Елекен гульнур кабдыгалымовна



Pdf көрінісі
бет4/41
Дата21.12.2022
өлшемі3,82 Mb.
#163529
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ЕЛЕКЕН-ГУЛЬНУР-КАБДЫГАЛЫМОВНА

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


6
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
АНҚ 
БАВ 
- аналитикалық нормативтік құжат 
- биологиялық активті заттар 
БЖ 
- биологиялық жеткіліктілік 
БДҰ 
КЗ 
- бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 
- кӛмекші заттар 
КЖ 
- кӛмекші жұмыстар 
Г 
- грамм 
ГТП 
- гамлен таблетпрес 
ГОСТ 
- мемлекеттік стандарт 
МКЦ 
- микрокристалды целлюлоза
ДҚ 
ДЗ 
- дәрілік қалып 
- дәрілік зат 
ЕФ 
- еуропалық фармакопея 
ЖШС
ҚазҰМУ
ҚР 
- жауапкершілігі шектеулі серіктестік 
- Қазақ Ұлттық медицина университеті 
- Қазақстан Республикасы 
ҚОМ 
- қаттау, орамдау, маркілеу 
Л 
- литр 
М 
- масса 
Мин 
- минут 
Мг 
- миллиграмм 
Мл 
- миллилитр 
Мм 
- миллиметр 
МТ 
- минитаблетка 
МФ 
- мемлекеттік фармакопея 
НҚ 
- нормативтік құжат 
СҮ 
См 
- стандарттық үлгі 
- сантиметр 
ТП 
- тікелей престеу
ТШ 
- техникалық шарт 
ТП 
- технологиялық процесс 
т.б.
- тағы басқа 
Т 
ТМД 
ТҮ 
- температура 
- тәуелсіз мемлекеттер достастығы 
- технологиялық үрдіс 
ФН 
-
фармацевтикалық нарық 
FDA 
-
Food and Drug Administration (Азық-түлік және дәрілер 
сапасын санитарлық бақылауын басқару) 
ODF 
-
Orodispersible films (ауыз қуысында дисперстелетін 
пленкалар) 
ODMT 
-
Orodispersible minitablets (ауыз қуысында дисперстелетін 
минитаблеткалар) 



КІРІСПЕ 
 
Тақырыптың ӛзектілігі 
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық 
жоспары туралы», «Денсаулық», «Саламатты Қазақстан», «Нұрлы жол»
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық ӛндірісін 
дамыту бағдарламаларына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасын 
кӛтеру мақсатында отандық бәсекеге қабілетті препараттар ӛндіру, импортты 
алмастыру алға қойылған мақсат.
Бүгінгі таңда ҚР нарығында антигистаминдік препараттар үлесі 20 % 
құраса, оның ішінде отандық препараттар 0,6 % құрайды. Осыған байланысты 
заманауи қосымша заттарды пайдалана отырып, отандық лоратадин 
препараттарын жасау қажеттілігі туындады.
Қатты дәрілік қалыптардың (таблетка және капсула) кӛптеген 
артықшылықтарына қарамастан, балалардың бұл қалыпты жұтуында 
қиындықтар туындауда. Қазіргі заманғы дәрілік заттардың дамуы тек қана 
дәстүрлі сұйық түрінде емес, сондай-ақ қатты түрінде де педиатрияда тұтынуға 
жеңіл болуы шарт. Мұндай дәрілік қалыптардың дамуы дәрілік қалып 
технологиялық платформасын жасауы мүмкін, әрі басқа да жаңа
препараттарды енгізуге мүмкіндік береді. Ауыз қуысында жылдам ыдырайтын 
түйіршікті және минитаблеткалы инновациялық препараттар дайындалуы 
жоспарланған. Қатты дәрілік қалыптар дәрінің тұрақтылығын және дәмін 
қабықшасы арқылы сезінбеуге мүмкіндік береді. Нақты дозасы және жұтыну 
жеңілдігі - әрқашан балалардың емінде жүзеге аса бермейді, сондықтан, қатты
дәрілік қалыптар үшін маңызды талап, сұйық түріндегі артықшылықтарын 
сақтау болып табылады. Заманауи жоспар - құрамында минитаблеткалары бар 
шағын технологиялық тізбек құру бойынша бӛлек немесе қоспа ретінде 
енгізілетін бірнеше дәрілік қалып препараттарын шығаруды кӛздейді. 
Зерттеу ӛндірістік процесстердің шарттарын таңдауға және ӛндірістің 
жүзеге асырылуында маңызды - сапаны бақылауға негізделген. Әсіресе 
минитаблеткалардың технологиясы (таблеткалар, қабықшамен қаптау) әлі 
күнге дейін толық қанды зерттелмеген болып табылады. Алынған нәтижелер 
дәрілік заттардың ӛндіріске жылдам шығуына және оның артықшылықтарын 
бағалауға мүмкіндік береді. Педиатрия тәжірибесінде ауыз қуысында еритін 
минитаблеткалардың аса қолайлы дәрілік қалып ретінде қолданылып, жоғары 
дәрежелі маңыздылыққа ие болуы анықталды. Бұл тұжырым, негізінен 
инновациялық дәрілік қалыптың органолептикалық кӛрсеткіштері (дәмі, иісі) 
және жұтыну жеңілдігін анықтайтын факторларға сәйкес жауап бере алады. 
Қатты дәрілік қалыптарды балалардың жұтуын жеңілдету үшін, оларды желе 
тәріздес тағамдық қоспамен бірге беруге болады. 
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, отандық дәрілік заттарды дайындау 
ӛзекті мәселелер қатарына жатады және фармацевтикалық ғылымның заманауи 
міндеттеріне сәйкес келеді. 
Сонымен, аллергияға қарсы әсері бар лоратадин субстанциясы негізінде 
ауыз қуысында еритін мини таблеткалардың ӛндірісіне заманауи 



технологиялық әдістерді қолдана отырып антигистаминдікк дәрілік құралдарды 
дайындау Қазақстан фармацевтикалық нарығының импорттан тәуелділігін 
тӛмендету мәселесін шешудегі ӛзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл 
жұмыстың негізгі мақсаты педиатрия және гериатрия тәжірибесінде ауқымды 
түрде қолданылатын жаңа дәрілік қалып жасау болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет