Экзамен Нур-Мубарак



бет2/4
Дата14.07.2024
өлшемі24,28 Kb.
#203574
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
экзамен

Жауабы: Ұлттық діндер (немесе этникалық діндер) — белгілі бір этникалық немесе ұлттық топпен байланысты және географиялық таралуы шектеулі діндер. Олар көбінесе белгілі бір халыққа немесе мәдениетке тән жергілікті дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен нанымдарды қамтиды. Әлемдік діндер-бұл бүкіл әлемде кең ізбасарлары бар және бір этникалық немесе ұлттық топпен шектелмейтін діндер.



  1. Қазақ еліндегі ислам мәдениетінің ошақтары



Жауабы: Оңтүстік Қазақстан облыстары, түркілер ішінен көптеген дін ғұламалары шыға бастады және түркі тілі алғаш рет ғылыми түрде қолға алынып, М.Қашқаридың «Түркі тілінің сөздігі» және Ж. Баласағұнның «Құтты білігі» жарыққа шықты. Мұсылмандықты мемлекеттік дін еткен Қарахандықтар әулетінің билігін барша ғалымдар оңды бағалаған: «Қарахан әулеті тұсында түрік этносының ой санасы өседі, мұсылман әдебиеті түркі тілінде шыға бастайды. Қарахан дәуірі сапалық жағынан қоғамның барша саласындағы жаңа кезең боп табылады.



  1. Қазақстандағы діни ағымдар санының өсуінің негізгі себептері



Жауабы: ІХ ғасырда Муғтазилия ілімінің Аббасидтер идеологиясына айналуына байланысты Орталық Азияда Исламның рационалистік ағымдары өмір сүрді. Осының нәтижесінде Фараби, Ибн Сина, Бируни, Матуриди секілді шариғатпен қатар пәлсапа ілімін менгерген ғалымдар шықты. Сондай-ақ, нақлді (Құран мен Сүннет) жоғары қойған Бұхари, Муслим секілді хадистанушылар, Мәрғинәни, Дәбуси, Сарахси, Бәздауи секілді фиқһ ғалымдары бой көрсетті. Тіпті, Қарахан дәуірін терең зерттеген З.Кабакшы осы кезеңде Мәуреннахрдан үш жүзден астам фиқһ ғұламаларының шыққанын айтады.



  1. Інжіл туралы не білесіз?



Жауабы: (Араб. инджил) — барлық жаңа өсиеттің тұтас атауы ретіндегі Евангелие. Құран дерегі бойынша Иса пайғамбарға жолданған қасиетті кітап. Iнжіл Құдайдың қасиетті кітаптары Таурат пен Құранның қатарында аталады. Құранда Алланың дін үшін шейіт болғандарды жұмаққа жіберетіні туралы уәдесін дәлелдеу үшін Інжілге сілтеме жасалады. Құрандағы жазу бойынша Інжілде Мұхаммедтің пайда болатыны жайында алдын ала айтылған, бірақ Інжілдегі бұл тексті христиандар бұрмалап жіберген.



  1. Қазақстандағы діни ахуалдың жай-күйін түсіндіріңіз



Жауабы: Бүгінде елімізде діни ахуал тұрақты деп бағаланады. Бұл, біріншіден, бізде барлық дәстүрлі діндердің өмір сүруі мен дамуына қолайлы жағдай жасалғандығымен түсіндіріледі. Жүзден астам ұлт пен 18 конфессияның өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр, олардың 70 пайыздан астамы сүнниттік мұсылмандар. Екіншіден, мемлекет тарапынан көптеген ағарту жұмыстары жүргізілуде, оған қомақты қаражат бөлініп, тұтас бағдарламалар мен жобалар әзірленіп, қабылданды, еліміздің түкпір-түкпірінде ақпараттық-түсіндіру топтары жұмыс істейді, көптеген ресми рухани-ағартушылық сайттар ашылды, мақсатты халықтың діни сауаттылығын арттыруда және жалпы тұрақты діни ахуалды қалыптастыруда.



  1. Қазақ даласында кең таралған қандай 3 дінді білесіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет