ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Мамандық 5В091200 Мейрамхана іс және қонақ үй бизнесі
(3 оқу жылы, қазақша)
ҚАРАҒАНДЫ 2016-2017 ж.ж.
Элективті пәндер каталогы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған
№ _5__ хаттама «_31__»___03___2016 ж. Қарағанда, ҚҚЭУ 2016. _36__ бет.
Каталог элективті пәндер тізімінен (таңдау бойынша компоненттен) және мамндық бойынша олардың бағдарламаларының қысқаша курсынан тұрады. ҚҚЭУ оқытушылары мен студенттеріне арналған.
СТУДЕНТ ЖАДЫНАМАСЫ
Құрметті Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті!
Сізге элективті оқу пәндерінің Каталогы ұсынылып отыр. Бұл жүйеленген аннотация берілген элективті оқу пәндерінің тізбесі. Ол сіз үшін оқытудың жеке траекториясын дербес, жедел, икемді және жан жақты қалыптастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында жасалды. Бұл Өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызды жасаудағы Сіздің көмекшіңіз.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында бүкіл оқу пәндері 3 цикл – Жалпы білім беруге (ЖБП), Базалыққа (БП) және Бейіндік пәндерге (БП) бөлінеді. Оқу пәндерінің осы циклдерінің әрбірінің ішінен 2 түрге – Міндетті компонент пен таңдаған компонентке (элективті, яғни таңдап алатын оқу пәндеріне) бөлінеді. Мамандықтар бойынша Мемлекеттік білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарттары мен міндетті пәндер компоненттерін аталған мамандық студенттерін қоспағанда бүкілі оқып үйренеді.
Элективті оқу пәндерін кафедралар Сіздің оқып үйренуіңіз үшін ұсынады.
Элективті оқу пәндерінің бүкіл тізбесінен Сіз, атап айтқанда Өзіңіз үшін қызықтысын таңдай аласыз. Осылай, оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша Сіздің жеке оқу жоспарыңызға 2 бөлім: Міндетті компонент пен таңдаған Компонент (элективті оқу пәндері) енетін болады.
Каталогтың көмегімен Өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызға енгізу үшін элективті оқу пәндерін қалай таңдауға болады?
Тізімде Сіздің курсыңыз бен оқу семестрін табыңыз.
Элективті оқу пәндеріне Типтік оқу жоспарымен, барлығы қанша кредит бөлінетінін анықтаңыз.
Элективті оқу пәндері тізбесінің өзімен танысыңыз. Оқу пәндері таңдаған курстарға тиісті нөмермен біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндердің әрбір тобынан тек қана бір элективті оқу пәнін таңдауға болады.
Өзіңізді қызықтырған элективті оқу пәнінің Сипаттамасын оқыңыз және Өз таңдауыңызды жасаңыз.
Сіз таңдаған кредиттер санының Типтік оқу жоспары бойынша талап етілетін санға сәйкес келуін тексеріңіз.
Сізге элективті оқу пәндерін таңдауда Өзіңіздің эдвайзеріңіз көмектеседі.
БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
МАМАНДЫҚ 5В091200 МЕЙРАМХАНА ІС ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІ
ОҚЫТУ МЕРЗІМІ: 3 ЖЫЛ
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
1 курс
Пәндер циклы
|
Пәндер коды
|
Пәндер атауы
|
Кредиттер саны.
|
Семестр
|
1 курс
|
Таңдау бойынша курс 1
|
БД
|
PP 1212
|
Кәсіпкерлік құқығы
|
2
|
2
|
PRSSKU 1212
|
Әлеуметтік-мәдени қызмет аясындағы құқтық бақылау
|
Таңдау бойынша курс 2
|
БД
|
Mak 1214
|
Макроэкономика
|
2
|
2
|
RSS 1214
|
Әлеуметтік саланы реттеу
|
Таңдау бойынша курс 3
|
БД
|
Mik 2215
|
Микроэкономика
|
2
|
1
|
MSST 2215
|
Туризм және әлеуметтік саладағы микроэкономика
|
Таңдау бойынша курс 4
|
БД
|
ChR 1216
|
Адамзат дамуы
|
2
|
1
|
Kon 1216
|
Қақтығыстану
|
Таңдау бойынша курс 5
|
БД
|
Kul 2218
|
Мәдениеттану
|
2
|
2
|
Rel 2218
|
Дінтану
|
Таңдау бойынша курс 6
|
БД
|
MIG 2223
|
Әлемдік қонақжай индустриясы
|
3
|
2
|
EB 2223
|
Бизнес этикасы
|
Таңдау бойынша курс 1
Кәсіпкерлік құқығы
Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР банк құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: ҚР кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын зерттеу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, пәні және әдістері. Кәсіпкерлік құқық ғылымы. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері. Дара кәсіпкерлік: өзіндік және бірліскен кәсіпкерлік. Заңды тұлғалдардың кәсіпкерлігі. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Стандартизацияның құқықтың негіздері. Сертификацияның құқықтық негіздері. Моногамияны мемлекеттік реттеу. Жосықсыз бәсекенің түсінігі және формалары. Жосықсыз бәсеке үшін жауапкершілік. Шетел инвестицияларының түсінігі және түрлері. Сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері және түінігі.
Күтілетін нәтижелер: Құқықтық нормаларды нақты ситуацияда қолдана білу, кәсіпкерлік құқық саласында құқықтық ұғымдар мен категорияларға сүйене білу, теория және практиканың құқықтық мәселелерін талдап, шеше білу, сабақтас құқық саласының білімдерін құқықтық мәселелерді шешуде қолдану, құқықтық істердің мән жайларын зерттеп, негізді шешім қабылдай білу;
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: аға оқытушы Амантай А.А., аға оқытушы Хауия С.
Әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету саласындағы құқықтық реттеу»
Пререквизиттері: “Рим құқығы”, “Мемлекет және құқық теориясы”
Мақсаты: Пәннің мақсаты әлеуметтік сервис және туризм саласының теориялық негіздерін зерттеу және практикалық дағды алу болып табылады.Әлеуметтік- мәдени қызмет саласындағы құқықтық реттеу пәні студенттердің әлеуметтік-мәдени сервис және туризмнің, сол сияқты туроператорлар мен турагенттер жұмысының құқықтық реттелуі туралы білім алуларына мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студент:
- туристік қызмет саласындағы халықаралық келісімдер, азаматтық- құқықтық шарттардың жекелеген түрлері туралы заңдармен заңға бағынышты актілерді қолдану тәртібін білуі қажет.
- Нормативті актілерге сүйене отырып туризм және қонақ үй институттарына сипаттама (мінездеме) беру, жалпы түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу. Пәнді оқу барысында игерген білімді студент тәжірибеде шығармашылық түрде қолдана білуі. студенттер пәнді оқу барысында азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқықтардың негіздерін білуі керек, туристік қызмет саласындағы шарттар, әлеуметтік мәдени сервис саласындағы дауларды қарау тәртібі,туристік қызметтегі құқықтық және консалтингтік қызмет көрсету сияқты институттарды зерттеп, нақты жағдайларда қолдана білу
- Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру. Сонымен қатар студенттер қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулерімен және туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы мәселелері бойынша мерзімді баспасөзде басылып шығарылатын қаулылармен танысуға міндетті.
- Студенттердің өзіндік жұмысының нысаны ретінде туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы тәжірибесін жалпылайтын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады. Студенттер кәсіпкер, менеджер немесе заңгер ретінде жұмысты орындау үшін тәжірибелік дағдыларға ие болып, азаматтық құқықтық құжаттарды (азаматтық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.
Тұрақты түрде кәсіби тұрғыдан өсіп отыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Туризм және қонақ үй бизнесі құқықтық реттеу объектісі ретінде. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы қызметті басқару. Туризм қызметі және қонақ үй бизнесі СуБЪЕКТілері . Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы кәсіпкерлік істің ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы шарттар. туристік формальдылық. туризм және қонақ үй бизнесін сақтандыру. әлеуметтік- мәдени сервис саласындағы коллизиялық нормалар. туристік ұйымдар мен қонақүйлердің азаматтық құқықтық жауапкершіліктері. әлеуметтік- мәдени сервис саласындағы лицензиялау және сертификация. туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы дауларды қарастыру тәртібі. халықаралық туристік құқық қайнар көздерінің сипаттамасы
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ахтышхан Е.А.
Таңдау бойынша курс 2
Макроэкономика
Пререквизиттер: Статистика, Информатика, Экономикалық теория, Микроэкономика.
Мақсаты: экономиканы біртұтас бірлік ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеу, экономиканың үй шаруашылықтары, жеке меншік, мемлекеттік және сыртқы секторлар сияқты ірі құрамдас бөліктерін ажырату.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Макроэкономика пәні және макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері. Макроэкономикалық көрсеткіштер. Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдар, жұмыссыздық,инфляция. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. AD-AS үлгісі. Тұтыну және жинақтау. Ақшаға сұраныс және ұсыныс. Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. Бюджет-салық саясаты. Капиталдың жинақталуы және экономикалық өсу. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік қарыз. Төлем балансы және валюта бағамы. Айырбас бағамының тәртіптері және жиынтық сұраныс. Халықаралық сауда және сауда саясаты.
Күтілетін нәтижелер:
- жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестициялар, тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік, бюджет және ақша саясаты, экономикалық өсу, ашық экономика деңгейіндегі сұрақтарды білулері керек.
- макроэкономика курсының мәліметтерін, курстың құрылымы мен өспелі бюджет тапшылығы мен теңгермелі кірісті қысқа және ұзақ мерзім тұрғысынан талдау мен ғылыми болжау жасау білімін студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.
- макроэкономика курсында аталмыш курстың классикалық және экономикалық айнымалылар арасындағы өзара байланыстар берілген. Курста макроэкономиканың қалыптасуына негіз болатын экономикалық-математикалық модельдерге сүйене отырып, нақты жайттарды талдау әдістерін айқындау дағдыларын меңгеру қажет.
- студент ие болған білімін макродеңгейдегі теория мен тәжірибеде шаруашылық шешімдерді қабылдау,макродеңгей шеңберінде адамдар арасындағы әлемнің күрделі экономикалық қатынастарын, өз еркімен жинақтау туралы үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдерін қабылдауға инвестицияларды, басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, негіздей алуы тиіс.
- жеткілікті білім алған болашақ мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіруді басқарудағы ролін білуді және дербес жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Такирова Е.А.
Әлеуметтік саланы реттеу
Пререквизиттері: Әлеуметтік-экономикалық жобалау, Ә
Постреквизиттері: Әлеуметтік этнография және демография, Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалау
Мақсаты: әлеуметтік саланы реттеудің бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерін шешуде теориялық және әдістемелік негіздерін қолдана білу, кәсіптік қызметі үшін сапалы білімнің қалыптасуы.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік саланың объективті қажеттілігі және мәні. Әлеуметтік саланың негізгі түсініктері және әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару. Әлеуметтік саланы қаржыландырудың негіздері мен механизмдері. Әлеуметтік саланы реттеудің салалық ерекшеліктері. Әлеуметтік-экономикалық процестерді жоспарлау. Нарық жағдайында адамзат капиталы дамуының әлеуметтік аспектілері. Әлеуметтік сала дамуының негізгі модельдері. Халықтың өмір деңгейін болжамдау және мемлекеттік реттеу. Еңбек нарығы мен халықтың жұмысбастылығын мемлекеттік реттеу. Әлеуметтік инфрақұрылым дамуының аймақтық мәселелері. Әлеуметтік саланы дамыту мен жетілдірудің потенциалды мүмкіндіктері. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әлеуметтік саланың реттелуі.
Күтілетін нәтижелер:
- қазақстанда мемлекеттік органдардың әлеуметтік ортадағы мәселелерді шешудегі ролін түсіну. Әлеуметтік ортадағы мемлекеттік реттеудегі ерекшеліктерін үйрену. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі әлеуметтік ортаны ретеудегі ерекшеліктерін түсініп білу керек;
- әр саланың ерекшеліктерін анықтау және әлеуметтік ортаның моделі бойынша жасалатын ғылыми-теориялық жұмыстарды студент өзінің кәсіби қызметінде және тәжірибеде қолдануы қажет;
- әлеуметтік саланы реттеу» ерекше пәні екендігін негізге ала отырып, «мемлекет пен әлеуметтік сала» қатынастарын тиімді басқару мәселелерін шешу жолдар жайлы ақпараттың пайымдауларын сипаттау мен айқындау дағдыларын меңгеруі қажет;
- студент меңгерген білімін заң қызметкерлеріне, кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекетік органдардың қызметкерлеріне, әлеуметтік мекемелердің басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек. Айтарлықтай өз коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту қажет;
- әлеуметтік саланы реттеу пәні бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдірудің басқарудағы ролін білуді және өзіндік жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Юсупов М.Т.
Таңдау бойынша курс 3
Микроэкономика
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Экономикадағы математика, Информатика, Шет тілі.
Постреквизиттері: Макроэкономика, Экономикалық ілімдер тарихы, Статистика, Кәсіпорын экономикасы
Мақсаты: үй шаруашылық, фирмалар салалар деңгейіндегі экономиканың қалыптастыру механизмін түсіндіру үшін, сонымен қатар мемлекеттік саясатты жүргізудің салдарларын студенттерге түсіндіру.
Курстың қысқаша сипаттамасы:Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі. Тұтынушы әрекетінің теориясы. Өндіріс теориясы. Өндірістік шығындар. Капитал концентрациясы және нарықтық билік. Жетілген бәсекелестік жағдайы. Монополия жағдайында фирмалардың әрекеті. Олигополия жағдайында фирманың әрекеті. Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті. Еңбек нарығы. Капитал нарығы. Жер нарығы. Инновация нарығы. Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару.
Күтілетін нәтижелер: Студенттер микроэкономика теориясының пәні, методологиясын, жеке және нарықтық сұраныстар, нарықтық бәсеке, сұраныс қисығы, ұсыныс қисығы, тепе-теңдік жағдайында болатын нарықты зерттеп және т.б. экономикалық сұрақтарды білу керек; микроэкономика теориясының мәліметті, олардың құру принциптері туралы және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану ұсынылатын талаптарды, студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет; микроэкономика жеке дербес экономикалық субъектердің ұтымды мінез-құлқы туралы мәселелерді зерттейді, қолдану деңгейін айқындау дағдыларын меңгеруі қажет; студент меңгерген білімін реттелінетін жеке дербес кәсіпкерлердің іс-әрекеттері мен қабылдайтын шешімдерін зерделейді, заң қызметкерлеріне, коммерциялық серіктес-терге, компанияның басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек; микроэкономика курсы бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдірудің басқарудағы ролін білуді және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Жанбекова З. Х.
Туризм және әлеуметтік саладағы микроэкономика
Пререквизиттері: Экономикалық теория, Экономикадағы математика, Информатика, Шет тілі.
Постреквизиттері: Макроэкономика, Әлеуметтік саланы реттеу, Муниципалды менеджмент.
Мақсаты: Әлеуметтік саладағы жеке таңдау және экономикалық субъектілердің шешім қабылдауындағы механизмдерді, мінез-құлық факторларына әсер ететін әлеуметтік саладағы микроэкономикалық өзгерістер арасындағы себеп-салдар байланысын оқыту.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Әлеуметтік сферадағы микроэкономиканың пәні және әдістемесі. Сұраныс және ұсыныс қызметтерін талдаудың негізі. Тұтынушы тәртібінің теориясы. Өндіріс және шығындар теориясы. Пайданы максимизациялау және бәсекелік ұсыныс. Таза монополия және монополиялық билік. Монополиялық бәсеке: қызметтер өндірісінің көлемі мен бағасын анықтау. Олигополия: үлгілер және баға қалыптастыру стратегиясы. Ресурстар нарығындағы баға қалыптастыру. Еңбек қызметінің нарығы және еңбекақы. Капитал және жер ресурстарының нарығы: баға қалыптастырудың ерекшелігі. Сыртқы әсерлер теориясы. Қоғамдық игіліктердің өндірісі және қоғамдық таңдау.
Күтілетін нәтижелер: Студенттер оқытылатын пәннің мәнін, міндеттерін, әдістері мен мақсаттарын және оның басқа пәндермен байланысын, алға қойылған мәселелерді түсініп білу керек, микроэкономикалық және туристік қатынастар арасындағы тәуелділіктер мен себеп-салдарды нақтылауды білуі қажет, микроэкономикалық қатынастарда жеке экономикалық субъектілердің мінез-құлқы үлгісін талғауға мүмкіндік беретін білімді меңгеру қажет; микроэкономиканың әдістемелік және тәсілдік аппараттарын меңгеріп, оларды микроэкономикалық жағдайлар мен құбылыстарды талдай отырып, өздерінің кәсіби қызметтерінің барысында және тәжірибеде ұтымды шешімдер қабылдау қажет; «Әлеуметтік саладағы микроэкономика» ерекше пәні екендігін негізге ала отырып, микроэкономикалық өзгермелер арасындағы тәуелділіктер мен себеп-салдарлы байланыстар мәселелерін шешу жолдар жайлы ақпараттың пайымдауларын сипаттау мен айқындау дағдыларын меңгеруі қажет; студент меңгерген білімін әлеуметтік салада жұмыс істейтін қызметшілерге, туристік агенттерге, коммерциялық серіктестіктерге, туристік фирмалар мен компаниялардың басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына әрбір түрде мәлімет бере алуы керек; «Әлеуметтік саладағы микроэкономика» пәні бойынша жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін бақылау-тексерістік жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіру және өзіндік жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлатуы керек.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж: Аркенова Ж.Р.
Таңдау бойынша курс 4
Адамзат дамуы
Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарихы
Постреквизиттері: Педагогика тарихы, Әлеуметтік саясат, Әлеуметтік этнография және демография
Мақсаты: АД тұжырымдамасының дамуы кейінгі 15 жылды қамтиды. Халық тек экономикалық дамудың қайнар көзі немесе құралы ғана емес, сонымен қатар «Адамзат капиталы» және экономикалық дамудың мақсаты болып табылады деген түсінік қалыптасты.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
АД тұжырымдамасының негізгі жағдайы және пайда болуы. АД өлшемі мен көрсеткіштері. Адам дамуының индексі (АДИ). Экономикалық өсу, АД және жұмыс бастылық. АД және өмір деңгейі. Кедейшілік және АД. Әлеуметтік қорғау және АД. Денсаулық және өмір жалғасы. АД –ның демографиялық аспектісі. Демография Мемлекеттін белгілеуші факторы. Білім және АД. АД – ның гендерлік аспектілері. Экологиялық қаупы бар аймақтар. Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері. АД -ның қызығушылығындағы нәтижелі басқару.АД–на басты процестің әсері.
Күтілетін нәтижелер: - АД теориясының тарихы;
- Адамның қызығушылығындағы басқару ұйымының әсері;
- АД өлшемінің жүйесі және оның компоненттері;
- Демографиялық, гендерлік және тұрақты дамудың экологиялық аспектісі.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: ағаоқытушы Тутинова Н.Е.
Қақтығыстану
Пререквизиттер: «Философия», «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Мәдениеттану», «Дінтану».
Постреквизиттер: «Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс», «Жалпы және әлеуметтік психология», «Әлеуметтік саясат».
Мақсаты: «Қақтығыстану» психология, педагогика, тарих, математика, саясаттану, құқық, әлеуметтану және философия білімдерінің қақтығысты зерттеудегі негізіне сүйенетін ғылыми білімнің ерекше саласы болып табылады.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
- Пәнді оқыту кезінде студенттер қақтығыстардың адам, қоғам ұйым, мекеме, жалпы қоғамда алатын орны туралы түсінікке теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді.
- Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша қақтығыстану ойларының даму тарихын дұрыс қолдана білуге дағдыланады.
- Кақтығыстың түсінік-анықтамалық аппаратын мен бағдарламалардың қызметін ролдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру. Коммуникацияның вербальді құралдары, жазбаша тіл мен даму алғышарттарына анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.
- Кақтығыстыңын мәнін мен қақтығыс алдындағы және қақтығыс жаңғдайындағы психологиялық реттеу әдістерін, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.
- Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Кіріспе. Қақтығыстанудың теориялық-әдістемелік негіздері. Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы. Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы. Қақтығыстарды басқару. Қақтығыстардың пайда болу себептері. Әлеуметтік қақтығыстың динамикасы. Тұлға ішілік қақтығыс. Отбасындағы қақтығыстар. Жалпы білім беретін мектептегі қақтығыс. Инновациялық қақтығыстар. Топ аралық қақтығыстар. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қақтығыстар. Қақтығыстардағы зорлық. Қақтығыстардың алдын алу. Қақтығыстарды шешу.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Минжанов Н.А., Тутинова Н.Е
Таңдау бойынша курс 5
Дінтану
Пререквизиттері:Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы
Постреквизиттері: Философия, Әлеуметтік жұмыс әдістерімен технологиялары, Жастармен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс, Әйел адамдамен әлеуметтік жұмыс.
Мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік ел басының дүрыс әлуметтік саясатының нәтежесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді. Дін дегеніміз не? Осы пікір таластарының негізінде дүниеге деген көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Дінтану пәні. Дінтанудың ертедегі формалары. Конфуция. Даосизм. Индуизм. Иудизм. Буддизм. Ерте хрестияншылдық. Провослав діні. Католизм . Протестантизм . Ислам . Дәстүрлі емес діни бағыттар . Діни экстремизм профилактикасының әдістері . Діни конфесиялармен әлеуметтік жұмыс.
Күтілетін нәтижелер: Басқа да гуманитарлық пәндермен бірге дін бүтін дүниетанымды құрастырды. Дінтануды меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруының, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады. Дінтану жас мамандарға сенімді дүниетанымдық және әдістемелік негіз болуы керек.
- Семинар сабақтары болашақ мамандардың ғылыми – теоретикалық деңгейі мен халық мәдениетінің жоғарлауы, діни білім жүйесін меңгеруге көмектеседі. Семинар сабақтарында қарсыластарына деген сын көзқарас, өз көзқарастарын жеткізе білу шеберлігі, өз бетімен және шығармашылық ойлау қабылеттерінің өсуі, белсенділік қалыптасады. Семинар сабағының жоспарында дінтану сабағында талқылайтын сұрақтар болады.
- Дінтануды жақсы меңгерудің негізі – алғашқы көздерді талдап оны конспектеуде өзіндік жүйелі жұмыс жасау. Алғашқы көздер дегеніміз, ерте және қазіргі заманғы діни ойдың классиктерінің жұмыстарымен танысу. Көмекші қосымша материал ретінде дінтанудан көптеген оқулықтарды пайдалануға болады.
- Дінтануды оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.
- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: оқытушы Тутинова Н.Е.
Мәдениеттану
Пререквизиттер: «Философия», «Қазақстан тарихы», «Әлеуметтану»
Постреквизиттер: «Тұтынушы мінез құлқы», «Қоғаммен байланыс және брендинг теориясы»
Мақсаты: студенттерді адам мәдени жетістіктеріне оқыту, мәдениеттің құрылу мен негізгі формаларын, түсініктерін және универсалды заңнамаларды үйрету. Кәсіби даму үшін барлық әлем мәдениеті мен құндылықтарын өз еркімен үйренуге талпындыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Мәдениеттану пәні және әдістері, мәдениеттің мәні, адам әлемі- мәдениет ретінде. Алғашқы қауымдық мәдениет, Ерте Шығыс мәдениеті, Ерте Греция және Рим мәдениеті, ортағасыр мәдениеті, қайта өрлеу дәуірінің мәдениеті, жаңа дәуірдің Европалық мәдениеті, ХХ ғасыр мәдениеті. Қазақ мәдениеті, қазақтардың дәстүрлі мәдениеті, қазіргі кезеңдегі қазақ мәдениеті, Евразиялық мемлекет ретінде Қазақстанның әлеуметтік мәдени перспективалары
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу процесінде студент білуі керек:
Мәдениеттанудың негізгі катеорияларын, ұғымдарын біледі.Отандық және әлемдік қауымдастықта әлеуметтік мәдени өзгерістерге талдау жасай алады.
Мәдениет және ұлтаралық қатынастар облысында практика-лық білімді қолдана алады.
Басқа елдердің мәдениеті және дәстүрлерін салысты-ра отырып, мәдениеттану облысындағы базалық білімді көрсетеді.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Маханова Б.Р
Таңдау бойынша курс 6
Әлемдік қонақжай индустриясы
Пәннің пререквизиттері: «Әлемдік қонақжай индустриясы» курсын меңгеру үшін студенттердің «Мейрамхана және қонақ үй шаруашылығы» курсы бойынша білімдерінің болуы шарт.
Постреквизиттері: «Қонақ үй бизнесін жоспарлау мен ұйымдастыру».
Мақсаты:Бүгінде қонақжай индустриясы прогресс және уақыттың көмегімен алып салаға айналып отыр. Мұнда қызметтердің тұтынушыларына ең жақсысын ұсынатын миллиондаған кәсіпқой қызметкерлер жұмылдырылған. Олар туризм, демалыс, көңіл көтеру, қонақ үй және мейрамханалық бизнес, қоғамдық тамақтандыру, көлік салаларындағы бәсекелік ортада жұмыс істейді. Бұл енді бой көтеріп келе жатқан қазақстандық қонақжай индустриясы салалары үшін алғықатарлы әлемдік тәжірибені зерттеу қажеттілігін тудырды. Сондықтан, қонақжай индустриясы құрамындағы өзекті мәселелерді айқындау және қызметтерін ұйымдастыру негіздерін білу болашақ мейрамхана мен қонақүй, туризм менеджерлерін дайындаудың ажыратылмас бөлігі.
Күтілетін нәтижелер:Пәнді игеру барысында студенттер келесідей білімдер мен дағдыларға ие болулары қажет: Әлемдік қонақжай индустриясының негіздерін білу және маңызын түсіну; Әлемдік қонақжай индустриясының қызмет бағыттары бойынша алған теориялық білімін практикада қолдана алу үшін негіз салу және қалыптасқан мәселелерді шешудегі ойларын көрсете алу; Әлемдік қонақжай индустриясының қызметтері туралы ақпараттарды жинау және ақпаратты-іздеу қызметінің нәтижесінде талдау жасай алу; Әлемдік қонақжай индустриясы төңірегіндегі ақпараттарды, идеяларды, мәселені шешу жолдарын әртүрлі мәліметтер түрінде көрнекі ұсына алу; Әлемдік қонақжай индустриясын ұйымдастыру төңірегінде өзіндік жұмыс істеу дағдысын арттыру және оны жетілдіру.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Матаева Б.Т.
Бизнес этикасы
Пререквизиттер: Психология негіздері, Акмеология
Постреквизиттер: Паблик рилейшнз және брендинг теориясы, Тұтынушылар тәртібі
Мақсаты: бизнес этикасы тәжірибе, ғылым, өнер ретінде; бизнес этикасының ғылым ретінде дамуы – оның негізгі концепциялар мен қазіргі кездегі тұжырымдамалар; іскерлі қатынастардың процесінің толық айналымы; этикеттің негізгі түсініктері; басқару әдісі; этика деңгейлері; басқару принциптері; этика табыстарының өлшемдері.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Әдептiң мәні және тегi. Қызметтiк қатынастардағы психологиялық әсерi. Нарықтық экономикада әдеп. Басқару әдебі.Сөз әдебі. Iскер мәжiлiстер. Дистанциялық қарым-қатынастар әдебі. Iскер адамның бос уақытының әдебі. Тиiмдi байланыстар. Iскер келiссөздер. Дипломатиялық этикет. Зайырлы этикет. Жазбаша жанрлардың ерекшелiгi. Iскер қарым-қатынасты тиiмдiлiктiң бағалауы. Әр түрлi мәдениеттердегi iскер қатынастарының әдебi.
Күтілетін нәтижелер:
- бизнес этикасы әртүрлi тұжырымдамалар арқылы бизнестiң өзара тәртiп мәселелерi және әдеп ережелерiмен нормаларының салыстырмалы жас ғылым екенiң бiлу керек;
- бизнес этикасы компаниялар арасындағы қарым-қатынастарды реттейдi, сонымен бiрге компания және қоғам арасындағы, фирма арасындағы қарым-қатынастарды, жеке тұлғалар арасындағы iскерлiк байланыстарды реттейдi;
- бизнес этикасы психология, маркетинг, менеджмент, экономия теориясы, экономикалық теория негiздерi, әлеуметтану және т.б. әдiстер мен тәсiлдердi қолданады.
- ақпаратты әр түрлi хабарлама пiшiндерiнде таныстыру, ынтымақтасу және тобтарда жұмыс iстеу, пiкiр таласу және өз позицияны қорғау, шешiм қабылдау.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Жунусов Б.К
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
2 курс
Пәндер циклы
|
Пәндер коды
|
Пәндер атауы
|
Кредиттер саны.
|
Семестр
|
2 курс
|
Таңдау бойынша курс 1
|
БД
|
DGYa 2211
|
Мемлекеттік тілде іс жүргіз
|
2
|
3
|
DDO 2211
|
Іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас
|
Таңдау бойынша курс 2
|
БД
|
MROP 2213
|
Тиімді шешімдер қабылдау әдістері
|
2
|
3
|
Eko2213
|
Эконометрика
|
Таңдау бойынша курс 3
|
БД
|
PTD 2217
|
Туристік қызмет психологиясы
|
2
|
3
|
OP 2217
|
Психология негіздері
|
Таңдау бойынша курс 4
|
БД
|
RGB 3219
|
Мейрамхана және қонақ үй бизнесі
|
3
|
3
|
OB 3219
|
Бизнесті ұйымдастыру
|
Таңдау бойынша курс 5
|
БД
|
OSKT 4303
|
Санаторлы-курортты бизнестің негіздері
|
3
|
3
|
ES 4303
|
Эстетика және стандарт
|
Таңдау бойынша курс 6
|
БД
|
СС 3220
|
Баға және баға белгілеу
|
2
|
3
|
OB 3220
|
Бизнесті бағалау
|
Таңдау бойынша курс 7
|
БД
|
NN 2221
|
Салық және салық салу
|
2
|
4
|
NHS 2221
|
Шаруашылық субъектілерге салық салу
|
Курс по выбору 8
|
БД
|
KRGS 2222
|
Мейрамхана және қонақ үй мәдениеті
|
3
|
4
|
MT 2222
|
Туризм менеджменті
|
Таңдау бойынша курс 9
|
БД
|
OTRD 2224
|
Мейрамхана ісі техникасының негіздері
|
3
|
3
|
BSPP 2224
|
Өнімді сынау, бақылау және қауіпсіздігі
|
Таңдау бойынша курс 10
|
БД
|
TPP 2306
|
Шикізат, материалдар мен тұтыну тауарлардың тауартануы
|
3
|
4
|
OPPOP 2306
|
Азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары
|
Таңдау бойынша курс 11
|
ПД
|
OTNZK 2307
|
Ұлттық және шетелдік тағамдар технологиясының ерекшелігі
|
3
|
4
|
TLP 2307
|
Тамақтанудың емдік технологиясы
|
Таңдау бойынша курс 12
|
ПД
|
SG 2310
|
Санитария және гигена
|
2
|
4
|
OOPIG 2310
|
Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызметті ұйымдастыру
|
Таңдау бойынша курс 13
|
ПД
|
SOUKUTG 2311
|
Туризм және қонақжайлылық индустриясында қызмет көрсету стандарттары және қызмет сапасын басқару
|
3
|
3
|
SMK 2311
|
Сапа менеджментінің жүйесі
|
Таңдау бойынша курс 1
Мемлекеттік тілде іс жүргіз
Пререквизиттер: қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу
Постреквизиттер: кәсіпорын экономикасы, экологиялық менеджмент
Мақсаты: қазак тілінің мемлекеттік тіл ретінде кызмет етуінің алғышарттарының бірі - оның коғамдык өмірдің әр алуан саласында кызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жургізілуі табылады. Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құкықтық, экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, кала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзі бола алады.
Курстың қысқаша сипаттамасы: -Іс кағаздары туралы тұтас білімдер жүйесі, іс кағаздары қалыптастыру мен дамытудың аспектілері, іс кағаздары іскерлік байланыс жасауын жетілдірудегі басқарушы кадрлардың орны мен ролін ескере отырып қызметтік қатынастар этикасының теориялық аспектілері, іс қағаздарын нормаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды негіздеу, ұсыныстарды өңдеу.
Оқытудың нәтижесі: - Ұйымдар мен мекемелердің кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарган түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағазынан айқын көрінеді, пәннің тәжірибесі мен әдістемесі саласында білімдерді зерттеуге мүмкіндік беретін «Мемлекеттік басқарудың құжаттық қамтамасыз ету» курсының негізгі қағидалары мен әдістерін зерттеу.
- Теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетпен үйлестіру ептілігі, заманауи заңнаманы жүзеге асырудағы мемлекеттік және жергілікті басқару формаларының түрлі іс қағаздарын жүргізу маңыздылығын түсіну.
- Арнайы пәндерді оқу мен кәсіби іс әрекетте мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің теориялық және әдістемелік негіздерін сауатты қолдану дағдыларына ие болу.
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу - кез келген мекеменің қызметін, әрекетін көрсететін кұжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген кұжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын бақылау; кұжаттарды қолдануға дайындау сияқты толып жатқан жұмыс жүргізу дағдыларын дамыту.
- Өзін-өзі жетілдіру мен өзін өзі дамытуғы деген қажеттіліктің болуы, құжаттау және қүжаттаманы басқару саласында білімдер арсеналын тұрақты толықтыру ынтасының болуы.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ахметжанова Ж.Б., Жукеев Т.Б., Кабатаева К.Т.
Іс қағаздарын жүргізу және іскерлік қарым-қатынас
Пререквизиттер: қазақ тілі
Постреквизиттер: кәсіпорын экономикасы, экологиялық менеджмент
Мақсаты: озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін (интенсив, компьютерлік оқыту) пайдалана отырып, мамандыққа қатысты кәсіби тақырыптарға арналған мәтіндерді түсіне білуге үйрету, кәсіби қарым-қатынас жасай білу дағдыларын қалыптастыру, мамандық тілінің термин лексикасын үйрету, кәсіптік терминдерді пайдалана отырып, мәтін құрата білуге үйрету.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Іс қағаздарын жүргізудің нормативтік базасы. Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Құжаттарды дайындау және ресімдеудің жалпы ережелері, құжат деректемелері. Еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар: түйін, өмірбаян, өтініш, мінездеме, хабарлама, жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату туралы бұйрық, шарттар мен міндеттемелер. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар: хаттар, актілер, баяндаухат, түсініктеме, факстер, сенімхат, кепілхат, телефонхат, анықтамалар, шағым, талап-арыз. Ұйымдық-басқару құжаттамасының жалпы сипаты, оның түрлері: құрылым, штат саны, штаттық кесте, лауазымдық нұсқаулар, қызметкерлер туралы ереже, құрылтай құжаттар. Басқару құжаттары: бұйрықтар, өкімдер, нұсқау, шешім. Құжаттаманы басқару: келіп түскен (кіріс) және жіберілетіп (шығыс) хат-хабарды өңдеу, істер номенклатурасы, іске құжаттарды қалыптасыру, мұрағатқа немесе жоюға істерді дайындау және тапсыру. Коммерциялық құпия мазмұндағы құжаттар. Мөр соғылатын құжаттар мен бекітуге жататын құжаттар.
Оқыту нәтижесі: Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
ауызша және жазбаша кәсіби сферасында сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтереді;
кәсіби қызмет саласында қажетті стильдік, әлеуметтік кәсіби білім қалыптасады;
кәсіби коммуникацияның әртүрлі формалары, түрлері бойынша сөйлеу тәртібінің стратегиясы, тактикасы саласында шеберлік икемі болады;
курс практикалық бағытта барлық мамандықтар бойынша студенттің кәсіби сөйлеу мәдениеті дағдысын қалыптастырады.
Кәсіби қазақ тілі пәнінен алынған тілдік негіздердің икемділік және дағды-машықтары төмендегі қызметтерді атқару үшін қажет:
кәсіби салалар қызметінің жағдайларындағы өзара қатынасты орнықтыруға;
ресми-іскери қызметінде кәсібилік шеберлік мәдениетін танытуда;
«Кәсіби қазақ тілі» пәні барлық мамандық бойынша оқып жүрген студенттерге базалық пән ретінде оқытылады. Кәсіби қазақ тілінің ерекшелігін зерттей отыра, қолдану деңгейін айқындау дағдыларын меңгеруі қажет. Жоғары оқу орындарының түлектері кәсіби қазақ тілінен алған білімдерін өздерінің кәсіби мамандықтары бойынша қолдана алады. Студент кәсіби қазақ тілі бойынша меңгерген білімін заң қызметкерлеріне, коммерциялық серіктестерге, компанияның басқару қызметкерлері мен жұмысшыларына, есепші-аудиторларға қалайда мәлімет бере алуы керек.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ахметжанова Ж.Б., Жукеев Т.Б., Кабатаева К.Т., Тойжигитова М.Ш
Таңдау бойынша курс 2
Эконометрика
Пререквизиттері: Микроэкономика, Экономикадағы математика.
Достарыңызбен бөлісу: |