Бекен. Дұрыс.
Әшірбек. Әбден дұрыс.
Шаншар атай(балаларға).Әп-бәрекелді. Бәсе? (Санатбайға).Сен бізді шал деп менсінбейді екенсің ғой. Жөн, жасы ұлғайып қартайған кісіні сыртқа сүйреп тастау керек шығар онда. Бір жақсы жері оның заманы өткен. Айналайын өкіметім бізді өмірден өгейсіретіп отырған жоқ, қайта бойыңдағы қайратыңды орнымен жұмсап, жастарға білгеніңді үйрет, қартым, деп отыр.
Мен – өкіметтің адамымын. Керек екен, біз басқармаға да ақыл айтамыз. Жөн екен, тыңдайды ол бізді. Қане, тұр былай жұрт қатарына жаныңның барында. (Атай қаһарланып бір ұмтылып қалады. Санатбай балалардың арасына сүңгіп кетеді. Балалар ду күледі).