Elc5431 электротехниканың теориялық негіздері 2 ПӘні бойынша дәрістер жинағЫ



бет27/40
Дата13.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#168565
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
ELC5431 Теоретические основы электротехники II

Толқын ұзындығы деп, толқынның таралу бағытынан алынған және тербеліс фазалары 2π-ге тең айырмашылықта болатын екі нүктенің ең жақын ара қашықтығын айтады:
Периодқа тең уақыт ішінде толқын ұзындығы толқын ұзындығына тең қашықтықты жүріп өтеді. Комплекстік шама таралу коэффициенті деп аталады:



- өшу коэффициенті, ол тура және кері толқындарының амплитудаларының өшуін сипаттайды.
- фаза коэффициенті, ол фаза өзгерісін сипаттайды.
Толқындық кедергі тиісті кернеулер арқылы тура және кері толқындардың токтарын анықтауға мүмкіндік береді.. Комплекстік толқындық кедергі
.
Желінің кірістік кедергісі деп желінің басындағы режимді есептегенде желі мен қабылдағышты бірге балама айырбастауға болатын екіұштықтың кедергісін айтады:
.
Кірістік кедергіні желінің бос жүріс және қысқаша тұйықталу режимдері кезіндегі кірістік кедергілері арқылы анықтау ыңғайлы:

Сипаттамалық кедергіні және таралу коэффициентін де Zбж , Zқт арқылы табуға болады:
Толқынның шағылысу коэффициенті деп кері толқын мен тура толқындардың комплекстік кернеулерінің немесе токтарының қатынасын айтады: .
Егер желінің соңындағы жүктеменің кедергісі толқындық кедергіге тең болса , онда толқынның шағылысу коэффициенті нольге тең. Бұл жағдайда желіде шағылысқан (кері) толқын болмайды. Осындай жүктемені келісімді немесе шағылыссыз жүктеме деп аталады.
Негізгі әдебиет: 1 [220 - 232, 235-244].
Қосымша әдебиет: 5 [454 – 458, 460– 466], 6 [344 – 352].
Бақылау сұрақтары:

  1. Таратылған параметрлі тізбек туралы түсініктеме беріңіз. Ұзын желі деп нені айтамыз?

2. Ұзын желінің балама сұлбасындағы бойлық және көлденең кедергілер желінің қандай ерекшеліктерінен туындайды? Желінің бірінші ретті параметрлерін атаңыз.
3. Қандай режимді қалыптасқан режим деп атайды? Кернеу мен токтың өзгерісінің комплекстік теңдеуін көрсетіңіз. Тура толқын және шағылысқан толқын туралы түсініктеме беріңіз.
4. Біртектес желінің гиперболикалық функциялар арқылы өрнектелген теңдеуін жазыңыз.
5.Біртектес желінің сипаттамаларын атаңыз. Таралу жылдамдығы деген не? Желінің сипаттамалық кедергісі деген не?
6.Фазалық жылдамдық, толқын ұзындығы қалай анықталады?

13 Біртектес желілердің гиперболикалық функциялар арқылы өрнектелген теңдеулері. Біртектес желілердің сипаттамалары.


Таралған параметрлі электр желілері деп ток пен кернеу оның бір нүктесіне келесі нүктесіне өткенде үздіксіз өзгеріп отыратын желілерді айтады. Мұндай желілерді ұзын желі деп те атайды. Таралған параметрлі электр жүйелеріне жататындар – байланыс желілері, электр энергиясының желісі, антеналар, толқын жолы, көлемдік резонаторлары және басқалар.
Ұзын желінің ұзындығы оны бойымен жүретін толқын ұзындығына тең немесе одан да ұзын болады. Желі- электр энергиясын немесе сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін генератор мен қабылдағыштарды жалғастыратын желілік сымдар жүйесі. Желілік сым деп ұзындығы көлденең қимасы өлшемінен әлдеқайда үлкен сымды айтады. Ұзын желінің бойында кернеу мен ток өзгеріске түсуі оның бүкіл өнбойына таралған бойлық және көлденең кедергілердің болумен түсіндіріледі. Бойлық кедергілер сымдардың активті кедергілерінен және қатар орналасқан сымдардың индуктивтіліктерінен туындайтын кедергілерден құралады. Көлденең кедергілер сымдар арасындағы изоляцияның нашарлығынан туындайтын қашпа кедергілерден және өзара қарсы орналасқан желінің сымдарының арасындағы сыйымдылықтан туындайтын кедергілерден құралады.
Ұзындықтары бірдей желі бөліктерінің бойлық кедергілері өзара тең және көлденең кедергілері өзара тең болса, онда мұндай желіні біртектес желі деп, ал сәйкес кедергілердің теңдігі орындалмаса, онда біртектес емес желі деп атайды.
Біртектес желінің біріншілік параметрлеріне оның ұзындық бірлігіне сәйкес келетін мына параметрлер жатады: - тура және кері сымдырдың кедергілері, - тура және кері сымдардан құрылған тұзақтардың индуктивтігі, - сымдар арасындағы өткізгіштік, -сымдар арасындағы сыйымдылық. Біріншілік параметрлердің тұрақтылығын сақтау үшін бірқатар шарттар орындалуға тиісті:
- барлық желі ұзындығы бойында сымдардың диаметрі бірдей болуға тиісті;
- желі сымдарының ара қашықтықтары өзгеріссіз қалуға тиісті;
- желі сымдары біртекті материалдардан жасалуы керек;
- әуе желілері сымдарының әркайсысы жерден бірдей биіктікте орналасуы керек;
- желі астындағы және оның өн бойындағы электрлік қасиеттері бірқалыпты болуға тиісті;
- барлық желінің өн бойында әрбір сымдар айналадағы ортада бірдей жағдайда болуға тиісті.
Бұл келтірілген жағдайлардың жиынтығын қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан қарастырылған біртектес желілердің мұндай шарттары идеализацияланған деп саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет