«Түрік Елі» идеясы мен «Қазақ Елі» идеяларының арасында өзара сабақтастық бар екендігін, ал бұл ұстанымдардың сақ, ғұн, үйсін және қаңлы сияқты этникалық қауымдастықтардың қоғамдық өмірінен бастау алатындығын айтқан жөн. Сондай - ақ бұл ретте б.з.д. ІІ ғасырда мемлекеттік құрылымы бар ел ретінде танылған ғұн, үйсін және қаңлылардың түркі этносына тән екендігі, мәселен, көне қытай жылнамаларында түркілер мен үйсіндердің шығу тегіне байланысты аналық қасқыр туралы ортақ аңыз осы тұжырымға толық негіз бола алады.
«Ел» атты ұғымның, елдік сананың өмірге келу тарихынан