Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі



Дата07.02.2022
өлшемі18,3 Kb.
#82779
Байланысты:
доклад Акку


Әл-Фарабидің ұстаздық шеберлігі
Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған жазбаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған.

Әбу Насыр бала күнінен ғылымға үйір болып өсті, оның бақытына қарай сол заманда Отырарда аса бай кітапхана бар еді. Әл-Фараби парсы, грек тілдерін үйренеді, осы тілде ғылыми трактаттар оқиды.788888863++++++


Әл-Фараби түсінігінде, ұстаз да қала басшысы сияқты ел жетекші, халық қадірлісі. Медресе балаларды оқытып, тәрбиелесе, қала бастығы олардың ата-анасына өнеге көрсетеді, халықты ізгі қасиеттерге баулиды. Олай болса мұның екеуі де “сегіз қырлы, бір сырлы” қай жағынан да болса барша халықтан қош ілгері тұрған кісілер. Сондықтан бұл екеуіне де мынадай 12 түрлі қасиет сәтті қабысып келсе нұр үстіне нұр болған болар еді:
түрлі іс-әрекетті нәтижелі етіп орындауға ыңғайлы бейім болуы;
Нені болса да жақсы айырып, тез тұжырымға келе алатын;
Өзінің түсініп, сезгенін көріп, білгенін есіне жақсы сақтай алатын;
Көреген ойлы, талғампаз, ақылды адам болуы;
Ойын анық, дәл бере алатын, көркем сөйлей алатын шешен;
Ілім-білімді, оқу-ғылымды ақыл-ой жұмысының үлкен бейнетін тек ләззат санайтын адам;
Қайда жүрсе де өте ұстамды;
Өтірік-өсекті, мылжыңдықты жек көріп, шындықты, әділдікті бар ынтасымен сүйе білу;
Өр кеуделі, жан мен арын бірдей кіршіксіз ұстайтын адам;
10.Мал-мүліккке, дүние-жиһазға, мәнсіз ұсақ тіршілікке қызықпау;
11 .Табиғатынан әділ, шынайы, шыншыл;
12.Басқаға дау, өзіне де қиянат қыңыр-қиқар болмай, әркез шешімге келе алатын байсалдығы мен батылдығы қатар жүре алатын, қорқыныш пен үрейге жол бермейтін адам; Осылайша бабамыз Әл-Фараби өнегелі ұстаз бен әділ билеушіге ортақ 12 қасиетке мән береді де, бұған қосымша жұртты аузына қаратқан даналық, заң мен әдеп-ғұрыптарға жетістік, іс-әрекеті осыларға сәйкес.
Әл-Фараби ұстаз бен шәкірт арасындағы ара- қатынастарды олардың моральдық қатынастың қандай болу керектігін де ескерген. Ұстаз өз шәкірттерінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы қасиеттер болу қажет. “Мұғалімдік” (ұстаздық) еткен адамның өлшеуі тым өкпелі болмасын және тым асыра босаңсытқан төмендікпен де болмасын. Егер тым қатты үнемі ызғармен болса, онда оқушылар мұғалімді жек көретін хәлге жетеді. Егер тым босатып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мүғалімдерді кем санау, оның ғылымына жалқау қарау қаупі тұрады деп жазды өзінің “Философияны үйрену үшін алдын-ала не қажет” деген еңбегінде.
Ұстаз өнегісінің, озат үлгісі жөнінде ғұлама ғалым Әл-Фарабидің айтуы бойынша нағыз ұстаз ғана айтқанын екі еткізбейтін, ешкім шағым жасауға батылы бармайтын, білімі телегей – теңіздей, ақыл-ой парасаты да, ерік- жігеріне де ешкім тең келе алмайтын адам. Осындай қасиеттері бар ұстаз ғана шәкіртке үлгі-өнеге көрсетеді, ол халықты соңына ертіп, оның мұң-мұқтажын, талап- тілегін орындай алады

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет