ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАРДЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Элективті курстарды оқыту үшін келесі оқу-әдістемелік кешендер
дайындалуы керек:
• бағдарлама,
• оқу-тақырыптық жоспар (тақырыптық жоспар),
• сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныстар (сабақтың қысқа мерзімді
жоспары),
• дидактикалық материалдар: тесттер, кестелер, сызбалар, тапсырмалар,
жаттығулар, тапсырмалар, сұрақтар, жеке жұмыстарға арналған тақырыптар
(эссе, жоба, хабарлама), шығармашылық тапсырмалар және т.б.
• жұмыс дәптері, оқу құралдары және т.б.
Курстың мазмұны дәстүрлі оқулық түрінде де, басқа да түрде де (видео
курс, интерактивті компьютерлік бағдарлама, интернет-ресурстар және т.б.)
ұсынылуы мүмкін. Оқу материалын ұсыну мұғалімнің дәрісті оқуға және оқу
материалын бірсарынды баяндауға бағыттамауы керек.
Ол білімалушыға сабақта орындалатын (мысалы, мәтіндер, зертханалық
эксперименттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған нұсқаулық,
талқылау материалдары және т.б.), курсты игеру бойынша өзіндік жұмыс
үшін, үй тапсырмаларын орындау үшін және шығармашылық жобалар
дайындау үшін толық ақпараттармен қамтамасыз етуі керек.
Бағдарламаны,
оқу жоспарын және элективті курстың әдістемелік кеңестерін толығырақ
сипаттайық.
Бағдарлама - элективті курсының мазмұнын көрсететін нормативтік
құжат. Элективті курс бағдарламасына белгілі бір талаптар қойылады.
Элективті курстардың бағдарламаларына қойылатын талаптар:
1. Бейіндік және бейіналды оқыту тұжырымдамасының ережелерін
сақтау. Бағдарлама оқушыларға таңдауға, олардың қажеттіліктері мен
мүмкіндіктерін бағалауға және орта мектеп бейіні туралы саналы таңдау
жасауға мүмкіндік береді.
2. Оқушыларға арналған жаңалық дәрежесі. Бағдарлама оқушыларға
негізгі бағдарламаларда жоқ жаңа білімдерді қамтиды.
3. Бағдарламаның уәждік (мотивациялық) әлеуеті. Бағдарламада
танымды қызығушылық тудыратын және орта мектепте оқудың бейінін
анықтау үшін маңызы бар білім бар.
4. Мазмұнның толықтығы. Бағдарлама жоспарланған оқыту
мақсаттарына жету үшін қажетті барлық білімдерден тұрады.
5. Ғылыми мазмұны. Бағдарламаға прогрессивті ғылыми білім және
адамның практикалық қызметінің ең құнды тәжірибесі енеді.
6. Мазмұнның өзгермелігі (нұсқаларының көптігі). Бағдарламаға
енгізілген материалды мектеп оқушыларының әр түрлі топтарына
(категорияларына) қолдануға болады, бұл оған енгізілген білімді қорыту
арқылы қол жеткізіледі; оларды профильге дейінгі дайындықтың барлық