білім беру бағдарламасынан тыс мәселелерді үйренуге ұмтылатын.
ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін оқушы бойында білімді қалыптастыру қандай маңызды болса, дағдыны қалыптастырудың маңызы да сондай деңгейде деген ойлар жоғарыда айтылған болатын. Жалпы дағдыны қалыптастыру арқылы оқушы бойында қандай құнды дүниелер қалыптастыра аламыз? Алдымен дағды сөзінің мағынасына көз жүгіртер болсақ,дағды - автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет, көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Сонымен, дағды – бұл оқушының белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға машықтануы.