Экономиканы қарқындату, оның өнімділігін арттыру ғылым мен техниканың жетілуіне негізделген қарқынды технологияларды қолданумен анықталады



бет57/62
Дата28.01.2018
өлшемі6,78 Mb.
#34317
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
4.2 Жылдық экономия

Қолмен пісіру және роботпен пісіруге кеткен шығындардың айырымы келесі формула арқылы анықталады:

Э=Р12= 4713225-4334718,2=378506,8 теңге
4.3 Жылдық экономикалық тиімділік

Жылдық экономикалық тиімділік мына формуламен анықталады:

Эг=Э-Ен×Кд (4.12)

мұндағы: ЭГ – жылдық экономия;

ЕН – тиімділік коэффициенттерінің мөлшері;

КД – қосымша капиталды шығын.



Эг = 378506,8– 0,32 560000 = 199306,8 теңге
4.4 Өтелу мерзімі

Соңында өтелу уақыты келесіге тең:



жыл
Қорытындылай келгенде, қолмен пісіруге қарағанда роботпен пісіру әлдеқайда тиімді екенін көруге болады. Көріп отырғанымыздай пісіруді роботтаудың тиімділігі өндірістік жұмыстың және пісіру жабдығының артуымен, жұмыс уақытын азайтумен, ақау пайызын төмендетумен, жік калибрін азайтумен қамтамасыз етіледі.


5 Еңбек қорғау
5.1 Өндірістік роботтарды қолдану кезіндегі қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың анализі

Қауіпті өндірістік фактор ретінде жұмысшыға әсер еткенде травмаға немесе денсаулығының күрт төмендеуіне әкелетін жағдайды жатқызуға болады. Егер де өндірістік фактор ауруға немесе жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне әкелсе, онда оны зиянды деп санайды.

Пісіру кезінде қауіпті факторларға келесілер жатады: шаң, газ, сәулелену, жоғары температура, жылулық және ультрафиолетті сәулелену. Пісіру кезіндегі ашық газды жалын және доға күйіп қалу қаупін төндіреді және жарылу мен өрттің пайда болу қаупін жоғарлатады.

Осыған байланысты келесі факторларды атап өтуге болады:



  • жағымсыз микроклимат;

  • нормасынан асатын шу;

  • зиянды заттар;

  • адамға электр тоғының әсер ету мүмкіндігі.

Пісіру роботын қолданған кезде жұмысшыларға токсикалық аэрозольдардың, балқыған металдардың шашырандысының, сәулелік және жылулық сәулеленуден әсерлері азаяды. Жұмысшылар ауыр жұмыстан және психикалық шаршаудан босайды.

Тәжірибе көрсеткендей көптеген травмалар программалау нәтижелерін тексерген кезде, техникалық қызмет ету мен олқылықтарды жойған кезде болады. Сондықтан қауіпсіздіктің ең радикалды шарасы болып адамдардың роботталған жұмыс зонасына кіруін шектеу және РТК программасын тек жабық есікте жүргізуге мүмкіндік беретін бүкіл периметр бойынша қоршау жасау болып табылады. РТК құрамындағы негізгі және көмекші қондырғылардың орналасуы қызметкерлерге қауіпсіз болуы керек.

Доғалы пісіру кезінде доға жарығы РТК жанында жұмыс істеп жатқан персоналға кедергі жасамауын қамтамасыз ету керек. Әдетте доғаны қосымша көзді қорғаудан босататын жарықфильтрлі терезелері бар жарық өткізбейтін қалқалар қолданылады. Қалқа мен робот арасындағы арақашықтықты араларында адам өтуіне мүмкіндік болатындай етіп анықтайды. Оператор РТК жұмысын камера арқылы монитордан бақылап отырады.
5.2 Ұйымдастыру шаралары

Пісіру цехындағы еңбекті қорғауды ұйымдастыру әкімшіліктің және бас инженердің міндетіне жатады. Өнеркәсіп әкімшілігі еңбекті қорғау ережесіне сәйкес еңбек шарттарын құруға және барлық жұмыс орындарын техникалық жабдықтармен қамтамасыз етуге тиісті.

Еңбек заңдылығы жалпы өндіріс бойынша еңбекті қорғау шараларын ұйымдастыруға оның директоры мен бас инженер жауапты екенін орнатады. Бөлек бөлімшелер бойынша мұндай жауапкершілік осы бөлімшелердің жетекшілеріне жүктелген. Еңбек қорғауды ұйымдастыру бойынша тікелей жетекшілікті өнеркәсіптің бас инженері жүзеге асырады.

Сонымен қатар, еңбек қорғау бойынша шараларды жүргізу еңбек қорғау бойынша келісімде көрсетілуі керек. Еңбек қорғау бойынша келісім шарттарында цехтардағы, участкілердегі, агрегаттардағы еңбек қорғау бойынша жұмыстар толықтырылады, әрбір шараның жүргізілу уақыты орнатылады, оларды жүргізуге жауапты тұлғалар көрсетіледі.

Айрықша мәнге қауіпті жағдайлардың алдын алуға және қауіпті және зиянды жағдайларды жоюға бағытталған өндіріс әкімшілігінің және басқа да лауазымды тұлғалардың жұмысын қадағалайтын құқықтық нормалар ие.

Қызмет көрсетушілерге әсер ететін көптеген зиянды факторларға байланысты өндірістік жарақат алу мен кәсіби аурулардан сақтандыруды қамтамасыз ететін оқу үйрету нұсқаулық шаралары жүргізіледі.


5.3 Инструктаж

Жұмысшыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстыру барлық мекемелерде міндетті түрде жүргізілуі тиіс.

Барлық жұмысшыларды жұмысқа алудың алдында құрамына бас инженер, қауіпсіздік техникасы бойынша бас инженердің орынбасары, қауіпсіздік техникасы бойынша бөлімшенің бастығы, бас механик, бас энергетик, құқықтық бөлім мен кадрлар бөлімінің өкілдері кіретін жалпы заводтық аттестационды комиссия арқылы аттетациядан өткізеді.

ЭЕМ жұмыс істейтін персонал жұмыс орнында инструктаж өтеді. Инструктаж өткізілгенде персонал қолына техника қауіпсіздігінің инструкциялары беріледі. Инструкцияның келесіндей түрлері болады:

а) кіріспе;

ә) біріншілік;

б) қайталанбалы;

в) жоспардан тыс.

Жоспаралған уақыт мерзімі өткеннен кейін қайталанбалы инструктаж және дәрігерлерден өту қажет.

Арнайы құжаттар жүргізіледі:

1) эксплуатациялық журнал;

2) контрольді өлшеуіш приборлар көрсеткіштерін енгізетін журнал;

2) қорғау құралдарының күйін, бар жоқтығын тексеру журналы.

Жұмыс персоналын инструктаждан өткізудің келесі түрлері бар: кіріспелік, алғашқы инструктаж, кенет инструктаж, қайтара және мақсатты инструктаж. Травматизммен күресу шараларына арналған, еңбек гигиенасына және тағы басқаға арналған лекциялар жүргізіледі.

Кіріспелік инструктажды қауіпсіздік техникасы бойынша инженер жұмысқа алынатын барлық жұмысшылармен жүргізеді.

Алғашқы инструктажды әрбір жұмысшымен практика жүзінде қауіпсіз жұмыс әдістерін көрсету арқылы жүргізеді. Инструктажды тікелей жұмыс жетекшісі жүргізеді.

Қайтара инструктажды кем дегенде әр алты ай сайын ережелер мен еңбек қорғау инструкциялары бойынша білімді тексеру және жоғарлату мақсатымен жүргізеді.

Кенет инструктаж келесі жағдайларда жүргізіледі:



  • технологиялық процесстің өзгеруі, жабдықты жаңарту кезінде;

  • еңбек қорғау бойынша жаңа инструкцияларды енгізу кезінде;

  • жұмысшылармен еңбек қауіпсіздігі бойынша ережелердің бұзылуы кезінде;

  • бақылау органдарының сұранысы бойынша.

Мақсаттық инструктаж жұмысшылармен бір ретті жұмыс және де жоғары қауіпті жұмыстың орындалуы кезінде жүргізіледі.

Жүргізілген барлық инструктаж түрлері журналда бекітіледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге сәйкесінше келесі міндеттемелер жүктеледі: еңбек қорғау бойынша нұсқауларды сақтау, машиналармен және механизмдермен жұмыс істеу кезінде орнатылған талаптарды орындау, өзіндік қорғаныс құралдарын қолдану. Жұмысшылармен және қызметкерлермен бұл міндеммелер орындалмаса бұл еңбек тәртібін бұзу деп саналады.
5.4 Еңбек қорғаудағы техникалық қауіпсіздік шаралары

Өндірістік роботты күту кезінде қауіпсіздік ережелерінің талаптарын бұзу өндірістік роботтың жұмыс зонасында қауіпті жағдайлардың пайда болуына және осының салдарынан болатын сәтсіз оқиғаларға әкелуі мүмкін. Негізгі қауіпті факторларға мыналар жатады:



  1. Өнеркәсіптік роботты оқыту және жұмыс органын позициялау қателігінің салдарынан дұрыс қозғалмау;

  2. Автоматты режимде жұмыс істегенде және оқытқан кезде өндірістік робот қызмет жасайтын бөлімшедегі технологиялық қондырғылардың авариясы;

  3. Өнеркәсіптік роботты жөндегенде, реттегенде, дайындағанда оператордың қате әрекеттері;

  4. Өнеркәсіптік робот автоматты режимде жұмыс істегенде оның кеңістігінде адамның пайда болуы;

  5. Өнеркәсіптік роботтың көрсетілген жүк көтерімділігінен артық жүкті көтерген кезде;

  6. Өнеркәсіптік роботтың, технологиялық қондырғының, басқару пультінің, тиеуші және тиеп алушы қондырғыларының ыңғайсыз орналасуы;

  7. Өнеркәсіптік робот жұмыс кеңістігінің ішінде басқару пільтінің орналасуы, қалқалаушылардың жоқтығы;

  8. Өнеркәсіптік роботтың авариялық тоқтауынан кейбір қондырғылардың өшірілуі қызметшілердің зақымдануына әкеледі;

  9. Өнеркәсіптік роботтың жұмыс зонасындағы жағдай туралы, өрт қозғалысы туралы, сонымен қатар технологиялық қондырғылар жұмысындағы пайда болған кемшіліктердің себептері туралы толық ақпараттың жоқ болуы.



5.5 Қорғану шараларын ұйымдастыру

5.5.1 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Электр қауіпсіздігі дегеніміз электромагнит өрісінің, электрлік доғаның, электр тоғының, статикалық тоқтың қауіпті және зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге арналған техникалық шаралар.

Электр тоғының әсерінен болған зақымданулар саны өндірістегі жалпы сәтсіз оқиғалардың 0,5-1% құрайды. Бірақ өндірістегі мерт болған жағдайлардың жалпы санының 20-40 % электрлік тоқпен зақымдануға жатады, яғни электротравмалар жиі өлімге әкеледі.

Электр тоғынан қорғану үшін барлық қондырғылар МЕСТ 12.1.030-81 сәйкес жерге қондырылуы тиіс. Пісіру тізбегінің элементтері, кабель қималары жалғау кезінде қосу-ажырату муфталарымен жалғануы керек. Пісіру тізбектерін жалаңаш кабельмен жалғауға болмайды. Пісіру тізбегінің тоқ жүретін кабельдары бүкіл ұзындығы бойынша изолированы болу керек.


5.5.2 Механикалық зақымданудан қорғану

Роботтар зақымданудың қайнар көзі болып табылады. Оның ең қауіпті қасиеттері: орын ауыстыруының үлкен жылдамдығы, қолын үлкен қашықтыққа шапшаң жылжытуы. Қауіпсіздіктің ең радикалды әдісі болып оператордың робот жұмыс зонасына кіруін шектеу болып табылады. Ол үшін роботтың бүкіл жұмыс зонасының периметрі бойынша перегородкаларды қолданады. Оның биіктігі 1,5 метр, ені 50-100 милиметр болатын қара және сары түсті сызықтармен боялған. Сонымен қатар есікті ашу блокировкасын қолданады, кілт операторда болу керек. Жұмыс орынында реттілікті сақтау да маңызды болып табылады.


5.5.3 Зиянды заттардан қорғану

Роботталған пісіру кезіндегі пісіру жабдығы жартылай автоматтыдан қарағанда 2-3 есе қарқынды жүктелген. Соған байланысты бір шілтерден бөлінетін зиянды газдар мен аэрозольдардың саны да көбееді. Зиянды заттарды тікелей олардың пайда болу зонасынан сорып алу, яғни пісіруші роботтардың шілтерлерін газды сорып алатын каналмен жабдықтау цехтық атмосфераны тазалау жағынан бәрінен де тиімді болып табылады, бірақ тарлықтың әсерінен пісіру мүмкіндігін шектейді және манипуляциялық роботтың мүмкіндіктерін күрт төмендетеді.

Сол себепті роботтың жұмыс зонасынан зиянды газдар мен аэрозольдарды жалпы жоятын жүйелерді құрады. Мұндай жүйе екіпозициялы бұрылу столдарын пайдалану кезінде өте ыңғайлы болып табылады. Бұл жағдайда жұмыс зонасын қоршауды иілгіш пластикалық ленталардан жасайды. Олар пісіру құрылымы мен дайындамалар орналасқан столдың бұрылуына бөгет жасамайды және де жұмыс зонасының айналасында изоляцияланған кеңістік көлемін құрады. Бұл изоляцияланған кеңістіктен газдар мен аэрозольдар қарқынды сорылады және де цех бойынша таралмайды. Көрсетілген қоршау механикалық зақымданудың алдын алуға, сонымен қатар балқыған металдың шашырандысы мен сәулеленуден қорғануға мүмкіндік береді.
5.6 Микроклимат шарттарын қамтамасыз ету

Метеорологиялық шарттарды зерттеу температураның, ылғалдылықтың, ауа қозғалысының жылдамдығын өлшеу және жылудың сәулелену интенсивтігімен қорытындыланады. Метеорологиялық шарттар қызметкерлер сияқты техника үшін де қолайлы болуы керек.

Ауа температурасы – уақытын автоматты реттеуішпен өзгертетін термометрмен немесе термографпен өлшенеді. Температура тұрақты 20-25ºС болу керек.

Ауа ылғалдылығы термометрмен, салыстырмалы ылғалдылық пирометрімен және психрометрмен өлшенеді. Уақыт бойынша ауа ылғалдылығының ауытқуын жазу үшін, автоматикалық аспаптар, мысалы: гидрографтар және психрографтар қызмет етеді. Ауа ылғалдылығы 40-60% болу керек. Ауаның қозғалу жылдамдығы 0,2 м/с аспау керек. Бұл үшін ауаны желдеттіру қолданылады, онда температуралар, ылғалдылық, қозғалыс жылдамдықтары және ауа тазарту деңгейлер сипаттамаларының тұрақтылығымен ұйымдасқан ауа берілісі. Ауа желдеттіру қондырғысында келтірілген параметрлер автоматты түрде реттеледі.

Ауа желдеткіші жүйесінің уақыт әрекеті бойынша, оларды тәулік бойына, жыл бойына және мерзімділік әрекет қондырғыларына бөледі. Қыста қалыпты температураны ұстау үшін жылу жүйесі қолданылады. Санитарлы-гигиеналық қатынастарда тиімділіктің артықшылығы сумен жылыту жүйесі болады.
5.7 Шуылдан қорғану

Шу дегеніміз әрбір жағымсыз тітіркенгіштік дыбысты немесе кейбір жиіліктегі дыбыстар жиынтығын айтады.

Шудың ұзақ уақыт әсер етуі орталық нерв жүйесі мен есту анализаторларын зақымдап, эндогендік жүйенің қызметіне өзгерістер туғызады.

Сонымен қатар адамның назар аудару және еңбек қабілеттерін төмендетіп, жарақаттар мен кәсіби аурудың себептерінің бірі болып саналады.

Шудың спектірінде (жиілік құрамының) адам ағзасына тигізетін әсері өте зор. Оның денгейі биіктеген сайын тигізетін әсерінің салдары аса түседі.

Адамның есту мүшелері 20÷20000 Гц арасындағы дыбыс толқынның тербелістерін қабылдай алады. Бұл интервал дыбыс диапазоны деп аталады.

Шулар – шығу тегіне байлынысты екі топқа бөлінеді:

1) механикалық;

2) аэродинамикалық.

Механикалық шулар қатты денелердің тербеліс соқтығыстарынан пайда болады. Аэродинамикалық шуларға ауа және су, тағы басқа сұйықтардың көзғалыстарынан пайда болатын шулар жатады.

Пісіру цехындағы шуыл оператор ағзасына жағымсыз әсер етеді, сондықтан оператор звукоизоляцияланған кабинада орналасуы қажет. Кабинаның терезелері мен есіктері арнайы конструкцияға ие болуы қажет. Екі әйнекті терезе бүкіл периметрі бойынша резеңке төсеммен бітелуі керек, есіктерді екі қабатты етіп, бүкіл периметрі бойынша саңылау болмау үшін резеңке төсем салып орындайды.

ЭЕМ жұмысы кезінде дауыс деңгейі 75 дБ аспау керек. ЭЕМ машиналық залының дауысы ретінде, баспа қондырғылар, енгізу-шығару қондырғылары алынады. Басқару пультінде шу шамасы 68-78 дБ дейін жетеді, ал бұл шу нормативті мәнінен жоғары.

Шуды төмендету үшін перфорирлік панельдер қолданылады. Толықтырушы ретінде минералдық плиталар қолданылады.

5.1-кесте – Оператор жұмыс орынында жіберілетін дыбыс және дыбыстық қысым деңгейлері



Жұмыс орыны

Дыбыстық қысым деңгейі, ДБ, ортагеометриялы жиілікті октават жолақтарында, Гц

Дыбыс деңгейі және эквивалентті дыбыс деңгейі ДБ

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000




83

74

68

63

60

57

55

54

80


5.8 Жасанды және табиғи жарықтануды ұйымдастыру

Пісіру цехы жұмыс және табиғи жарықтанумен қамтамасыз етіледі. Электрлік жарықтануды жобалау СН және П 2-4-91 «Табиғи және жасанды жарықтануға» сәйкес жүргізіледі.

Пісіру цехын жарықтандыру үшін люминесцентті лампаларды қолдануға болады.

Оператор пультін жарықтандыруға үлкен талаптар қойылады, олар мыналар:



  1. Жұмыс орынының жарықтану деңгейі жоғары болуы қажет

  2. Жарықтың біркелкі түсуі

  3. Көлеңкелердің жоқ болуы

  4. Жарықтанудың уақыт бойынша тұрақты болуы

  5. Электр және өрт қауіпсіздігі, қарапайымдылығы, ыңғайлылығы

Бөлменің бір жағында табиғи жарықтану қолданылады. Қолмен жасалған жарықтануда ең алдымен люменесценттік шамдар қолданылады, олардың жарық қайтаруы өте жоғары болып табылады. Біздің жағдайда ең орындысы люминесцентті лампа ЛБ және ЛТБ қолданылады, қуаттары 20, 40 немесе 80 Вт

Қалыпты еңбек жағдайлары үшін жұмыс орнының дұрыс жарықтандырылуының мәні зор.

ТТС басқару пультінің бөлмесі күндіз табиғи жарықпен жарықтандырылады, бірақ жұмыс кезекті-тәулікті жоспарда орындалғандықтан кешкі және түнгі уақытта жарықтандыру жасанды болып келеді.

Өндіріс ғимараттарының жарықтануы келесі негізгі талаптарға жауап беруі тиіс: жарықтану жеткілікті және біріңғай болуы керек, шектен тыс жарық, қалың және тез көлеңке тудырмау керек, жарық ағынының дұрыс бағыты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет