Әлдихан Қалдыбаев


Прокурор. Қасқабай Төреқұлович, бұл – өте қиын іс. Әкім



бет216/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   340
Прокурор. Қасқабай Төреқұлович, бұл – өте қиын іс.
Әкім. Білемін, қиын іс. Мәселенің өзі де сонда, қиындығында. Сіздер мен біздер шабақ шайнап үйренгенбіз. Міне, енді қолымызға акулалар түсіп еді, не істерімізді білмей, тапырақтап қалдық.
Прокурор. Оларды қамаққа алу түкке де тұрмайды. Тек ұяты сізге келмесін деп отырмыз біз.
Әкім. Осыдан келгенді көрдім, апарыңдар абақтыға!
Прокурор. Апарамыз. Жабамыз. Тергеуге аламыз. Бәрін жасаймыз. Әкімдеріңіз мерзім алады, сонда не болады? Қазақстанда парақорлық тоқтай ма? Әй, қайдам, қайта өрши түсетін шығар. Неге, өйткені оның тамыры тым тереңге кеткен.
Генерал. Ия, сөйткен. Мынау әншейін бергі жағы. Мұның әкесіндей параны жалмап, жалғанды жалпағынан басып жайнап жүргендерде есеп жоқ.
Әкім. Бұл айтып отырғандарыңыз – бос сөз, ал мынау – факт. Сіздер факт бойынша әрекет ететін құрылымдардың басшысысыздар. Мен артық ештеңе талап етпеймін, бәрі заң құзіреті ауқымында болсын.
Прокурор (орнынан тұрып). Өзіңіз біліңіз. Сіз айттыңыз, біз орындаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет