Electronics Workbench бағдарламасымен танысу. Electronics Workbench



бет1/3
Дата01.06.2020
өлшемі129,09 Kb.
#71941
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Electronics Workbench бағдарламасымен танысу.


Electronics Workbench бағдарламасымен танысу.
Electronics Workbench бағдарламасы аса күрделі аналогтық, цифрлық және цифрлы аналогтық сұлбаларды модельдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның құрамындағы кітапханада кең таралған электронды компоненттердің үлкен жинағы бар. Жаңа компоненттерді кітапханасына қосуға және құруға мүмкіншілік бар.

Компоненттердің параметрлерін кең мәнді диапазонында өзгертуге болады. Қарапайым компоненттер – мәндерін батырмадан өзгертуге болатын параметрлер жинағымен сипатталады, активті элементтер – элементтер параметрлер жиыны болып табылатын және нақты бір элементті немесе оның идеалды түрін (үнсіздік) сипаттайтын модель арқылы сипатталады.

Аспаптардың кең жинағы әр түрлі шамаларды өлшеуге, кірістік әсерлер беруге, графиктерді құруға мүмкіндік береді. Бүкіл аспаптар (амперметр, вольтметр, осциллограф, мультиметр, Боде плоттер (сұлбалардың жиіліктік сипаттамаларының графигін құратын аспап), функционалды генератор, сөздік генераторы, логикалық анализатор және логикалық түрлендіргіш) нақты түрге максималды жақындатылып бейнеленген, сондықтан олармен жұмыс істеу жеңіл және ыңғайлы.

EWB сұлбалардың талдауларын тұрақты және айнымалы тоқтарда жүргізе алады.

Тұрақты тоқты талдау кезінде (DC) қалыптасқан режимдегі сұлбаның жұмыс нүктесі анықталады. Айнымалы тоқтағы талдау (AC) сызықты емес компоненттердің модельдерін алу үшін тұрақты тоқтағы талдау қорытындыларын қолданады. (AC) режиміндегі сұлбалардың талдауы уақытты және жиіліктік аймақтарда жүргізіле алады.



EWB-да сұлбаларға әр түрлі кірістік сигналдар әсер еткендегі өтпелі процестерді зерттеуге болады.

Модельдеу қорытындыларын принтерге шығаруға немесе әрі қарай өңдеу үшін мәтінді немесе графикалық редакторларға енгізуге болады.

Өткізгіштердің түстерін өзгерту арқылы күрделі сұлбаларды ыңғайлы және көрнекті етуге болады. Графиктерді де әр түрлі түстермен бейнелеуге болады, бұл бірнеше тәуелділікті бір уақытта зерттеуге өте ыңғайлы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет