова И.А. Мировая экономика. СПб.: 2005 г.
Колесов В.П. Международная экономика. М.: 2004 г.
1.2. Қосымша әдебиеттер:
М. Тодара Экономическое развитие - М., 1997 .
Нуреев Р. М. Экономика развития: модели становления рыночной экономики [Текст] : учебник / Р. М. Нуреев. - 2-е изд., перераб. и доп. - М : Норма, 2008. - 640 с.
Султанов Б.К Становление внешней политики Казахстана [Текст] [Текст] : история.Достижения.Взгляд в будущее / Султанов,Б.К, Музапарова Л.М. - Алматы : Институт мировой экономики и политики, 2005. - 356 с.
Гриффин. Р Международный бизнес [Текст] [Текст] / Гриффин,Р, Пастей М. - 4-е изд. - Санкт-Петербург : Питер, 2006. - 1088 с. - (Классика МВА)
Гурова И.П Мировая экономика [Текст] [Текст] : учебник для вузов / Гурова,И.П. - М. : Омега-Л, 2007. - 394 с. - (Высшее экономическое образование)
Ростовский.Ю.М Внешнеэкономическая деятельность [Текст] [Текст] : учебник / Ростовский.Ю.М, Гречков В.Ю. - 2-е изд.с изменениями. - М. : Экономистъ, 2006. - 589 с. - (Homo faber).
Международная экономическая интеграция [Текст] [Текст] : учебное пособие / ред. Ливенцев Н.Н. - М. : Экономистъ, 2006. - 430 с.
Мировая экономика и международный бизнес: учебник/ под. ред. В.В. Полякова, Р.К. Щенина. – М: КНОРУС, 2008. – 688с.
Поляков В.В. Мировой рынок: вопросы прогнозирования: учебное пособие/ 2-изд., перераб. и доп. – М: КНОРУС, 2008. – 264с.
Обострение мировой продовольственной ситуации, Е. Ковалев//Мировая экономика и международные отношения №9, 2009
Лоббизм российского крупного бизнеса в Европейском союзе (макроуровень), С. Перегудов //Мировая экономика и международные отношения №9, 2009
Китайская модель развития, Я. Бергер //Мировая экономика и международные отношения №9, 2009
Финансовые кризисы и накопление: опыт Азии, В. Таций //Мировая экономика и международные отношения №9, 2009
Глобальный экономический кризис и страны Африки, И. Абрамова //Мировая экономика и международные отношения №9, 2009
Отношения России с лидерами мировой экономики, В. Загашвили //Мировая экономика и международные отношения №8, 2009
Китай: универсальная модель модернизации? (окончание) //Мировая экономика и международные отношения №8, 2009
Финансовый кризис и посткоммунистический капитализм, В. Папава, //Мировая экономика и международные отношения №8, 2009
Китай: универсальная модель модернизации? //Мировая экономика и международные отношения №8, 2009
Проблемы российско-прибалтийских экономических связей, А. Кузнецов, А. Четверикова, //Мировая экономика и международные отношения №7, 2009
Денежные переводы мигрантов: роль в социально-экономическом развитии Африки, И. Абрамова //Мировая экономика и международные отношения №7, 2009
Сельское хозяйство Западных стран на постиндустриальном этапе развития, Н. Андреева //Мировая экономика и международные отношения №7, 2009
Глобализм и регионализм в контексте экономического роста, Л. Зевин //Мировая экономика и международные отношения №6, 2009
Хеджевые фонды на мировом валютном рынке, О. Хмыз //Мировая экономика и международные отношения №6, 2009
Тридцатилетие эпохи “реформ и открытости” в Китае, В. Гельбрас //Мировая экономика и международные отношения №6, 2009
Приграничное сотрудничество России и Казахстана: проблемы и пути развития, С. Голунов//Мировая экономика и международные отношения №6, 2009
О системе государственного регулирования экспорта военных товаров (услуг) Великобритании, С. Белоусов //Мировая экономика и международные отношения №6, 2009
Отечественный рынок труда: каноны и реалии, А. Батяева//Мировая экономика и международные отношения №2, 2009
Финляндский центр изучения инвестиционных связей России, А. Кузнецов //Мировая экономика и международные отношения №2, 2009
Россия в международном движении капитала, И. Иванов //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Восточноазиатская “многополярность”: треугольник Россия–Китай–США, В. Михеев //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
“Мозговые центры” в России и странах Запада: сравнительный анализ, Н. Беляева, Д. Зайцев //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Общие электроэнергетические рынки СНГ и Евразии, Е. Винокуров //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Научные школы: интеллектуальная капитализация или стагнация? И. Дежина, В. Киселева //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Внешняя энергетическая политика Европейского союза И. Пашковская //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Роль Юга России в Каспийском регионе Р. Мамараев //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Региональная политика Испании, Г. Понеделко//Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Раса и расовая политика в современной Бразилии, Г. Данилова //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Региональная идентичность в контексте глобализации: теоретический анализ, В. Суханов //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
Позиция США по реформированию ООН, М. Юрченко //Мировая экономика и международные отношения №1, 2009
И. Розинский — Иностранные филиалы и национальные интересы // Вопросы экономики, №5, 2008
А. Апокин — Проблема глобальных дисбалансов в мировой экономике // Вопросы экономики, №5, 2008
В. Клинов — Мировая экономика: прогноз до 2050 г. // Вопросы экономики, №5, 2008
М. Ершов — Кризис 2008 года: «момент истины» для глобальной экономики и новые возможности для России // Вопросы экономики, №12, 2008
Л. Григорьев, М. Салихов — Финансовый кризис-2008: вхождение в мировую рецессию // Вопросы экономики, №12, 2008
К. Арыстанбеков — Качество экономической политики и платежный баланс Казахстана // Вопросы экономики, №12, 2008
А. Кудрин — Мировой финансовый кризис и его влияние на Россию // Вопросы экономики, №1, 2009
В. Юсим — Первопричина мировых кризисов // Вопросы экономики, №1, 2009
А. Суэтин — О причинах современного финансового кризиса // Вопросы экономики, №1, 2009
Н. Волчкова — Новая теория международной торговли и новая экономическая география (Нобелевская премия по экономике 2008 года) // Вопросы экономики, №1, 2009
А. Бузгалин, А. Колганов — Мировой экономический кризис и сценарии посткризисного развития: марксистский анализ// Вопросы экономики, №1, 2009
Е. Гурвич, Е. Вакуленко, П. Кривенко — Циклические свойства бюджетной политики в нефтедобывающих странах// Вопросы экономики, №2, 2009
С. Глазьев — Мировой экономический кризис как процесс смены технологических укладов // Вопросы экономики, №3, 2009
Ю. Ольсевич — Психологические аспекты современного экономического кризиса // Вопросы экономики, №3, 2009
Л. Григорьев, С. Агибалов, М. Салихов — Украина: раздвоение трансформации // Вопросы экономики, №3, 2009
В. Папава — «Розовые» ошибки МВФ и Всемирного банка в Грузии // Вопросы экономики, №3, 2009
В. Полтерович — Гипотеза об инновационной паузе и стратегия модернизации // Вопросы экономики, №6, 2009
В. Карлусов — Китай: антикризисный потенциал экономики и меры борьбы с мировым кризисом // Вопросы экономики, №6, 2009
Н. Рыжова — Влияние приграничной торговли на экономическое развитие Китая и России // Вопросы экономики, №6, 2009
В. Данилов-Данильян — Глобальный кризис как следствие структурных сдвигов в экономике // Вопросы экономики, №7, 2009
Е. Ясин, М. Снеговая — Роль инноваций в развитии мировой экономики // Вопросы экономики, №9, 2009
Ю. Данилов, В. Седнев, Е. Шипова — Финансовая архитектура посткризисного мира: эффективность и/или справедливость? // Вопросы экономики, №11, 2009
Г. Рапопорт, А. Герц — Глобальный экономический кризис 2008—2009: истоки и причины // Вопросы экономики, №11, 2009
М. Ершов — Мировой финансовый кризис: год спустя // Вопросы экономики, №12, 2009
Л. Григорьев, В. Крюков — Мировая энергетика на перекрестке дорог: какой путь выбрать России? // Вопросы экономики, №12, 2009
Ю. Иванов — О глобальном международном сопоставлении ВВП по 146 странам мира // Вопросы экономики, №12, 2009
C. Смирнов — Режимы валютного курса и стабильность экономики // Вопросы экономики №1, 2010-01-19
www.zakon.kz – ҚР заңдылығы, ЮРИСТ анықтама жүйесі
www.stat.kz – статистика бойынша ҚР агентствосы
www.nationalbank.kz – ҚР Ұлттық Банк
www.enbek.kz – ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министерлігі
www.minplan.kz – ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министерлігі
www.minfin.kz – ҚР қаржы министерлігі
www.mit.kz – Индустрия және сауда министерлігі
www.government.kz – ҚР үкіметі
www.akorda.kz – ҚР Президентінің ресми сайты
www.countrywatch.com
Достарыңызбен бөлісу: |