Екпе ормандарды күтіп-баптау



Дата31.03.2022
өлшемі3,25 Mb.
#137350
түріҚұрамы
Байланысты:
Қалкеш Сұлтан екпе слайд

Екпе ормандарды күтіп-баптау


Агротехникалық күтіп-баптау – бұл арамшөптермен күресу және топырақты қопсыту; Агротехникалық күтіп-баптау екпені отырғызғаннан бастап бөрікбастары қосылып және оларды орманмен қамтылған аумаққа аударғанға дейін жүргізіледі.
Екпелерді күтіп-баптаудың 2 негізгі түрі бар:
агротехникалық
орманшылық
орманшылық – екпелердің құрамы мен жиілігін күтіп-баптау.
Агротехникалық күтіп-баптауға келесі негізгі шаралар жатады:
  • механикалық отырғызудан кейін сеппелер мен тікпелерді қолмен түзеу, жел эрозиясынан
  • кейін топырақ шашу және нығыздау;
  • топырақты қопсыту және арамшөптерді жою;
  • отырғызылған екпелерді көлеңкелемеу үшін арамшөптерді шабу және таптау;
  • арамшөптерді жою үшін топырақты гербицидтермен өңдеу.

Орман екпе ағашын қоректік элементтермен қамтамасыз етуді анықтау әдістері:
  • Айқындылық – өсімдіктің сыртқы белгілеріне қарап анықтау:
  • Өсуінен айқындау, қылқандағы, жапырақтағы, қоректік элементтердің құрамына, қоректік
  • элементтердің құрамы қолайлы жағдайда қоректену ең қолайлы шекке жетеді.
  • Тепе-теңдік әдісі, топырақтан өнім арқылы қоректік элементтерді шығарып алу теориясына
  • құрылған, мысалы басты мақсатта кесуде.
  • Топырақты талдау бұл қоректік заттар қорының жалпы көрінісін береді.

Орманшылық күтіп-баптауды жүргізген кезде екпе ормандардың өсу фазасын есепке алу керек.
Жерсіну фазасы (алғашқы 2-3 жыл) өсімдіктің дара өсуімен сипатталады. Бұл фазада жаңа орынға отырғызылған сеппелердің жерсіну процессі жүреді, көп ағаштардың қурауы байқалады.
Дара өсу фазасы (3-тен бастап 5-6жылдар), екпелердің қатар ішінде бөрікбастарының тоғыса бастауы байқалады және қатар арасында да сирек кездеседі.
Тоғысу фазасы (5-6 жылдан бөрікбасы толық тоғысқанға дейін)
Сүрекдіңнің қалыптасу фазасы Бұл фазадағы бәсекелестікті төмендету үшін күтіп-баптау үшін кесудің жарықтандыру және тазартпалы түрлерін жүргізу керек.
Тазартпалы кесу таза және аралас екпелерде отырғызу жиілігі жоғары болса, өсімдіктің нәр алу аумағын ұлғайту мақсатында жүргізіледі.
Жарықтандыру келесі жағдайларда жүргізіледі:
  • жаппай егілген аралас құрамды екпелерде бағыттас түр мен бұталарды қатар бойында жекелеп кесу арқылы жүргізіледі;
  • жарым-жартылай отырғызылған екпелерде аз бағалы жас ағаштарды қайта жаңарту кезінде қажетсіз түрлердің бұтақтарын кесу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет