Байланысты: 2.тақырып. Экономика теориясының пәні мен әдістері
3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері ретінде. «Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз — ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні нені зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтіндігін түсіндіреді. Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі — ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, оларға материалдық нысан беруге болады. Мысалы, баға қозғалысын алсақ, бір қарағанда ол түсініксіз, шегі жоқ, шым-шытырық процесс тәрізді, бірақта баға динамикасын (өрісі) нақтылы факторлар: сұраныс пен ұсыныс, сондай-ақ өндіріс және тасымал шығындары т.б. белгілейді.
Абстракция әдісінің де шегі бар. Оны зерттеушінін дарындылығы белгілейді. Абстракциялау процесінде категориялар, ұғымдар тұжырымдалады, олар құбылыстар мен процестердің жеке-дара жинақталған жағын білдіреді. Тану процесіндегі қозғалыс белгілі заңдылықтар тұжырымдалғанда жалпыдан жекеге, абстракциядан нактылыққа қарай жүреді.
Талдау және синтез (талдауға қарама-қарсы логикалық процессті блідіретін ұғым), мұнда зерттелетін құбылыс өзінің құрамды бөліктерімен жеке жақтарына ажылатылады, сонан кейін тектес бөліктерді зерттеп болған соң, оларды біртұтас құбылыс ретінде қарастырады.
Индукция мен дедукция. Ғылымда, оның ішінде экономикалық ілімде жеке процестерді білу ғана жеткіліксіз. Ол бастапқы қадам. Нақтылы өмірде бір-бірінен алшақ заттар мен құбылыстар жоқ өмірде де өзара байланысты, ғылымның іздегені шындық. Ғылыми жүйенің калыптасуы индукция және дедукция деген методологиялық әдістермен жүзеге асады.
Индукция жеке оқиға, құбылыстардан логика арқылы жалпы қағидалар, принциптер шығарады. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде экономикалық объектілердің, процестердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады. Тарихи және логикалық танудың бірлігі экономикалық ғылымда орын алады. Әрбір экономикалық жүйенің логикалық байланысы бар. Біріншіден, олар бір-бірімен динамикалық өзара әсер ететін қатынаста болады. Бүгін аргументті (дәлел) болған зат, ертеңінде кызмет рөлін атқаруы мүмкін. Екіншіден, жүйенің әрбір элементі тарихи даму процесінде болады. Сондықтан тарихи және логикалық бірлікті сактау проблемасының маңызы зор. Мұның өзі жүйенің және оның элементтерінің пайда болуын білу үшін ғана емес, әсіресе оның үрдісін (тенденциясын), сатыларын анықтауга кажет.» [16]
«Экономикалық зерттеулердің тағы да басқа әдістері бар. Олар: экономикалық – математикалық, сандық және сапалық талдау әдістері.
Сандық және сапалық талдау әдісі – өңдіріс жүйесіндегі қатынастардың сапалық өзгерістерін танумен қатар, статистикалық деректерді, математика әдістерін экономикалық теорияда кеңінен пайдалануды қарастырады.
Қалыпты логика – ойдың нақты мазмұнынан алшақтап және оның мазмұнының бөліктерінің байланыстарын жалпы әдіспен бөле отырып, ойдың, түсініктің, пікірдің, ой қорытындысын, дәлелдемелердің нысанын зерттейді.
Материалистік диалектиканың әдісі – олардың дамуы мен өмірде бар, пайда болуының ішкі байланыстарын сипаттайтын, объективті талдаудың негізінде ғылыми мәселелерді шешу.» [17]
Экономикалық модель – экономикалық процесстерді немесе құбылыстарды формальді түрде бейнелеу, ал осы бейнелеудің құрылымы оның объективті қасиеттерімен, сондай-ақ зерттеудің субъективті-мақсатты сипатымен анықталады. Математикалық модельдер графиктер мен математикалық теңдеулер көмегімен бейнеленеді. Модельдеу зерттелетін объектілердің басты экономикалық көрсеткіштері мен олардың арасындағы байланысты бейнелейді.
Қазіргі заманғы экономикалық теорияда көптеген экономикалық модельдер график түрінде бейнеленеді. График – бұл 2 немесе одан да көп айнымалылардың арасындағы тәуелділікті бейнелеу. Графиктер айнымалылардың арасында қандай байланыс бар екенін көрсетуде көп көмегін тигізеді. Графиктердің негізгі 2 түрі болады: эмпирикалық және теориялық. Эмпирикалық график нақты деректерді көрсетеді. Теориялық графиктер негізгі экономикалық принциптерді тұрғызу немесе анықтау мақсатында ойдан жасалатын (гипотетикалық) экономикалық жүйелердің қызметін баяндайды.»[18]
«Экономикалық теорияның зерттеу әдістері»
[19]
Экономикалық теорияның ерекше әдістеріне мыналар жатады:
1. Экономикалық-математикалық үлгілеу.
2. Шекті талдау.
3. Функционалдық талдау.
4. Баланстық әдіс.
5. Экстрополяция. [20]