Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В090500 «Әлеуметтік жұмыс» (оқу мерзімі – 4 жыл, оқу тілі – қазақ) Қарағанды – 2014-2015



бет2/2
Дата05.01.2017
өлшемі1,28 Mb.
#6410
1   2


Таңдау бойынша курс 1

Кооперативтік қозғалыстың тарихы мен теориясы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарихы

Постреквизиттері: Экономикалық теория негіздері

Мақсаты: Студенттердің бойында кооперативтік қозғалыс теориясы мен тарихының негіздері, кооперациялар және кооперативтік қозғалыстар туралы, олардың философиялық - әлеуметтік саяси және экономикалық мәні туралы ғылыми түсініктер жиынтығы туралы қажетті білім қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Курс кооперативтік қызметтің негізгі ұйымдық – саяси және экономикалық принциптерін, кооперативтердің алуан түрлерінің жалпы сипаттары мен белгілерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін, әлемдегі өзге қоғамдық және экономикалық ұйымдармен ұқсастығын және айырмашылықтарын, кооперативтерді жіктеудің ғылыми негіздерін, халықаралық кооперативтік қозғалыстың негізгі үрдістерін оқытып үйретеді.

Кооперативтік қозғалыс үдерісінде қалыптасатын, адамдардың қоғамдық - өндірістік қатынастары курс пәні болып саналады.

Күтілетін нәтижелер: Студент:


  • кооперативтік қозғалыс тарихын;

  • кооперацияның әлеуметтік – экономикалық мәні мен табиғатын;

  • қазіргі кезеңдегі дамыған елдердегі кооперативтік қозғалысты;

  • Қазақстан Республикасының кооперативтік қозғалысын білуі тиіс.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Адамбекова С.М.
Экономикалық ілімдер тарихы

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарихы

Постреквизиттері: Экономика теориясының негіздері, Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері

Мақсаты: студенттердің ғылыми дүние тануың тұтыну кооперациясының болашақ мамандықтарды қалыптастыруға жаңа экономикалық ой-өрісті жэне мәдениетті тәрбиелеу, танып білу процессінің қарама қарсылықтарын таба білу және оларды шешу жолдарын анықтау.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Экономикалық ілімдер тарихы пәнінің мәні және әдісі. Ежелгі экономикалық ілімдер. Экономикалық ілімдердің пайда болуы. Классикалық саяси экономияның дамуы. Постмануфактурлық кезеңдегі классиктердің теориясындағы классикалық әдет-ғұрыптың дамуы. «Ескі» тарихи мектеп. Макрсизмнің экономикалық ілімі. Дәстүрлі емес экономикалық теория. Маржинализм және неоклассикалық экономикалық теорияның қалыптасуы. Әлеуметтік ойлардың пайда болуы. Кейнсианство және оның пайда болуы. Институционализм. Ресей және совет оқымыстылардың экономикалық концепциялары. Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы мен дамуы. Экономикалық доктриннің қазіргі замаңғы дамуы. ХХ ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасырдың басындағы жаңа экономикалық проблемалар.



Күтілетін нәтижелер: - саяси экономияны зерттеу, ежелгі ойшылдардың шығармаларындағы экономикалық идеялардан бастап және қазіргі экономикалық ой-пікілермен аяқталған көз-қарастарды зерттеу.

- ғылыми зерттеуде міндеттерді жеке орындау.

- экономикалық ілімдер тарихын кешендік жүйе ретінде зерттеуді жүзеге асыру облысында аргументті және қисынды түрде дәлелдеу.

- ілімдер тарихының зерттеу және қалыптастыру үрдісін әлеуметтік және этикалық аспектілерін ескере отырып әр түрлі формадағы ақпарат және хабарламаларды дайындау, өз позицияларын ұстану.

- Қазіргі заманғы экономикалық жағдайындағы өндірісті ұйымдастыруның даму үрдісін зерттеу, талдау және білімдері мен дағдыларын қолдану мүмкіндіктеріне ие болу.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: доцент Сүйіндіков Ж.С.
Таңдау бойынша курс 2

Адамзат дамуы

Пререквизиттері Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарихы

Постреквизиттері: Педагогика тарихы, Әлеуметтік саясат, Әлеуметтік этнография және демография

Мақсаты: АД тұжырымдамасының дамуы кейінгі 15 жылды қамтиды. Халық тек экономикалық дамудың қайнар көзі немесе құралы ғана емес, сонымен қатар «Адамзат капиталы» және экономикалық дамудың мақсаты болып табылады деген түсінік қалыптасты.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

АД тұжырымдамасының негізгі жағдайы және пайда болуы. АД өлшемі мен көрсеткіштері. Адам дамуының индексі (АДИ). Экономикалық өсу, АД және жұмыс бастылық. АД және өмір деңгейі. Кедейшілік және АД. Әлеуметтік қорғау және АД. Денсаулық және өмір жалғасы. АД –ның демографиялық аспектісі. Демография Мемлекеттін белгілеуші факторы. Білім және АД. АД – ның гендерлік аспектілері. Экологиялық қаупы бар аймақтар. Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері. АД -ның қызығушылығындағы нәтижелі басқару.АД–на басты процестің әсері.



Күтілетін нәтижелер: - АД теориясының тарихы;

- Адамның қызығушылығындағы басқару ұйымының әсері;

- АД өлшемінің жүйесі және оның компоненттері;

- Демографиялық, гендерлік және тұрақты дамудың экологиялық аспектісі.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Тутинова Н.Е.
Экология және тұрақты даму

Пререквизиттері: География, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы

Постреквизиттері: Әлеуметтік саясат, Әлеуметтік этнография және демография

Мақсаты: «Экология және тұрақты даму» типтік бағдарламасы бойынша құрастырылды. Экологияның тұрақты даму мақсаттары мен міндеттерімен әрі қоршаған ортадағы экологиялық өзгерістерді бағалау, экологиялық бақылау жүйесін жетілдіру, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерін енгізу және экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің дамуларын енгізеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

ЭТД пәнін оқыту арқылы студенттерде экология туралы түсінік алуын және ойлауы мен экологиялық мәдениетін қалыптастыру ісінде үлкен рөл атқаратын маңызды пәндердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде экология және экологиямен байланысты пәндер (қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен бірге) барлық жаратылыстану және техникалық пәндермен тығыз байланыстағы күрделі ғылымдардың бірі ретінде Қазақстанның мектептерінен бастап, жоғарғы оқу орындарында оқытылады.



Күтілетін нәтижелер: «Экология тұрақты даму» пәнінен білім алу қортындысында студенттер қоршаған ортаның сапасын дағдылау және себептерін болжау механизімін үйрену және қоршаған ортадағы табиғи ресурстарды тиімді ысырапсыз пайдалануға дағдылану

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: доцент Саулебекова А.К.
Таңдау бойынша курс 3

Мамандыққа кіріспе

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих,

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмыс тарихы, Әлеуметтану, Әлеуметтік жұмыстың әдісі мен технологиялары, Жастармен әлеуметтік жұмыс, Әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс. Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: қоғамның қазіргі кездегі даму кезеңі әлеуметтік жағдайдың күрт өзгеруі мен әлеуметтік қатынастардың күрделену процестерімен сипатталып, олар өз кезегінде түсіну, талдау мен жалпылауды қажет ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік жұмыстың «Мамандыққа кіріспе» курсының пәні мен міндеттері. Әлеуметтік жұмыс қоғамдық феномен ретінде. Әлеуметтік жұмыс ғылыми білімнің саласы ретінде. Әлеуметтік жұмыс кәсіби жұмыс ретінде. Әлеуметтік жұмыс оқу пәні ретінде. Әлеуметтік жұмыс маманы кәсіби жұмыстың субъектісі ретінде. Әлеуметтік жұмыс маманының рухани қасиеттері. Клиент әлеуметтік жұмыс маманының кәсіби қатынасу объектісі ретінде. Әлеуметтік жұмыс технологияларының жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыстың негізгі әдістері.



Күтілетін нәтижелер: Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы мен дамуы, әлеуметтік жұмыстың негіздерін, әлеуметтік жұмысты ұйымдастырудың принциптерін, түрлерін, әдістерін және заңдылықтарын, әлеуметтік жұмыстың технологияларын, әлеуметтік жұмыс пен оның мамандарын басқаруды білу.

  • Пәнді оқыту мақсатында «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгеру кезінде, ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік жұмысты қазіргі таңда білуге және оны қажет уақытта қолдану.

  • «Мамандыққа кіріспе» курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп, осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.

  • Мамандыққа кіріспені оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен Мамандыққа кіріспенің өзге үрдістермен салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс.

  • Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге дағдылану.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магситр, аға оқытушы Исабекова А.С.
Өзін-өзі тану

Пререквизиттері: Дүниежүзі тарихы

Постреквизиттері: Дінтану,Жалпы және әлеуметтік психология, Психоәлеуметтік жұмыстың мазмұны мен әдістемесі.

Мақсаты: - әлеуметтік көрсеткіштерге жету бойынша қызметке жауап беруші және өзін-өзі дамыту жайлы қоғам мен тұлға көріністерінің жиынтығы, өзін-өзі танудың талдауы және сипаттамасы ретінде беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Өзін-өзі танудың мәні. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін өзі жүзеге асыруының шарты ретінде. Өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасының процесі ретінде. Адамның ішкі дүниенің өзгешелігі. Позитивті ойлау және ішкі гармония. Адамның ішкі ресурстары. Қарым-қатынас адамдар арасындағы өзара түсінушіліктің құралы ретінде. Адам өміріндегі отбасы ролі және туыстық қатынастар. Қазіргі заман жастардың рухтық идеалы. Әлемнің біртұтастығы, адам мен қоғамның және табиғаттың өзара тәуелділігі. Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы және өздігінен дамуы. Рефлексия педагогтың өзін-өзі тану механизмі ретінде. Кәсіптік қатынас, тәлімгерлік, портфолио педагогтың өзін өзі кәсіптік тануы мен дамуының құралы ретінде. Педагогтың гуманистік ұстанымы оқушылардың өзін өзі тануы мен дамуының табысты педагогикалық қолдауы негізінде. Өзіндік процестерге педагогикалық қолдау жасау.



Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту барысында студенттер тұлға қалыптасуының негізгі принциптерін, оның адамгершіліктік-рухани мәселелік мәнділігін түсінігін қалыптастыру.

- Кәсіби қызметте теориялық білімді қалыптастыру, өзін-өзі танудың рөлін түсіну, адамгершілік мәселесінде бағдарлануға үйрену, адам өміріндегі, рухани шынайылық және оның мәнін түсіну.

- Ақпараттық-ізденушілік және талдау-синтетикалық қызмет әдістерін пәндік міндеттерді шешуде қолдану, әлеуметтік, ғылыми және этикалық мәселелер бойынша ойларын айта алу.

- аудитория ерекшеліктерін есепке ала отырып, әртүрлі хабарламалар жайлы ақпарат алу.

- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын жоғарлату және тұлға қажеттіліктерін дамыту, кәсіби өзін-өзі жетілдіру, тәжірибе алу, өз қызметінің перспективасын көру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магситр, аға оқытушы Исабекова А.С.
Таңдау бойынша курс 4

Мәдениеттану

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Өзін-өзі тану

Постреквизиттері: Философия, Әлеуметтану,Қақтығыстану,

Мақсаты: студенттерге мәдениеттану бiлiмiнiң негiзiн беру, тарихи дамудың ұзақ жолы барысындағы адамзаттың қол жеткен ұлы жетiстiктерiн таныстыру, әр мәдени дәуiрдiң әр түрлi және күрделi құбылыстарын бағалау және өз бетiмен талдау қабiлетiн қалыптастыруға көмектесу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Мәдениеттану ғылым ретінде. Мәдениет ұғымы және оның мәні. Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы. Мәдениет тілі. Мәдениеттің формасы. Мәдениет және өркениет. Мәдениет- тарихи типологиясы. Мәдениеттанулық теориялар. Архаикалық мәдениет.Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер.Антикалық дүниесінің мәдениеті.Ислам мәдениетінің әлемі ортағасырда. Ортағасырлық қазақ мәдениеті.Христиан мәдениетінің даму кезеңдері мен негізгі деректері.Православльдік мәдениеттің түрі орыс мәдениетінде.XVIII ғасырдыңаяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ мәдениеті.Қазіргі заман мәдениеті: басты проблемалары мен даму үрдістері. Қазақстан мәдениетінің қазіргі әлем мәдениетінде алатын орны. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның мәдени саясаты.



Күтілетін нәтижелер: - Мәдениеттану бiлiмiнiң ғылыми саласы есебiнде бұрынғы, осы және болашақтағы әлеуметтiк мәдени процестердiң көптеген мәселелерiн, сонымен қатар жалпы халықтық, этникалық, аймақтық, кәсiптiк, демографиялық, қазiргi және өткен мәдениеттiң жеке сипаттамасын зерттейдi.

- Курста мәдениеттанудың әлемдiк ең әсерлi оқытуға талдау берiледi, бiрыңғай жалпы халықтық негiзгi мәдениеттiң мағынасы атап көрсетiледi.

- Әлеуметтiк-мәдени дамудың қайшылықтары, ауқымды мәселелерi мен қазiргi өркениеттiң құлдырауы талданады.

- Мәдени құрылыс, шығармашылық мәдени байланыстар мәселелерiне ерекше көңiл аударылады. Сонымен бiрге «Мәдениеттану курсы шеңберiнде “Қазақ халқының этнопедагогикасына” арнайы курс берiлдi.

- Батыс пен Шығыс мәдениетінің қайнар көздері анықталып, дамудың мәдени-тарихи кезеңдерімен таныстырады. Қазіргі қоғамдағы мәдениеттің рөлі айқындалады.

- Жаһандану заманында мәдениет-өркениет түсініктерінің арасы ашылады.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Исабекова А.С.
Әлем мәдениетінің тарихы мен теориясы

Пререквизиттері:Казақстан тарихы, Адамзат дамуы, Дүниежүзі тарихы.

Постреквизиттері: Философия, Әлеуметтену, Қақтығыстану, Әлеуметтік жұмыс тарихы.

Мақсаты: Теориялық білім ала отырып, жалпы тарихи-мәдени әлемдік ой- тұжырымдарға мән беру, негізгі даму кезеңдерін анықтап, оның дамуына дәйек келтіре отырып дәлелдеу. Студенттерге мәдениеттану бiлiмiнiң негiзiн беру, тарихи дамудың ұзақ жолы барысындағы адамзаттың қол жеткен ұлы жетiстiктерiн таныстыру, әр мәдени дәуiрдiң әр түрлi және күрделi құбылыстарын бағалау және өз бетiмен талдау қабiлетiн қалыптастыруға көмектесу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлем мәдениетінің тарихына кіріспе. Мәдениет феномені. Мәдениет сараптамасына ерекше зерттеудегі негізгі шара.Мәдениет формасы мен тіл.Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті.Таяу Шығыс елдерінің мәдени өркениеті. Еврей мәдениеті.Ертедегі Мысыр мәдениеті.Ертедегі Үндістан мәдениеті.Ертедегі Қытай мәдениеті.Антикалық мәдениет.Классикалық Шығыс Араб мәдениеті.Еуропа мәдениеті.Америка мәдениеті.Жапон мәдениеті.Қазақстан мәдениеті.Қазіргі мәдениеттің жалпы сипаттамасы.



Күтілетін нәтижелер: -Мәдениеттің методологиялық аспектілерін игеру;

-Теориялық сұрақтарға қисынды жауап беру;

-Мәдениеттің дамуындағы әр түрлі езеңдерге тоқталып, арнайы қыр- сырларын ашу;

-Оқу үрдісінде студенттердің ғылыми шығармашылығындағы қызығушылықтары мен қажеттілігін қалыптастыру;

-Әлеуметтік- тарихи феномендегі мәдениеттің қалыптасуы;

-Әлеуметтік мәдени өмірдің динамикасын, топтамасын, жүйелігін, ішкі және мәдениаралық коммуникацияны қалыптастыру;

-Әлеуметтік мәдени өмірдегі діннің ролін қалыптастыру.

«Әлем мәдениетінің тарихы мен теориясы» курсы бойынша студент жоғарыдағы талаптарды орындай отырып, білуі тиіс: мәдениет туралы комплексті білімді меңгеруі тиіс; өз білімін интеллектуальды еңбекпен ұйымдастыра білуі керек; ойлау үрдісін жазба және ауызша сауатты өңдеуге үйрену; тұлғааралық қатынаста кәсіби іс-әрекетті меңгеру; социомәдени ортада ғылыми-теориялық модельдеуді болжау үшін пайдалана білуі тиіс.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Исабекова А.С.
Таңдау бойынша курс 4

Дінтану және конфессиялармен әлеументтік жұмыс

Пререквизиттері: Өзін-өзі тану, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы

Постреквизиттері: Философия, Әлеуметтік жұмыс тарихы, Әлеуметтік жұмыс әдістерімен технологиялары, Жастармен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс, Әйел адамдамен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: Қазігі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік ел басының дүрыс әлументтік саясатының нәтежесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді. Дін дегеніміз не? және конфессиялармен әлеументтік жұмыс деген не? Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Дінтану пәні. Дінтанудың ертедегі формалары. Конфуция. Даосизм. Индуизм. Иудизм. Буддизм. Ерте хрестияншылдық. Провослав діні. Католизм . Протестантизм . Ислам . Дәстүрлі емес діни бағыттар . Діни экстремизм профилактикасының әдістері . Діни конфесиялармен әлеументтік жұмыс.



Күтілетін нәтижелер: - Дінтану және конфессиялармен әлеументтік жұмыс теориясы мен тарихың;

- Дінтанудың ертедегі формалары білу

- Дәстүрлі емес діни бағыттарды тау және айыру

- Діни экстремизм профилактикасының әдістері

- Діни конфесиялармен әлеументтік жұмыс

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Тутинова Н.Е.
Дінтану

Пререквизиттері: Өзін-өзі тану, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы

Постреквизиттері: Философия, Әлеуметтік жұмыс тарихы, Әлеуметтік жұмыс әдістерімен технологиялары, Жастармен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс, Әйел адамдамен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік ел басының дүрыс әлументтік саясатының нәтежесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді. Дін дегеніміз не? және конфессиялармен әлеументтік жұмыс деген не? Осы пікір таласының негізінде дүниеге көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Дінтану пәні. Дінтанудың ертедегі формалары. Конфуция. Даосизм. Индуизм. Иудизм. Буддизм. Ерте хрестияншылдық. Провослав діні. Католизм . Протестантизм . Ислам . Дәстүрлі емес діни бағыттар . Діни экстремизм профилактикасының әдістері . Діни конфесиялармен әлеументтік жұмыс.



Күтілетін нәтижелер: - Басқа да әлеуметтік - гуманитарлық пәндер мен бірге дін бүтін дүниетанымды құрастырды. Дінтануды меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруын, ғылыми – зерттеу жұмыстарын үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады. Дінтану жас мамандарға сенімді дүниетанымдық және әдістемелік негіз болуы керек.

- Семинар сабақтары болашақ мамандардың ғылыми – теоретикалық деңгейі мен халық мәдениетінің жоғарлауы, діни білім жүйесін меңгеруге көмектеседі. Семинар сабақтарында қарсыластарына деген сын көзқарас, өз көзқарастарын жеткізе білу шеберлігі, өз бетімен және шығармашылық ойлау қабылеттерінің өсуі, белсенділік қалыптасады. Семинар сабағының жоспарында дінтану сабағында талқылайтын сұрақтар болады.

- Дінтануды жақсы меңгерудің негізі – алғашқы көздерді талдап оны конспектеуде өзіндік жүйелі жұмыс жасау. Алғашқы көздер дегеніміз, ерте және қазіргі заманғы діни ойдың классиктерінің жұмыстарымен танысу. Көмекші қосымша материал ретінде дінтанудан көптеген оқулықтарды пайдалануға болады.

- Дінтануды оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Тутинова Н.Е.
Таңдау бойынша курс 6

Әлеуметтік коммуникация

Пререквизиттері: Дүниежүзі тарихы

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік жобалау мен болжау,Әлеуметтік менеджмент, Басқару психологиясы

Мақсаты әлеуметік жұмыстың әдістері және технологияларының теориялық мәселелері мен мазмұнын ашып, әлеуметтік әрекеттің берілген саласындағы студенттердің өзіндік жұмыс жасауына алғышарттар қалыптастыру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Коммуникация теориясының пәні. Қарым-қатынас және коммуникация. Коммуникацияны үрдіс және құрылым ретінде түсіну. Коммуникатор тұлғасы. Коммуникация аудиториясы . Коммуникация түрлері. Бұқаралық коммуникация. Мамандандырылған коммуникация. Коммуникацияның вербальді құралдары. Жазбаша тіл. Іскерлік коммуникациядағы тыңдау. Коммуникацияның вербальді емес кұралдары. Коммуникациялық әрекеттегі ойынның ролі. Дағдарыстық коммуникациялар. «Жұртшылықпен байланыс» саласындағы жарнама.



Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту кезінде студенттер әлеуметтік жұмыстың технологиясы және әдістемелерінің теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді. Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады.



  • Студенттердің пән бойынша әлеуметтік коммуникация кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білуге дағдыланады. Қарым-қатынас және коммуникация, коммуникация аудиториясы, бұқаралық коммуникация мен бағдарламалардың қызметін ролдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру.

  • Коммуникацияның вербальді құралдары, жазбаша тіл мен даму алғышарттарына анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

  • Коммуникатор тұлғасы мен мамандандырылған коммуникация оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

  • Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.,проф Минжанов Н.А.
Тұлғааралық коммуникация теориясы

Пререквизиттері: Дүниежүзі тарихы

Постреквизиттері:Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік жобалау мен болжау,Әлеуметтік менеджмент, Басқару психологиясы

Мақсаты: жеке коммуникативті формалардың ерекшеліктері туралы білімді тереңдету және кеңейту және көп деңгейлі білімге сүйене отырып келіссөздер жүргізу, әңгіме жүргізу, жиналыс өткізу, көпшілік алдында сөз сөйлеу болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Педагогтың коммуникативті мәдениеті. Жеке бағдарланған педагогикадағы оқытушы мен оқушының қарым-қатынасының диалогтық сипаттамасы. Педагогикалық қарым-қатынастар стильдері.



Педагогикалық жанжал және оны шешу жолдары. Қазіргі заманауи жағдайда педагогтың жеке басына қойылатын талаптар . Оқытушының сөз сойлеу және мамандық педагогикалық мәдениеті. Өзаралық қатынастың теориясы ғылым және оқыту пәні ретінде. Коммуникация теорияларының негізгі этаптары методологиялық аспектілері . Коммуникация функциялары. Өзаралық қатынастардағы жағдайлы және психологиялық негіздер. Ресми қарым-қатынас этикасы келіссөз жүргізу . Ресми қарым-қатынастың топтық формалары. Ресми келіссөздерді жүргізу теориясы Іскерлік келіссөз және хат алмасу. Ресми қарым-қатынас жүйесін басқару

Күтілетін нәтижелер: Өзаралық коммуникация теориясы төңірегіндегі білімді көрсету; араласудың техникалық коммуникациясы туралы білу, сөз сөйлеу этикетін білу, коммуникация процесін ұйымдастыру, оны басқару;

  • Кәсіби қызметте коммуникативті технологияларды пайдалана білу; дәйекті түрде негіздеу, сынау, дәлелдеу, сендіре білу, жоққа шығару, келісімге қол жеткізу және мәмілеге келу қабілеттердің болуы;

  • Пәндік тапсырмаларды шешу кезінде ақпаратты-іздеу және аналитикалық-синтетикалық қызмет әдістерін пайдалану; ой-піікірлерін жеткізе білу, әлеуметтік, ғылыми және этикалық мәселелер бойынша шешімдер шығару және әлеуметтік процестерді, құбылыстарды, ғылыми критикалық анализдің негізіндегі фактілерді талдай білу;

  • Аудиторияның ерекшеліктерін ескере отырып, хабарландырудың әртүрлі түрінде ақпараттар жеткізу, көрсету; әңгіме, іскелік әңгіме, дау, дискуссия, дебаттар, дөңгелек үстелдер, іскерлік жиналыс, топтық іскерлік ойындар, келіссөздер жүргізе білу;

  • Өзін-өзі тану, өз дегенін іске асыру әдістерін білу, өзінің жұмысының сапасын көтеруге ұмтылу, маманданды көтерілуге дайын болу, қабілеттерін дамыту.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.,профессор Минжанов Н.А.


Пәндер

Пәндер циклы

Пәндер коды

Пәндер атауы

Кредиттер саны

Семестр

2 курс

Таңдау бойынша курс 1

БП


AZhT 2214

Әлеуметтік жұмыс тарихы

2


3


SKIT 2214

Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

Таңдау бойынша курс 2

БП


AS 2215

Әлеуметтік саясат

3


4


AEZh 2215

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

Таңдау бойынша курс 3

БП


Kak2216

Қақтығыстану

2


4


KKORA 2216

Қазіргі замаңғы қақтығыстар және оны реттеудің тәсілдері

Таңдау бойынша курс 4

БП


ZhAP2217

Жалпы және әлеуметтік педагогика

2

4

Ped2217

Педагогика

Таңдау бойынша курс 5

ПП


AU 2305

Әлеуметтік ауытқулар

2


4


KRAK 2305

ҚР әкімшілік құқығы

Таңдау бойынша курс 6

ПП


PDN 2304

Психодиагностика негіздері

2


4


BP 2304

Басқару психологиясы

Таңдау бойынша курс 7

ПП

ZhAZH 2303

Жастармен әлеуметтік жұмыс

3

4

KRYuK 2303

ҚР ювеналдық құқығы


Таңдау бойынша курс 1

Әлеуметтік жұмыс тарихы

Пререквизиттері: Мамандыққа кіріспе, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарих.

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру, Басқару және әкімшілендіру, Әлеуметтік жұмыс әдістерімен технологиялары, Әлеуметтік жұмыс теориясы.

Мақсаты: Әлеуметтік қызметкерлерді дайындау жүйесінде «Әлеуметтік жұмыс тарихы» болашақ мамандарға оқытылатын басқа да пәндермен байланыстыратын бөлшек болып табылатын базалық оқу курсы және оның құрылымы осыдан тұрады. Бір жағынан бұл курс оның пайда болудың барлық реформаларында әлеуметтік жұмыстың қалыптасуының өзіндік моделін ұсынса, екінші жағынан олардың проблемалары тереңірек қарастырылатын оқу циклінің пәндеріне басшысы ретінде орын алады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе. Әлеуметтік жұмыс тарихының теоретико- әдістемелік мәселелері. Архаикалық кезеңдегі көмек және өзара көмек. Ежелгі әлем мемлекетіндегі филантропия және әлеуметтік көмек. Ортағасырлық (V-XV ғ.ғ.) дәуіріндегі әлеуметтік көмек және қайрымдылық Қайырымдылық және діни нанымдар. Ресейдегі мемлекеттік көмек жүйесінің қалыптасуы. Жаңа кезең дәуіріндегі Батыс Шығысқа әлеуметтік көмек (XVIIғ. екінші жартысы - XIX ғ. бірінші жартысы). Әлеуметтік қайырымдылық, қамқорлық, меценаттықтың гүлденуі. ( XIX ғ.екінші жартысы— ХХғ.басы). АҚШ –та әлеуметтік жұмыстың тууы мен дамуы.Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың тууы мен дамуы. Қазақстандағы кеңес кезеңіндегі әлеуметтік қамсыздандыру. «Посткоммунистік»социумдағы әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары:Қазақстан мен Рессейдің тәжірибесі.Әлеуметтік жұмыс қазіргі әлемдік феномен ретінде. Әлеуметтік жұмыс кәсіби қызмет ретінде.



Күтілетін нәтижелер:

- әлеуметтік көмектің тарихи үлгісін оқыту;

- әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздерін оқыту;

- қазіргі заман спецификасын және олардың жағдайын;

-студенттерді тарихи мұраларға, қайырымдылық және мейірбандылық қажеттілігі, азаматтылыққа тұтастай және бағалы қатынасқа қалыптастыруын бейімдеуге:

- әлеуметтік көмектің тарихи үлгілерін;

- әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздерін;

- әлеуметтік жұмыстың қазіргі жағдайын.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: т.ғ.к. аға оқытушы Туякова А.Е.
Саяси құқықтық ілімдер тарихы

Пререквизиттері: Саясаттану, Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарих.

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамсыздандыру.

Мақсаты: Саяси және құқықтық ілімдер тарихы теория мен доктриналарды, саяси жөне кұқықтық ойлардың негізгі бағыттарын, мемлекет жене құқық теориясы мен философиясы сферасындағы атақты ойшылдар мен ғалымдардың ілімдерін зерттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәні және теориялық мәселелері. Ежелгі дүниедегі саяси және құқықтық ілімдер. Ежелгі Үнді және Ежелгі Қытайдың саяси және құқықтық ілімдері. Орта ғасырдағы және Қайта өркендеу дәуіріндегі саяси және құқтық ілімдер. Орта ғасырлардағы Еуропаның саяси және құқықтық ілімдері. Орта ғасырдағы Еуропаның саяси және құқықтық ілімдері. Қайта өрлеу дәуіріндегі Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. ХҮІІ-ХҮШ ғғ. саяси және құқықтық ілімдері Голландия мен Англиядағы ХҮІІ-ХҮШ ғғ саяси және құқықтық. ХҮШ-ХІХ ғғ. басындағы Франциядағы саяси және құқықтық ілімдер. Тәуелсіздік үшін күрес кезеңіндегі АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер. ХҮІІІ - XIX ғ. басындағы Германиядағы саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. I жартысындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. екінші жартысы- ХХғ. саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. II жартысы- XX . басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. екінші жартысы- ХХ . саяси және құқықтық ілімдер. XIX ғ. II жартысы- XX . басындағы Батыс Еуропадағы саяси және құқықтық ілімдер. XIXғ. II жартысындағы -XX . басындағы Қазакстандағы саяси-құқықтық ойлар.



Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту кезінде студенттер саяси құқықтық ілімдер тарихы, дүние жүзі тарихындағы құқық, мемлекет пен сол елдердің заңдары мен мемлекеттік құрылымы, әлеуметтік құрылысына тоқталып толық түсініктерді меңгереді.

-Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша тарихи кезеңдерінде әр түрлі ситуацияларға құқықтық нормаларды дұрыс қолдана білуге дағдыланады.

- Көне, орта, жаңа, қазіргі кезең дәуірлеріндегі саяси ойлар мен шығармалар арқылы студенттерге теориялық білім беру. Саяси құқықтық ілімдер тарихы қазіргі жағдайда заңгерлер үшін қажеттті пән болғандықтан ойлар мен теорияларға анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен халықаралық құқық саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

- Саяси құқықтық ілімдер тарихын оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.



Басқарушы / факультеттің жауапты мүшесі: т.ғ.к. аға оқытушы Туякова А.Е.
Таңдау бойынша курс 2

Әлеуметтік саясат

Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Философия, Әлеуметтану, Саясаттану

Постреквизиттері: Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу, практикум Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері, Әлеуметтік этнография және демография.

Мақсаты: әлеуметтік саясат қазіргі қоғамдардың маңызды мүдделері жайлы және қазіргі мемлекеттердің іс-әрекетінің негізгі маңыздылығын, әлеуметтік саясаттың рөлін анықтау негізінде әлеуметтік қызметкер осы білімді толықтай жан-жақты меңгеруіне мүмкіндік беру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік саясат қоғамдық теория және тәжірибе ретінде. Әлеуметтік саясаттың мазмұны, мақсаты мен негізі. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік трансформация және әлеуметтік қауіпсіздік. Әлеуметтік саясаттың объектісі, субъектісі және принциптері. Халықтың кіріс саясаты. Еңбек және еңбектік қатынастар саласындағы саясат. Демография мәселелері және демографиялық саясат. Еңбекке жарамсыз және аз қамтамасыз етілген адамдарды әлеуметтік қолдау және қорғау. Әлеуметтік салалардың дамуы және мемлекеттік саясат. Көмек қажети ететін адамдарға әлеуметтік саясат. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы қаржы және кадр жағынан қамтамасыз етілу мәселесі. Әлеуметтік саясатты ақппараттық қамтамасыз етілуі. Әлеуметтік саясатта әлеуметтік серіктестік. Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы шет елдердің тәжірибесі.



Күтілетін нәтижелер:

Әлеуметтік саясаттың мақсаты мен міндеттерін, негізгі бағыттарын, принциптерін және категорияларын, әлеуметтік қауіпсіздік және халықты әлеуметтік қорғау жүйелерімен байланысын зерттеу болып табылады; әлеуметтік жұмысты қоғамдық құбылыс ретінде білімді тереңдету және оның әлеуметтік саясатпен байланысын анықтау; әлеуметтік болжамға және жоспарлауға қажетті қабілеттерді дамыту.



  • Пәнді оқу барысында «Әлеуметтік саясат» курсын меңгеру кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының әлеуметтік- экономикалық өмір сүру жағдайын реттеудің бір бағытын, елдегі жалпы экономикалық жағдаймен тығыз байланыстылығын, әлеуметтік саясатта тікелей және жанама түрде экономикалық дамудың мақсаттары көрініс алғанын білуі тиіс.

  • Осы пәнді оқытудың нәтижесінде келешек әлеуметтік қызметкерлер мемлекеттік әлеуметтік саясаттың жүзеге асуын қажетті қандай шаралар,бағыттарын, механизмдегі туралы білімді толық меңгереді.

  • Курстың мақсаты әлеуеттік саясат және оның құралдарын меңгеру келешек маманманға қоғамның әлеуметтік дамуы, қандай жолдар арқылы жоғарғы әлеуметтік көрсеткіштерге қол жеткізуге болатыны туралы білім береді.

  • Дамыған елдердің әлеуметтік саясат жүргізу тәжрибесінде бірнеше бағыттар қалыптасқан: әлеуметтік сақтандыру; жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау; еңбекақы саясаты; еңбек нарығындағы әлеуметтік шаралар; тұрғын үй саясаты т.б Әлеуметтік сақтандыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең бір маңызды бөлігі болғандықтан білу қажет.

Басқарушы / факультеттің жауапты мүшесі: магистр, аға оқытушы Исабекова А.С.
Әлеуметтік – экономикалық жоспарлау

Пререквизиттері:Экономикалық теория негіздері, Экология және тұрақты даму.

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмыстағы ұйымдастыру және басқару, Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалау, Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері.

Мақсаты:өзін өзі жетілдіру мен өзін өзі дамытуға деген қажеттіліктің болуы, макро және микродеңгейде әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың мәнін, әдісін, әдістемесін ашу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың негізі. Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау. Ғылыми техникалық прогрессті стратегиялық жоспарлау. Ұлттық экономиканың құрылымын, пропорциясын, қарқындарын стратегиялық жоспарлау. Аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлау. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы орта мерзімді жоспарлаудың ролі. Кәсіпорындардың қызметін жоспарлау. Кәсіпорынның даму бағытын анықтау. Ұйымдағы стратегиялық пен бәсекелестік талдау және стратегияны қалыптастыру. Бизнес жоспарлау.



Күтілетін нәтижелер:

-нарық жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың рөлін, жоспарлаудың ғылыми негіздері және методологиясы, ел мен оның аймақтарының дамуын жоспарлаудың мемлекеттік және негізгі құқықтарын, стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау және олардың методологиялық ерекшеліктерін білу.

-әлеуметтік экономикалық жоспарлау курсының мәліметтерін, курстың құрылымы мен нарық жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың рөлін студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.

-экономиканың өндірістік және әлеуметтік салаларын жоспарлауға мемлекеттік, салалық және аймақтық тұрғыдан қарау,әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың қалыптасуына негіз болатын әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жоспарлық көрсеткіштер мен түрлі іс шараларды жасауды тәжірибе жүзінде үйрету.



-әлеуметтік экономикалық жоспарлауда әлеуметтік экономикалық проблемаларды талдап, негіздей алу;

- әлеуметтік экономикалық жоспарлау курсы бойынша жеткілікті білім алған болашақ мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіруді басқарудағы ролін білуді және дербес жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлату.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Аркенова Ж.Р.
Таңдау бойынша курс 3

Қақтығыстану

Пререквизиттері: Философия, Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану, Дінтану.

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер, Отбасымен әлеуметтік жұмыс

Мақсаты Қақтығыстану психология, педагогика, тарих, математика, саясаттану, құқық, әлеуметтану және философия білімдерінің қақтығысты зерттеудегі негізіне сүйенетін ғылыми білімнің ерекше саласы болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе. Қақтығыстанудың теориялық-әдістемелік негіздері. Қақтығыстанудың қалыптасу тарихы. Қақтығыстың қоғамдық өмірдің әлеуметтік феномені ретіндегі сипаттамасы. Қақтығыстарды басқару. Қақтығыстардың пайда болу себептері. Әлеуметтік қақтығыстың динамикасы. Тұлға ішілік қақтығыс. Отбасындағы қақтығыстар. Жалпы білім беретін мектептегі қақтығыс. Инновациялық қақтығыстар. Топ аралық қақтығыстар. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қақтығыстар. Қақтығыстардағы зорлық. Қақтығыстардың алдын алу. Қақтығыстарды шешу.



Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту кезінде студенттер қақтығыстардың адам, қоғам ұйым, мекеме, жалпы қоғамда алатын орны туралы түсінікке теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді.

- Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша қақтығыстану ойларының даму тарихын дұрыс қолдана білуге дағдыланады.

- Қақтығыстың түсінік-анықтамалық аппаратын мен бағдарламалардың қызметін ролдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру. Коммуникацияның вербальді құралдары, жазбаша тіл мен даму алғышарттарына анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

- Қақтығыстыңын мәнін мен қақтығыс алдындағы және қақтығыс жаңғдайындағы психологиялық реттеу әдістерін, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.

- Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.проф Минжанов Н.А.
Қазіргі замаңғы қақтығыстар және оны реттеудің тәсілдері

Пререквизиттері: Саясаттану, Экономикалық теориясының негіздері, Дінтану, Адамзат дамуы.

Постреквизиттері: Экономикалық қауіпсіздік, ҚР азаматтық құқығы, практикум Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері.

Мақсаты: Қазіргі замаңғы қақтығыстардың тұжырымдары және теорияларымен таныстыра отырып, қақтығыстардың тарихи негізі мен себептерін талдай отырып, бұл мәселелерді түрлі теориялар мен әдістемелік шеңберінде талқылау, тұжырымдардың тарихи дамуын бағалау.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Халықаралық қатынастарды зерттеудегі негізгі тәсілдер. Қақтығыстар анықтамасы. Қақтығыстардың пайда болуы мәселесі. Аймақтық және халықаралық қақтығыстарды сұрыптау. Халықаралық қақтығыстарды шешу мәселесінің тарихы туралы. Қақтығыстарды реттеу тәсілдері. «Қырғи қабақ соғыстан» кейінгі қақтығыстарды шешу. Халықаралық интеграция және дезинтеграция. Қақтығыстарды реттеудегі үшінші жақ. Халықаралық ұйымдардың аймақтық қақтығыстарды реттеудегі қызметі. Келіссөздер қақтығыстарды реттеудің құралы ретінде. Таяу Шығыс дағдарысы: шығуы және шешу жолдары. Балкандағы қақтығыстардың шығуы және шешілу жолдары. Этникалық азшылықтардың қақтығыстары. Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар. Орталық Азиядағы қарулы қақтығыстардың алғышарттары. Орталық Азиядағы қақтығыстар және оларды реттеу мәселелері. Аймақта әскери қақтығыстардың шығу көзінің мүмкіндігі



Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту кезінде студенттер «Қазіргі замаңғы қақтығыстар және оны реттеудің тәсілдері » пәнінен теориялық білімін ала отрып, басты шиеленістерді шешуді және оның алдын-алудың әдіс- тәсілдерін анықтауға тоқталып толық түсініктерді меңгереді.

- Пәнді оқу барысында қақтығыстар мен олардың даму тарихына тоқтаып, оның эволюциясының механизмдері мен факторларын білуге дағдыланады.

- С. Студент халықаралық интеграция және дезинтеграция, қақтығыстарды реттеудегі үшінші тарапты, қақтығыстарды реттеудегі халықаралық ұйымдар қызметін біліп, әдістемелер мен зерттеу техникасын білуі қажет.

- «Қазіргі замаңғы қақтығыстар және оны реттеудің тәсілдері» арқылы студент өз білімін интеллектуальды еңбекпен ұйымдастыра білуі керек олай болса, оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген жекелеген елдердің келіссөз жүргізу дипломатиясы, салт-санасына бағытталған презентациялар, баяндамалар, эсселер дайындау болып табылады.

- Студент курсты меңгеруде халықаралық және аймақтық қақтығыстарды жіктеуде, негізгі ұғымдар, принциптер мен бағыттарды меңгеру мүмкіндігін игеріп, өз бетінше сараптама жасауға дағдыланады.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Мусаева Э.А.
Таңдау бойынша курс 4

Жалпы және әлеуметтік педагогика

Пререквизиттері: Жалпы және әлеуметтік психология, Мәдениеттану.

Постреквизиттері:Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер, Әлеуметтік қызметтің стандарттары мен мониторингі. Отбасымен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: болашақ әлеуметтік қызметкерлердің бойында жалпы және әлеуметтік-педагогика теориясы мен тәжірибесі туралы түсінік қалыптастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе. Жалпы педагогиканың теориялық негіздері. Тәрбие – қоғамдық құрылыс ретінде. Біртұтас педагогика­лық үрдіс: негізі, ұйымдастыру фор­ма­лары, жүзе­ге асыру әдістері. Әлеуметтік педа­гогиканың пайда болуы мен дамуы. Баланы қоғамда (социумда) дамыту. Әлеуметтік тәрбие. Әлеуметтендіру және оның факторлары. Әлеуметтік-педагогикалық виктимология. Әлеуметтік-педа­го­гикалық қызмет, әдістемесі мен технологиялары. Халықтың әртүрлі топтарымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүргізудің ерекшеліктері. Отбасыларымен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар. Балалықты әлеуметтік қорғау – жалпы адамзаттық проблема ретінде. Девианттық мінез-құлық әлеуметтік проблема ретінде. Ерекше білім беруді қажет ететін балалар туралы әлеуметтік қамқорлық. Мектептер және әлеуметтік орта: өзара іс-қимыл жасау жолдары.



Күтілетін нәтижелер: - Жалпы және әлеуметтік-педагогиканың жалпы мағынасын түсіндіру.

- Пәнді оқу барысында жалпы және әлеуметтік-педагогика ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестердiң қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану.

- Жалпы және әлеуметтік-педагогика курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп, осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.

- Жалпы және әлеуметтік-педагогика оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кейс әзірлеу, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс.

- Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге дағдылану.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
Педагогика

Пререквизиттері: Жалпы және әлеуметтік психология, Мәдениеттану.

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер, Әлеуметтік қызметтің стандарттары мен мониторингі. Отбасымен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: педагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі өзгешеліктері мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады. Көп ғасырлық тәрбие әрекеті нәтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игеруді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мәдениеті дамуындағы рөлі жайлы ашып көрсетіледі.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Педагогика – адам туралы ғылымдар жүйесінде. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы және әдістері. Тұлғаның дамуы, қалыптасуы және тәрбиесі. Оқушылардың жас және дара ерекшеліктері. Тәрбие мақсаты. Тұтас педагогикалық процесс. Тәрбие – қоғамдық құбылыс. Тәрбие әдістері, құралдары және формалары. Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу. Тұтас педагогикалық процесс құрылымындағы оқыту. Қәзіргі кездегі мектептегі білім беру мазмұны. Оқыту әдістеріне сипаттама. Оқытуды ұйымдастыру формалары. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Оқыту технологиялары. Оқыту нәтижелерін бақылау формалары және әдістері. Педагогикалық жүйелерді бас-қару және мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру.



Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту кезінде студенттер ұлттық даралық жайлы, адам, қоғам ұйым, мекеме, жалпы қоғамда алатын орны туралы түсінікке теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді. Педагогикалық құбылыстардың әдіснамалық заңдылықтар мен принциптерінің түсінігін қалыптастыру.

- Студенттердің пән бойынша ойларының даму этнопедагогика тарихын дұрыс қолдана білуге дағдыланады. Педагогикалық поцестерді, жеке адам қасиеттері мен күйлерін ашып көрсету. Пәнді оқу барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады.

- Студенттерді педагогиканың жалпы білім негіздерімен қаруландыру, мектепті педагогикалық процесін ұйымдастыру іскерліктері мен дағдыларын, педагогикалық ойлауды және педагогикалық іс-әрекетке қызығушылықтарын қалыптастыру. Педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында педагогикалық басқару әдістерін қолдана білу.

- Студенттерге педагогикалық процестің негізгі заңдылықтарын меңгерту, оларды педагогикалық процестің әдістері, формалары және құралдары туралы білімдер негізімен қаруландыру.

- Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
Таңдау бойынша курс 5

Әлеуметтік ауытқулар

Пререквизиттері: Жалпы әлеуметтік психология, Әлеуметтану, Мамандыққа кіріспе.

Постреквизиттері: Пенитициарлы жүйелі ұйымдарындағы әлеуметтік жұмыс, Психо-әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен әдістемесі, Имиджеология, Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс, Мемлекеттік қызмет этикасы.

Мақсаты: студенттерді әртүрлі әлеуметтік ауытқулар түрлерінің пайда болу себептерімен, сонымен қатар әлеуметтік жұмыскерлер қатысуымен өтетін профилкатикалық шаралар тиімділігінің қажеттілігін қалыптастыру болып табылады. Профилактикалық шаралар деп бірнеше шаралар кешені, дені сау адамдардың жоғары деңгейін, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Әлеуметтік ауытқулар» түсінігі. Стресс және депрессиялар. Агрессивті жүріс-тұрыс Қылмыстылық. Дедовщина әлеуметтік- психологиялық құбылыс ретінде. Отбасы және балаларға зорлық мәселесі. Урбанизация мәселесі. Маскүнемдік әлеуметтік мәселе ретінде . Қазіргі қоғамдағы нашақорлық мәселесі. Жезөкшелік әлеуметтік мәселе ретінде. Суицид әлеуметтіку мәселе ретінде. ВИЧ/СПИД: мәселенің әлеуметтік аспектісі. Адамзаттық трафик және құлдық. Діни экстремизм. Коррупция негативті әлеуметтік құбылыс ретінде



Күтілетін нәтижелер:

  • Әлеуметтік ауытқулар дамуы және пайда болуының себептері;

  • Әлеуметтік ауытқу түрлері;

  • Әлеуметтік ауытқулар профилактикасының әдістері, принциптері, түрлері;

  • Әлеуметтік- ауытқулар құбылыстарымен жұмыс технологиясы;

  • Әлеуметтік ауытқулар себептерін басқару.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
ҚР әкімшілік құқығы

Пререквизиттері: Құқық негіздері

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмыстың құқықтық қамсыздандыру, Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері, ҚР отбасы құқығы, ҚР тұрғын үй құқығы, ҚР еңбек құқығы, Әлеуметтік жұмыстағы әкімшілік, ұйымдастыру және басқару.

Мақсаты: Әкімшілік құқықтың мақсаттары мен әдістерін, пәнге байланысты білім деңгейін қалыптастыру; ҚР атқарушы органдарының жүйесімен танысу; әкімшілік құқық субектілерінің құқықтық статусын талдау, атқарушы билікті жүзеге асырудың әдістері мен түрлерін, мемлекеттік қызметтегі заңдылықты және тәртіптілікті қамтамасыз ету әдістерін оқып үйрену.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

әкімшілік құқықтың пәні және әдістері, азаматтың әкімшілік құқықтық статусы, атқарушы билік органдарының әкімшілік құқықтық статусы, мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтық статусы, өнеркәсіп, мекеме және ұйымдардың әкімшілік құқықтық статусы,атқарушы билікті жұзеге асыру түрлерінің әкімшілік құқықтық статусы, атқарушы билікті жүзеге асыру әдістерінің әкімшілік құқықтық статусы, әкімшілік мәжбүрлеу,әкімшілік жауапкершілік, әкімшілік-атқару қызметі, мемлекеттік басқару аясындағызаңдылықты қадағалау және бақылау, әкімшілік-құқықтық режимдер, экономика саласын әкімшілік құқықтық реттеу, әлеуметтік-мәдени саласын әкімшілік-құқықтық реттеу, әкімшілік-саяси саласын әкімшілік құқықтық реттеу.



Күтілетін нәтижелер:

Пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мыналарды білу керек:

- ҚР Әкімшілік құқық пәнінің аумағындағы негізгі құқықтық түсініктерді білу.

- әкімшілік заңнамаларды талқылап және оларды тәжірибеде қолдана білу.

- құқықтық терминдердің мағаналарын тұсіну.

- ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларына құқықтық талдамалар жасай білу.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:: з.ғ.м., аға оқытушы Искакова Ж.А.
Таңдау бойынша курс 6

Психодиагностика негіздері

Пререквизиттері: Мамандыққа кіріспе, әлеуметтану, Философия, Жалпы және әлеуметтік психология.

Постреквизиттері: Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс, Психо-әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен әдістемесі.

Мақсаты: студенттердің теориялық және практикалық проблемасын меңгеру болып табылады. Бұл мақсатта оларға психологиялық қатынас заңдары мен категорияларын, альтернативті теория мен қазіргі іскерлік жағынан дәріс беру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Психодиагностиканың тарихы. Психодиагностиканың әдістерінің жіктелуі. Әдістемелерді тексеруге және құрастыруға психометрикалық талаптар. Интеллект диагностикасы және ақыл-ойдың дамуы. Интеллект диагностикасы және ақыл-ойдың дамуы. Креативтік және оның диагностикасы. Қабілет диагностикасындағы тестердің жүзеге асырылуы. Жеке тұлға сауалнамасы. Жеке тұлға сауалнамасы. Жобалық әдістемелер. Жеке әдістемелердің болжамдық нәтижесі.Психодиагностикадағы әлеуметтік -мәдени аспектілері. Психодиагностика жұмысындағы моралдік-этикалық мәселелері. Психодиагностика жұмысындағы моралдік-этикалық мәселелері. Психодиагностиканың даму болашағы.



Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі;

- Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

- Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;

- Психодиагностикалық әдістерді қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

-Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Исина С.С
Басқару психологиясы.

Пререквизиттері: Жалпы және әлеуметтік психология.

Постреквизиттері: Психо-әлеуметтік жұмыстың мазмұны мен әдістемесі, Коммуникация психологиясы.

Мақсаты: Психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Психология пәні. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Адам, жеке адам, даралық, индивид. Қабілет. Зейін, түйсік. Ойлау, сөйлеу. Басқару психологиясының теориялық негіздері. Басқару процесiнiң мазмұны және негiзгi сипаттамалар. Сыртқы ортаны бағалау және талдау. Мақсатты анықтау процесi және басқару процесiнiн типтерi. Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Психологиялық менеджменттің психология саласы

болып қалыптасуының теориялық негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы;

- Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

- Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;

- Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

- Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.проф Минжанов Н.А.
Таңдау бойынша курс 7

Жастармен әлеуметтік жұмыс

Пререквизиттері: Мәдениеттану, Әлеуметтану, Әлеуметтік жұмыс теориясы.

Постреквизиттері: Әлеуметтік қызметтің стандарттары мен мониторингі, Пенитицарлы жүйелер ұйымдарындағы әлеуметтік жұмыс, Әйелдермен әлеуметтік жұмыс, Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: Пәнді оқытудың негізгі мақсаты болашақ әлеуметтік қызметкерлерді әлеуметтік - демографиялық, әлеуметтік- психологиялық және әлеуметтік- мәдени ереккшеліктер мен және жастар- қоғамның объектісі ретінде әлеуметтік жұмыстың әдістері мен принциптері мен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Жастар қоғамның әлеуметтік –демографиялық тобы ретінде. Жастардың әлеуметтік –психологиялық және әлеуметтік мәдени сипаттамалары. Жастардың әлеуметтік мәселелері, олардың табиғаты мен көкейкестілігі. Жастардың білім саласындағы әлеуметтік мәселелері. Еңбек нарығындағы жастар. Жастарды отбасылық тұрмыстық жайластыру мәселелері. Бос уақыт саласындағы жастар мәселесі. Жастардың девиантылығы әлеуметтік мәселеалер ретінде. Жастардың әлеуметтік саясаты. Жастар мен әлеуметтік жұмысқа дифференциялды көзқарас.«Қиын » жасөспірімдермен әлеуметтік жұмыс. Девиантты мінез – құлықты жастар меан әлеуметтік жұмыс. Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс. Жас отбасылар мен әлеуметтік жұмыс. Бейресми біріккен жастармен әлеуметтік жұмыс.



Күтілетін нәтижелер:

-Жастар ортасында кездесетін қоғам топтарының әлеуметтік демографиялық жағдайы жайлы және әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік мәдени жастар сипаттамасын, сонымен қатар жастар арасындағы әлеуметтік мәселелер, олардың табиғаты және өзектілігі жайлы түсінік қалыптыстыру.

-Күрделі өмірлік жағдайларға тап болған жастарға әлеуметтік көмек көрсетудегі технологиялар мен әдістерді қолдана білу, әлеуметтік инновацияны тәжірибеге енгізу, ғылыми зерттеушлік қызмет атқару.

-Ақпараттық іздеушілік және талдаушы синтетикалық қызмет әдістерін қолдану, заттық міндеттерді шеше білу, әлеуметтік, ғылыми немесе этникалық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, оларды талдай алу.

-Аудитория ерекшеліктерін есепке ала отырып, әртүрлі ақпараттарды қабылдау, ұйымдастыру және кәсіби және топта жұмыс істей алу, ұжымдағы әлеуметтік рөлдерді игеру.

-Өзін-өзі тану, өзін-өзі жүзеге асыру және өзін дамыту әдістерін игеру, кәсіби өсуге дайын болу, өзіндік мотивациялану қабілеттіліктерін дамыту.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Исина С.С.
ҚР ювеналдық құқығы

Пререквизиттері: Құқық негіздері.

Постреквизиттері: ҚР Еңбек құқығы, ҚР Азаматтық құқығы, ҚР отбасы құқығы, ҚР тұрғын үй құқығы.

Мақсаты: өзінің тәжірибелік жұмысында халықаралық және ұлттық заңдардарға сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандардың материалдық және іс жүргізушілік қатынастарын реттеуге көмектесе алатын жоғары дәрежелі мамандарды дайындау, сондай-ақ студенттерді Қазақстан Республикасындағы Ювеналдық юстицияның теориялық сұрақтары мен іс тәжірибесімен және оның қазіргі мәселелерімен таныстыру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Ювеналдық құқықтың құрылуының алғы шарттары, оның негізгі түсінігі және қайнар көздері. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтық жағдайын халықаралық және конституциялық құқықтық реттеу. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбек қатынастары саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың азаматтық-процессуалдық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкімшілік-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-құқықтық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі және оларды жазалау. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық-атқарушылық қатынастар саласындағы құқықтық жағдайлары. Кәмелеттік жасқа толмағандарға қолданылатын тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық іс жүргізу саласындағы құқықтық жағдайлары. Қылмыстық істер бойынша сотта кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыс жасауына қарсы әрекет етудің криминологиялық және виктимологиялық мәселелері.



Күтілетін нәтижелер: пәнді игеру нәтижесінде студент:

- кәмелеттік жасқа толмағандарды құқықтық оқыту және тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық ерекшеліктерін;

- кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты құқықтық реттеудің негізгі нормативтік-құқықтық актілерін, олардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты әділ сот, (ювеналдық сот), кәмелеттік жасқа толмағандардың заңдық жауапкершілігі;

- кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылыққа профилактика жүргізуші органдардың негізгі бағдарламасын, олардың тарапынан болатын құқықбұзушылықтар – қаңғыбастық пен қайыр сұраудың алдын алу;



- нақты ситуацияларды шешу үшін, мемлекеттік және жергілікті органдардың ювеналдық қызыметін реттейтін азаматтық, әкімшілік және де басқа да құқықтың аралас салаларының нормаларын дұрыс қолдана білу керек.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: х.ғ.к., кафедра доценті Сарсембаев Б.Ш.

Пәндер

Пән циклы

Пәндер коды

Пәндер атауы

Кредиттер саны

Семестр

3 курс

Таңдау бойынша курс 1

БП

AZhEN 3218

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері

2

5

EK3218

Экономикалық қауіпсіздік

Таңдау бойынша курс 2

БП

Sta 3221

Статистика

3

5

AS 3221

Әлеуметтік статистика


Таңдау бойынша курс 3

БП

AED 3220

Әлеуметтік этнография және демография

2

5

ARB 3220

Адамзат ресурстарын басқару

Таңдау бойынша курс 4

БП

HEKER 3219

Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу

3

5

ENE 3219

Еңбек нарығы экономикасы

Таңдау бойынша курс 5

БП

KREK 3222

ҚР еңбек құқығы

3

6

KRAK 3222

ҚР азаматтық құқығы


Таңдау бойынша курс 6

БП

KRMKB 3223

ҚР Мемлекеттік қызмет және басқару

2

6

MKE 3223

Мемлекеттік қызмет этикасы































Таңдау бойынша курс 7

ПП

Imi 3307

Имиджелогия

2

5

KP 3307

Коммуникация психологиясы

Таңдау бойынша курс 8

ПП

AG 3308

Әлеуметтік геронтология

2

6

TET3308

Тамақтанудың емдік технологиясы

Таңдау бойынша курс 9

ПП

AKSM3309

Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг

3

6

SMZh3309

Сапа менеджмент жүйелері

Таңдау бойынша курс 10

ПП

OBAZh3310

Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс

3

6

KRAK (zhb)3309

ҚР Азаматтық құқығы (жалпы бөлім)


Таңдау бойынша курс 1

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтік-экономикалық жобалау.

Постреквизиттері: ҚР Еңбек құқығы, Әлеуметтік қызметтің стандарттары мен мониторингі.

Мақсаты: Cтуденттерде әлеуметтік экономиканы жүзеге асыруға бағытталған, мемлекеттегі экономикалық және әлеуметтік үрдістердің өзара қатынасының мәнін білуді қалыптастыру, мемлекет тұрғындарының өмір сүру деңгейінің жақсарылуына байланысты бағытталған, мемлекеттің әлеуметтік саясатына белсеңді қатысу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері. Халықты әлеуметтік қорғау және оның мемлекет саясатындағы орны. Әлеуметтік қамтамасыз ету мен әлеуметтік сақтандырудың ұйымдық-экономикалық негіздері. Халықтың экономикалық дифференциациясы

Қаржыландырудың түрлері мен негізгі қайнар көздері. Салық салу – әлеуметтік жұмысты қаржыландырудың маңызды құралы. Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі кәсіпкерлік қызмет. Жалпы бағытталған және мамандырылған әлеуметтік қызмет көрсетудің экономикасы. Әлеуметтік жұмыстың тиімділігі. Швецияда азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. Жапонияда азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі. АҚШ-та азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі.

Күтілетін нәтижелер:

- Экономикалық және әлеуметтік құбылыстар арасындағы қиын үрдістерге талдау жасауды үйрену;

- Әлеуметтік сала мен экономиканы дамыту жолдары мен қайнар көзін анықтау;

- Барлық деңгейде (кәсіпорын, аймақ, қала, мемлекет) экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде әлеуметтік экономика бойынша теоретикалық білімді пайдалана білу қабілеті;

- Әлеуметтік экономиканың түрлі модельдерін творчестволық оқу;

- Осы бағыт бойынша ғылыми зерттеулерге қатысу.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр,аға оқытушы Куандыкова М.Б.
Экономикалық қауіпсіздік

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтік-экономикалық жобалау.

Постреквизиттері: ҚР Еңбек құқығы, Әлеуметтік қызметтің стандарттары мен мониторингі.

Мақсаты: студенттерге мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің мақсатын, міндетін және рөлін толық түсіну үшін қажетті білім беру, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін студенттерде кешендік көзқарасты қалыптастыру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Экономикалық қауіпсіздік» пәнінің әдіснамасы оны зерттеу мақсаты мен ерекшеліктері арқылы анықталады. Осы мақсатқа сай, оқытудың арнайы білімге негізделген: жағдайлық есеп, топтық жобаларды өңдеу әдістерін, салыстырмалы талдау әдісін, кейстік әдістерді пайдаланған жөн.



Күтілетін нәтижелер:

- Студенттер аталмыш пәнді зерттеу барысында мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі туралы, атап айтсақ, оның рөлі мен мәні, оның құрамдастары, мемлекет пен шағын бизнес субъектілері арасындағы өзара байланыс, мемлекет қызметі – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесінің субъектісі ретінде екендігін, экономикалық қауіпсіздіктің әсері жөніндегі білімді игеруі қажет.

- Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ұйымдық-құқықтық негізімен танысу;

- Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мәні мен мазмұнын ұғыну;

- Қазіргі экономикалық қатынастағы экономикалық қауіпсіздіктің рөлін түсіну.



- Оқу барысында студенттерде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігінің әдіснамалық маңызын, экономикалық қауіпсіздіктің принциптері мен әдістерін меңгеруге бағытталған болашақ мамандардың кәсіби ойларын қалыптастыру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: к.э.н., доцент Мұхамбетова З.С.
Таңдау бойынша курс 2

Статистика

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтік-экономикалық жобалау.

Постреквизиттері: ҚР Еңбек құқығы, Әлеуметтік қызметтің стандарттары мен мониторингі.

Мақсаты: Экономикалық білімнің ажырамас бөлігі болып әртүрлі статистикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін статистикилық сауаттылық, статистикалық зерттеу әдістерін қолдана білу табылады. Сондықтан да экономикалық білімді жақсарту дегеніміз білімнің әртүрлі салаларындағы мамандардың статистикалық сауаттылығын міндетті түрде жоғарлатуды көздейді. Осыған орай, «Статистика» курсын оқып үйрену жоғары мәнге ие. Статистика студенттерді жиынтық (масса) мәліметтердің қалай жинақталатынын таныстырады, өйткені бағалардың, өмір сүру деңгейінің және т.б. Өзгерулерін жекелеген құбылыстар (бір тауардың бағасы немесе бір отбасының табысы және т.б.) негізінде қорытындылауға болмайды, сондай – ақ мәліметтердің қалай қорытындыланатынын және талданатынын үйретеді.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Статистика пәні, даму процестері және оның зерттеу әдітері. Статистика агенттігнің ұйымдастырылуы және оның зерттеу міндеттері және статистикалық бақылау. Статистикалық мәліметтерді жинақтау , топтау және кесте құру. Абсолютті және қатысты шамалар. Статистикадағы графиктік әдіс. Орташа шамалар және вариация көрсеткіштері. Ішінара бақылау. Өсіңкілік(динамика) қатарлары. Индекстер. Қоғамдық құбылыстарың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу.статистикалық мәліметтерді талдау зерттеудің соңғы сатысы. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың ғылыми негіздері. Әлеуметтік-экономикалық потенциал статистикасы. Шығын және аралық тұтыну статистикасы. Өндіріс нәтижесінің статистикасы. Ұлттық есеп жүйесі. Халықтың тұрмыс деңгейінің статистикасы.



Күтілетін нәтижелер:

- білікрілік мінездемесі мен берілген силлабустың талаптарына сәйкес студент статистикалық әдістемелерді экономикалық – статистикалық талдаулар жүргізуде қолдана білуі керек;

- әдебиеттерді іздеу мен талдау;

- теориялық және практикалық тәжірибелер зертеу;

- алынған ақпараттарды өз бетінше талдау.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: к.э.н., доцент. Сраилова Г.Н.
Әлеуметтік статистика

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтік политика, Әлеуметтік-экономикалық жобалау.

Постреквизиттері: ҚР Еңбек құқығы, Әлеуметтік қызметтің стандарттары мен мониторингі.

Мақсаты: Әртурлі статистикалық заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік беретін статистикалық сауаттылық, зерттеудің статистикалық әдістерін қолдана білу экономикалық білім жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Экономикалық білімді жоғарлату мамандардың статистикалық сауатылығын міндетті турде көтеруді талап етеді. Осыған байланысты «Мемлекеттік және жергілікті басқару» «Әлеуметтік жұмыс» мамандықтары бойынша оқып жатқан студенттердің «әлеуметтік статистика» пәнін терең менгеру аса маңызды болып отыр.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Тұрғындардың табысын, шығынын және тұтынымын талдау әлеуметтік статистиканың негізгі бөлігі болып табылады. Мұндай талдау әлеуметтік өріс салаларынның тұрғындарға деген қызмет көрсету барысын баға беруге жағдай жасайды. Басқару органдарды, халықаралық ұйымдарды, коммерциялық құрылымдарды және тұрғындары шынайы және өз уақытында ақапараттармен қамтамасыз етіп отыруы әлеуметтік статистикаға жүктелген.



Күтілетін нәтижелер: Әлеуметтік статистика статистикалық әдістердің аса маңызды бөлігі болып табылады. Ол қоғам құрылымы және адамдардың өмірі мен әрекеті туралы кең турде сандық сипаттама береді, сонымен бірге адамдардың мемлекет пен құқық арасындағы өзара байланысын көрсетеді, адамдардың іс қимылының заңдылықтары айқындауға және өлшеуге мумкіндік береді. Тұрғындардың табысын, шығынын және тұтынымын талдау әлеуметтік статистиканың негізгі бөлігі болып табылады. Мұндай талдау әлеуметтік өріс салаларынның тұрғындарға деген қызмет көрсету барысын баға беруге жағдай жасайды. Басқару органдарды, халықаралық ұйымдарды, коммерциялық құрылымдарды және тұрғындары шынайы және өз уақытында ақапараттармен қамтамасыз етіп отыруы әлеуметтік статистикаға жүктелген.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:аға оқытушы Усенбеков Ұ.Е
Таңдау бойынша курс 3

Әлеуметтік этнография және демография

Пререквизиттер: Әлеуметтік жұмыстың теориясы, Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтану, Әлеуметтік саясат.

Постреквизиттері: Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер, ҚР Еңбек құқығы.

Мақсаты: Әлеуметтік қызметкерлерді дайындау жүйесінде «Әлеуметтік этнография және демография» болашақ мамандарға оқытылатын пәндермен тығыз байланысты. Сонымен қатар әлемдегі халықтардың этникалық тарихы туралы студенттерді олардың шаруашылық мәдени өмірде түрлі этникалық бірлестіктердің үлгілері мен, Қазақстандағы және шетелдегі әлеуметтік демографиялық процестерінің басты мәселелерімен таныстыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Этнографияның оқытылу объектісі, пәні. Этнографиялық ғылымның даму негізгі кезеңдері. Этникалық процестер мен этникалық функцияларының ерекшеліктері. Әлемдегі халықтардың негізгі топтасуы. Австралия мен Мұхит халықтарының этнографиясы. Қазақ халқының этнографиясы. Орта Азия халықтарының этникалық тарихы және этногенезі. Америка халықтарының әлеуметтік –этникалық дамуы. Африка халқының этнографиясы. Европа халқының этникалық тарихы. 1893-1928 ж-ғы Қазақстанның демографиялық жағдайы. Тұрғындардың миграциясы. ХХғ. 20-40 ж-ғы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. 50-80 ж-ғы Қазқстанның әлеуметтік-демографиялық процестер. ҚР-ғы өтпелі экономиканың шарттарынның әлеуметтік- демографиялық сипаттама ерекшеліктері. Қазіргі өркениет талаптарындағы этнодемографиялық процестер.



Күтілетін нәтижелер:

-Қазіргі талаптарға сай этнографиялық және демографиялық процестерді талдай білуге болашақ әлеуметтік қызметкерлерді үйрету;. Cтуденттерге, әлемдегі халықтардың этнографиялық және демографиялық жағдайын салыстырмалы түрде білу қажет; студенттерге, әлемдегі халықтардың шаруашылық-мәдени, тілдік, конфессиялық үлгілері мен таныстыру. ҚР-ның өтпелі экономиканың талаптарына сай демографиялық саясатқа бағытталған тереңдетілген білім беру жүйесін дағдыландыру; әлеуметтік болжау және жоспарлау әдеттерін қалыптастыру;



-Пәнді оқу барысында «әлеуметтік этнография және демография» пәнінің теориясын тәжірибеде қолдану арқылы, пәннің мемлекетіміздегі әлеуметтік болжау мен жоспарлау әдістерін, халықаралық демографиялық статистиканы саны мен этнографиялық жағдайды талдауға тиісті.

-«Әлеуметтік этнография және демография» пәнін игеру барысында халықаралық сондай-ақ ҚР-ның демографиялық және этно3рафиялық жағдайын салыстырмалы түрде 5 айырмашылықтары, алғышарттарын білуге тиісті.



- Әлемдегі халықтардың этникалық тарихы туралы түсінікті, шетелдік әлеуметтік демографиялық процестерді игеруі тиіс.

-Студенттердің өзіндік жұмыс атқаруы менкәсіби дағдыны көтеру негізінде жалпы мәселекетіміздегі сонымен қатар әлемдегі этнографиялық және демографиялық үрдісті білу қажет.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., аға оқытушы Туякова А.Е.
Адамзат ресурстарын басқару

Пререквизиттері: Жалпы және әлеуметтік психология, Әлеуметтану, Басқару психологиясы.

Постреквизиттері:Әлеуметтік менеджмент, Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалау.

Мақсаты: ұйымның кадрлық саясаты менеджменті саласындағы теориялық және тәжірибелік аспектіні талдау негізінде студенттерде экономикалық ойлау жүйесін қалыптастыру, персоналды тиімді де нақты басқару бойынша шаралар жүйесін өңдеу және негіздеу

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Еңбек іс-әрекетінің адамзат ресурстары. Адамзат ресурстарын басқару жүйесін ұйымдастыру әдістемесі . Ұйымның кадрлық саясаты. Ұйымдағы кадрлық жоспарлау. Персоналды жалдау және қабылдау. Кадрларды іріктеу. Персоналдың кәсіби бағдарлануы және бейімделуі. Іскерлік карьера және оның дамуы. Ұйым персоналының мотивациясы.



Күтілетін нәтижелер: - адамзат ресурстарын басқару туралы тұтас білім жүйесін қалыптастыру;

- кәсіпорындағы тиімді менеджментті қамтамасыз етудегі басқарушы кадрлар мен олардың орындарын ескеру;

- персоналды басқарудың теориялық аспектілерін қарастыру;

- кәсіпорынның ынталандыру жүйесін басқару бойынша ұсынысты негіздеу;

- кәсіпорын деңгейіндегі жанжалдық жағдайларды қысқарту бойынша ұсыныстарды өңдеу ынталандыру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:э.ғ.к, доцент Байгуренова М.А.
Таңдау бойынша курс 4

Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу

Пререквизиттері: Мамандыққа кіріспе, Жалпы және әлеуметтік психология, Әлеуметтік саясат.

Постреквизиттері:Практикум "Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері" технологиялары, ҚР Еңбек құқығы, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс

Мақсаты: студенттерге халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу бiлiмiнiң негiзiн беру, тарихи дамудың ұзақ жолы барысындағы адамзаттың қол жеткен жетiстiктерiмен таныстыру, әр әлеуметтік дәуiрдiң әр түрлi және күрделi құбылыстарын бағалау, талдау қабiлетiн қалыптастыруға көмектесу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу. Халықты еңбекпен қамту–мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі ретінде.Халықты еңбекпен қамту, оның әлеуметтік-экономикалық мәні. Жұмыссыздық- әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Еңбек нарығы, оның кұрылымы, моделі, әрекет механизмі. Еңбекпен қамтудың классикалық, неоклассикалық және өзекті концепциялары, оларды реттеу. Халықты еңбекпен қамту–мемлекеттің әлеуметтік саясатының құрамдас бөлігі ретінде. Еңбекпен камту саясатын іске асырудың халықаралық тәжірибесі. Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту саясатының ерекшеліктер және оны реттеу. Әлеуметтік- сегменттік еңбек нарығы: әйелдер мен жастарды еңбекпен қамту. Еңбекпен қамту мен жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық және этникалық проблемалары. Әлеуметтік қызметтің жұмыссыздар мен олардың отбасын әлеуметтіқ –экономикалық және психологиялық қолдау жұмысы.



Күтілетін нәтижелер:

- Пәнді оқыту кезінде студенттер әлеуметтану ғылымының әлемде әсерлi орын алатынын талдай отырып, әлуметтанудың әлеуметтік өмірдегі жалпы мағынасын түсіндіру.

- Пәнді оқу барысында «Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу» ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестердiң қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану.

- «Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу» пәнын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп, осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.

- Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және оны реттеу

- оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кейс әзірлеу, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс.

- Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге дағдылану

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
Еңбек нарығы экономикасы

Пререквизиттері: Мамандыққа кіріспе, Жалпы және әлеуметтік психология, Әлеуметтік саясат.

Постреквизиттері:Практикум "Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері" технологиялары, ҚР Еңбек құқығы, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс

Мақсаты: «Еңбек нарығы экономикасы» курсын оқыту студенттердің еңбек нарығы туралы білім алуын топшылайды. Курсты оқу мақсаты студенттерді еңбек күшінің сұранысы мен ұсынысына әсер ететін факторлармен, адамдық факторға инвестициялармен, еңбекақыны анықтаумен, еңбек нарығының сипаттамаларымен, еңбек нарығындағы әлеуметтік серіктестік жағдайлары және мәселелерімен таныстыру болып табылады.

Кәсіби қызметінің нақты саласы мен деңгейіне (кәсіпорын, фирма, басқарудың муниципалдық, республикалық мүшелері және т.б.) байланыссыз болашақ экономисттердің «Еңбек нарығы экономикасы» курсын оқуының маңыздылығы қоғамдағы еңбектің әлеуетті рөлімен анықталады.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Еңбек нарығының экономикасы» курсын оқу барысында алған білім, шеберлік мамандық бойынша Типтік оқу-жоспарының негізгі және арнайы пәндерін, таңдау бойынша компоненттің пәндерін оқу барысында негіз болып табылады және сол пәндерді игеру кезінде көмегі тиеді:



    1. - кәсіпорын экономикасы;

    2. - өнеркәсіп экономикасы;

    3. - шағын кәсіпорындар экономикасы мен ұйымдастырылуы;

    4. - өндірісті ұйымдастыру;

    5. - менеджмент;

    6. - маркетинг.

Күтілетін нәтижелер:

Еңбек нарығы экономикасы» пәнін меңгерген студенттер болашақ мамандар ретінде келесіні білуге міндетті:

еңбек қатынастарының нарықтық реттелуінің бастамалары мен тетіктерін;

мемлекеттің еңбек нарығындағы саясатының мақсаттарын, міндеттерін және құралдарын;

еңбекке сұраныс пен еңбек күшінің ұсынымы факторларын, көрсеткіштерін, олардың Қазақстандағы динамикасын;

еңбек нарығындағы әлеуметтік серіктестік үрдістерінің қалыптасуын;

жұмыссыздық және жұмысбастылық міселелрін және оларды бағалау және реттеу мәселелерін.

Осы пәнді оқып шыққан сон студенттер келесі біліктіліктерді меңгеруі керек: жұмыс күшінің қозғалысы көрсеткіштерін талдай білу, еңбек нарығының конъюнктурасын бағалау, мұндағы сұраным мен ұсыным көлемін, құрылымын талдау, Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарын реттеудің заңнамалық негіздерін сипаттау.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Жанысбаева Л.С.
Таңдау бойынша курс 5

ҚР Еңбек құқығы

Пререквизиттері: Құқық негіздері, Адам өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері, Адамзат дамуы, Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және реттеу.

Постреквизиттері: Практикум "Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері" технологиялары, Сақтандыру.

Мақсаты: студенттердің негізгі теориялық мәселелер жөнінде білім алу, еңбекті реттеу және халықты әлеуметтік қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңдылығын реттеу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдісі. Еңбек құқығының қағидалары. Еңбек құқығының қайнар көздері. Еңбек құқығындағы құқықтық қатынастар. Еңбек құқығының субьектілері. Еңбекпен қамтуды құқықтық реттеу және жұмысқа орналасу. Әлеуметтік әріптестік. Ұжымдық шарт. Еңбек шарты. Еңбекақы. Қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу.

Еңбек уақыты және демалыс уақыты. Жұмыскерлердің жеке санатындағы еңбек құқық қатынастарын құқықтық реттеу. Еңбекті қорғау. Еңбек шарты тараптарының материалдық және тәртіптік жауапкершілігі. Еңбек даулары. Халықаралық еңбек құқығы. Әлеуметтік қамтамасыздандыру құқығы құқық саласы ретінде, оның басқа құқық салаларынан айырмашылығы. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы бойынша шараларды қаржыландыру. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығындағы еңбек стажы, оның түрлері, есептеу, бекіту тәртібі.

Күтілетін нәтижелер:

Пәнді оқу барысында студент:

- құқықтық қатынастарда туындайтын нормаларды қолдану тәртібін оқу керек, құқықтың қайнар көздерімен жұмыс істеудің астарлы білімін меңгеру қажет;

- еңбек құқығы пәнін оқу барысында игерген білімді тәжірибеде қолдану. Еңбек заңдылығын талқылау және оларды еңбек келіспеушіліктерін шешу барысында қолдану;

- еңбек қатынастарын реттейтін нормативтік актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру;

- ҚР еңбек құқығын оқудың тек теориялық ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне көңіл бөлу. Еңбек шартының, ұжымдық шартының жобаларын, жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару бойынша бұйрық жобаларын құрастыру;

- азаматтарға еңбек және зейнетақы заңдылығы аясында білікті кеңестер беру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Төлеубеков А.Т
ҚР Азаматтық құқығы

Пререквизиттері: Құқық негіздері, Адам өмір сүру қауіпсіздігінің негіздері, Адамзат дамуы, Халықты еңбекпен қамтамасыз ету және реттеу.

Постреквизиттері: Практикум "Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері" технологиялары, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс, Пенитенциарлы жүйелер ұйымдарындағы әлеуметтік жұмыс, Сақтандыру.

Мақсаты: Студенттердің осы пән бойынша теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуін үйрету, тауар-ақшалық (мүліктік) және жеке мүліктік емес қатынастарда заңдарды пайдалануды оқыту және білімін қолдана алуға дағдыландыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Азаматтық құқықтың түсінігі. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау. Азаматтық құқықтың объектілері. Азаматтар - азаматтық құқықтың субъектісі. Заңды тұлғалар. Мәмілелер. Өкілдік .Мерзімдер.Талап мерзімі. Меншік құқығының ұғымы. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы. Ортақ меншік. Өзгеде заттық құқықтар. Меншік құқығын қорғау. Міндеттеме түсінігі және міндеттемедегі тараптар. Міндеттемені орындау. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік. Міндеттеменің тоқтатылуы. Шарттың ұғымы және жағдайлары. Шарт жасасу, өзгерту және шартты бұзу.



Күтілетін нәтижелер::

Пәнді оқу барысында студент;

- Азаматтық құқық бойынша мүліктік және олармен байланысты мүліктік емес қатынасқа қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың маңызын, азаматтық құқықта басшылыққа алынатын құқықтық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру керек және азаматтық құқық нормаларын қолдану тәртібін білуі қажет.

- Нормативті актілерге сүйене отырып азаматтық-құқықтық институттарына сипаттама (мінездеме) беру, жалпы түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу. Азаматтық құқық пәнін оқу барысында игерген білімді студент тәжірибеде шығармашылық түрде қолдана білуі. Сот, құқық қорғау органдарында, шаруашылық қатынастарда тәжірибе өту барысында алған дағдыларын қолдана білуі тиіс.

- Азаматтық құқықтық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру. Сонымен қатар студенттер қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулерімен және азаматтық құқық мәселелері бойынша мерзімді баспасөзде шығарылатын мақалалармен, қаулылармен танысуға міндетті.

- Студенттердің өзіндік жұмысының нысаны ретінде ҚР азаматтық құқық тәжірибесін жалпылайтын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады. Студенттер судья, прокурор, адвокат ретінде жұмысты орындау үшін тәжірибелік дағдыларға ие болып, азаматтық құқықтық құжаттарды (азаматтық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.



-Тұрақты түрде кәсіби тұрғыдан өсіп отыру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магист, аға оқытушы Ахтышхан Е.
Таңдау бойынша курс 6

ҚР Мемлекеттік қызмет және басқару

Пререквизиттері: Әлеуметтік политика.

Постреквизиттері: Пенитенциарлы жүйелер ұйымдарындағы әлеуметтік жұмыс, Әйелдермен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: Тәлімгерлердің мемлекеттік басқару тетіктері және мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін ұғынып, оларды игеруі. Осы пән арқылы тәлімгерлерге білім беру жүйесінің біртұтастығын, басқару дағдысын жетілдіруді, еңбекті басқаруды тиімді түрде ұйымдастыруды, басқару мәдениеттілігін жоғары деңгейде меңгеруді және басқару тәжірибесін ғылыми негізде талдауды қалыптастыру болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері. Мемлекеттік басқарудың қағидалары. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы. Әлеуметтік жүйе мемлекеттік басқарудың объектісі ретінде . Мемлекеттік басқарудың мазмұны. Мемлекеттік тұрғыда шығарылатын шешім. Әкімшілік түрде орындау тәртіптері. Мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтің түсініктемесі және ерекшеліктері. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайлары. Мемлекеттік қызметке кіру. Мемлекеттік қызметті өткеру . Мемлекеттік қызметті тоқтату. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет реформасын жүргізу



Күтілетін нәтижелер: - Мемлекеттік қызмет пен басқарудың құқықтық негіздері, қағидаларын, қызметтерін білу, мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізгі тәсілдерінің тағайындалуын түсіну;

- Кәсіби қызметтің әр түрлі салаларында, қажетті жағдайларда заң нормаларын қолдана білу;

- Мемлекеттік қызмет пен басқару саласында әртүрлі тұжырымдар мен білімдерді талдау, жалпы және жекені, артықшылықтары мен кемшіліктерін, қазіргі құқықтық жүйеде қолдану болашағын анықтау.

- Аудиторияның ерекшелігін ескере отырып ақпаратты әртүрлі нысанда жеткізу.

- Өз бетінше жұмыс істеу біліктілігін арттыру және тұлғалық және кәсіби өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін дамыту.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Әділбекова Қ.Қ.
Мемлекеттік қызмет этикасы

Пререквизиттері: Әлеуметтік политика.

Постреквизиттері: Пенитенциарлы жүйелер ұйымдарындағы әлеуметтік жұмыс, Әйелдермен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: Студенттерде мемлекеттік қызмет этикасы туралы теориялық білім жинағын қалыптастырып, мемлекеттік қызметкерлердің іскерлік байланыс жасауының этикалық нормаларын қалыптастыру, мемлекеттік қызмет этикасын жетілдіру бойынша шаралар жүйесін өңдеу және негіздеу, мемлекеттік қызметтің қазақстандық этикасын талдау.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Этика. Оның пәні мен негізгі категориялары. Мораль теориясының негізгі мәселелері. Антикалық этика. Діни этика. Жаңа уақыт өркениетінің дамуы және адамгершілік процестерінің спецификасы. Күштемеу этикасы. Өзін-өзі шектеу этикасы. Кәсіби моральдың қалыптасуы мен дамуы. Тұйық идеологиялық жүйелер этикасы. Мемлекеттік қызмет этикасының қалыптасу ерекшелігі. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және оның қызмет ету ерекшеліктері және олардың мемлекеттік қызметкерлер мораліне ықпалы. Мемқызметкер тұлғасына қатысты негізгі адамгершіліктік талаптар және аталмыш талаптарды ранжирлеуге ықпал ететін негізгі факторлар. Мемқызмет өзгеруінің негізгі қарқындары және аталмыш процестердің мемқызметкерлер мораліне ықпалы. Мемлекеттік қызметкерлер іс-әрекетіндегі этикет.



Күтілетін нәтижелер::

Пәнді игеру нәтижесінде студент:

- түрлі елдердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының этикалық қызметін зерттеуге мүмкіндік беретін «Мемлекеттік қызмет этикасы» курсының негізгі қағидалары және әдістерін меңгеру;

- теориялық білімді тәжірибелік іс-әрекетпен үйлестіре білу, олардың қазіргі жағдайдағы этикалық қызметтегі мәнін түсіну;

- іскерлік байланыс жасаудағы мемлекеттік қызметкерлердің орны мен ролін ескере отырып, этикалық қызметтің теориялық аспектілерін сауатты қолдану дағдысына ие болу;

- кейіннен баяндау үшін мемлекеттік қызметтер бойынша әдебиеттен ақпаратты сапалы жинақтау қажеттілігі көрінісін дамыту.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: э.ғ.к., доцент Байгуренова М.А.

Таңдау бойынша курс 7

Имиджеология

Пререквизиттері: Мәдениеттану, Әлеуметтану Философия, Саясаттану.

Постреквизиттері: : Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: табиғат пен имидждің анықтамасы, имидждің түрлер, оның тұлғада қолданылу мен іске асыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Имиджелогия өнер, ғылым туралы практикалық әрекет. Имидж іс - әрекет және көпшілік сана ретіндегі элемент. Басшы имиджінің әлеуметтік- психологиялық қалыптасуы. Имидж:әрект және анықтама. Имидж құрылымы. Имидждің түрлері. Имидждің құрылымының принциптері (имидждау). Имиджелогияның құралдылығы. Имиджді қалыптастырудағы стратегия. Корпоративті имидж: ұжымдық, өнеркәсіп және бизнес имиджі. Жеке тұлғалық имиджелогия. Тұлғалық имидждің тәжірибесі мен сараптамасы. Физиогномика, кинесика және стилистика имидждің стратегиясы ретінде. Физиогномика, кинесика және стилистика имидждің стратегиясы ретінде.



  1. Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту кезінде студенттер Имиджеология курсы бойынша түсініктер мен әдеп, іскерлік қатынас пен сөйлеу стиліне толық түсінік береді.

  2. - Пәнді оқу барысында игерген білімдерін тәжірибеде іскерлік қатынаста қолданады. Студенттер пән бойынша стиль, дизайн, ситуациялық жанжалдардан шығу әдіс тәсілдерін дұрыс қолдана білуге дағдыланады.

  3. - Ақпаратты қолдану, жинау, іскерлік қатынаста өзін-өзі ұстау, қауымға көріне білу арқылы әдептілікікті көрсете білуге талпыну. Мен тұжырымын биіктен көрсете білуге, шешендік өнерге мән беруге, іскерлік қатынас пен стиль мәселесін саралауда: осыған байланысты студенттерге шет елдік тәжірибеден алынған мысалдар мен қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінен тірек конспект беру. Презентациялармен баяндамалар арқылы талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

  4. - Әлеуметтік және психологиялық тұлғаға қатынас орнату, іс- әрекеттер мен заңдылықтарды, ойлаудың жолдары мен басқару қызметіне оның әсерін анықтау, тұлғаның тартымдылық сапасын қалыптастыру, тәртіптің іс- әрекетте тиімді түрде моделдеуі, іскерлік қатынаста қатынастық әңгімелесу үлгісі мен әр түрлі баяндама, кездесулер, сұхбаттасуларды өткізуге үйрену болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Исабекова А.С.
Коммуникация психологиясы.

Пререквизиттері: Жалпы және әлеуметтік психология, Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Психология пәні, Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері, Мінез, Кабілет, Зейін, Түйсік, Қабылдау, Ес, Ойлау, сөйлеу, Қиял, сезім, Ерік, Қарым-қатынас және коммуникация, коммуникация теориясының пәні, Коммуникацияны үрдіс және құрылым ретінде түсіну, Мамандандырылған коммуникация, Жазбаша тіл, Коммуникацияның вербальді емес құралдары.



Күтілетін нәтижелер:

Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы;

Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;

Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.проф Минжанов Н.А.
Таңдау бойынша курс 8

Әлеуметтік геронтология

Пререквизиттер: Мамаңдыққы кіріспе, Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары, Әлеуметтік жұмыс теориясы.

Постреквизиттері: Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: Әлеуметтік жұмыстың профессионалды бағалауын және стандарттарды оқыту болып табылады

Курстың қысқаша сипаттамасы:Әлеуметтік жұмыс этикасы. Мораль адамзат мінез-құлқының реттеуші және қоғамдық сананың формасы ретінде. Әлеуметтік жұмыс және қоғамның рухани –адамгершілік құндылығы. Әлеуметтік жұмыстың адамгершілік-гуманистік сипаттамасы. Әлеуметтік жұмыстың кәсіби құндылықтары. Әлеуметтік жұмыстың этикалық кодекстің мазмұны. Әлеуметтік жұмыстың құндылықтары және моралдік нормалары. Әлеуметтік жұмыс қатынасының ерекшеліктері. Әлеуметтік қызметкерлердің клиенттері. Әлеуметтік жұмыс қызметкерлерінің этикалық аспектілері. Әлеуметтік жұмыскерлердің кәсіпкерлілігі. Әлеуметтік жұмыстың құзыретті өлшемдері. Әлеуметтік жұмыстың тұлғалық-адамгершілік сапасы. Әлеуметтік жұмыстың Әлеуметтік жұмыстың азаматтығы. Әлеуметтік жұмыстың адамгершілік мәдениеті.

Күтілетін нәтижелер:

- қарт адамдардың әлеументтік байланысын оларға тиімді қамтамасыз етуінің маңызын түсініп және негізгі түсініктерін білу.

- қазіргі замандағы әлеументтік геронтологиялық жұмыстың технологиясының жүйелі білімінің - принциптерін, негізгі түсініктерін қолдана білу;

- келешекте әлеументтік бойында жүмыс істейтін студенттерге тәжірибиелік білімің қолданылу мәселелерін зерттей отыра, қолдану деңгейін айқындау дағдыларын меңгеруі қажет.

- студент меңгерген герантологиялық ғылым білімін қалайда мәлімет бере алуы керек.

- жеткілікті білім алған жас мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік жағдайға сәйкес келетін әлеументтік геронтологиялық жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіруді білуді және өз бетімен жұмыс істеу қабілеттілігін арттыруы қажет.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:г.ғ.к., Абилова А.Б.
Тамақтанудың емдік технологиясы

Пререквизиттері: Әлеуметтік медицина негіздері.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие

Мақсаты: Адамдардың мезгілсіз тамақтануы патологиялық ауытқуларға акеп соғатынын жеткізу, адамның денсаулығын қуаттандыру туралы мәлімет беру

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Алынған білім өзіндік кәсіби тұрғыда қолдана білу: асқынған ауруларда диета сақтай білу. кәсіби тұрғыда технологиялық емделудің астарын дайындай білу:



Күтілетін нәтижелер: Негізгі диетотерапиямен және оның аурудағы рөлі мен нақты емделуінің және басқа аурулардан емделу әдісінен қандай орын алады.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Исабаевa Г.М.
Таңдау бойынша курс 9

Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг

Пререквизитері: Әлеуметтік жұмыс теориясы, Әлеуметтік саясат, Методы и технологии СР.

Постреквизиттері: Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс, Әйелдермен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: кәсіптік білім берумен қатар, ондағы стандарт жүйесімен таныстыру, әлеуметтік қызмет көретудегі мониторинг зерттеуінің мазмұны мен әдісіне үйрету болып табылады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе.Курс пәні мен міндеттері. Стандарттаудың пайда болуы мен дамуының тарихи аспектілері. Нарық әлеуметтік қызметтің көпқырлы кешенді жүйесі ретінде. Әлеуметтік стандарт: түсінігі, мәндік сипаттары. Әлеуметтік көрсеткіштер (индикаторлар), әлеуметтік көрсеткіштер, әлеуметтік нормалар. Күнделікті өмір сүру минимумы әлеуметтік стандарт ретінде. Халықты әлеуметтік қорғау және әлеуметтік стандарттар. Әлеуметтік – еңбек қатынастары саласының минималды әлеуметтік стандарттар. Әлеуметтік қамсыздандырудағы стандартар мен нормативтер. Әлеуметтік қызмет көрсету мен әлеуметтік жұмыс. Білім беру және медициналық қызмет көрсету стандарттары. Халықаралық ұйымдардың қызметтерін қарайтын әмбебап әлеуметтік стандарттар. Әлеуметтік мониторинг: мәні, принциптері, ұйымдары. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қызмет көрсету сапасының мониторингі. Халықтың денсаулық сақтау және білім беру қызметі сапасының мониторингі.



Күтілетін нәтижелер: - Әлеуметтік қызметкердің «Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» курстын жалпы мағынасын түсіндіру.

- Пәнді оқу барысында «Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» ілімін тәжірибеде қолдана отырып, әлеуметтік процестердiң қазiргi таңда білуге және оны қажет уақытта тиімді қолдану.

- «Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» курсын меңгеру барысында студент қосымша мәліметтермен жұмыс жүргізіп, осыған байланысты талдаулар жасалынып, пәннің алатын орнын бағалай білуі қажет.

- «Әлеуметтік қызметтегі стандарттар мен мониторинг» оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Оқу әдістерінде негізінен әлеуметтанудың өзге үрдістермен салыстырғанда ерекшелігіне мән беріп, студенттер тарапынан баяндамалар, эссе, кейс әзірлеу, кешендік сұрақтарға жауап беруге дағдылануы тиіс.

- Студенттердің кәсіби шеберлігін көтере отырып, өз бетімен қажетті ақпарат жинау мен әзірлеуге дағдылану.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
Сапа менеджмент жүйелері

Пререквизитері: Әлеуметтік жұмыс теориясы, Әлеуметтік саясат, Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары

Постреквизиттері: Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс, Әйелдермен әлеуметтік жұмыс.

Мақсаты: Студенттерге клесі пәндердің құрылысты - кисынды схемаларын толық игере алатындай білім беру; жоғарға математика, информатика, өнім сапасымен басқару, пән аралық байланысты: квалиметрия, сапамен басқару.

Күтілетін нәтижелер: берілген бағдарламаны оқыту барысында студент өндірісті және өнім сапасын басқарудың теориялық негіздерін жетік меңгеруі қажет;


  • қызметті бағдарламалау және хабармен қамтамасыз ету жұмыстарында құзеретті болуы қажет;

  • сапа менджмент жүйесін енгізу реттерін жетік біліп үйрену қажет.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

СМЖ- нің мақсаттары мен міндеттері. Менжмент сапасының эволюциялық формасы. ТQМ- ның концепциясы және үлгілері. Сапа менеджмент жүйесінің ISO 9001:2000 бойынша негізгі жағдайы. СМЖ – енгізуде, өңдеуде сабақ жасау реті. Сапа облысында ұйым саясаты. Сапамен басшылық. Сапамен басшылық ету элементтерінің мазмұны. СМЖ құжаттамасы. Процестік және жүйелік қарастыру. CALS,APIS –технологияларын сапа жүйелерімен ақпараттық қамтамасыз ету. Сапа жүйесінің сертификациясы. Сапамен қамтамасыз етуі. Сапа жүйесіндегі сыртқы және ішкі тексеру. Интеграцияланған менеджмент ұйым жүйесіндегі сапа жүйесінің әдістері мен рөлі. Сапамен қамтамасыз етуі. Сапа жүйесінің сертификациясы. Сапа жүйесіндегі сыртқы және ішкі тексеру



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:аға оқытушы Джазыкбаева Б.К.
Таңдау бойынша курс 10

Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс

Пререквизиттер:Әлеуметтік жұмыс теориясы, Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары, Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік қызметтер.

Постреквизиттері:Өндірістік тәжірбие

Мақсаты: әлеуметтік қызметкерлердің негізгі бағыттары –азаматтарға нақты мүмкіндіктерді орынды пайдалану, өз бетіше айқынды шешімге келе алмайтын, сырттан біреудің көмегін қажетсінетін, еңбек ету кезеңіндегі түрлі себептерге байланысты өзін-өзі қамсыздандыра алмайтындарға жағдай жасау.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

  • Отбасымен әлеуметтік жұмыс гылым ретінде. «Отбасымен әлеуметтік жұмыс» пәнін оқып, үйрену курсы. Адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы. Әлеуметтік қызметкер отбасымен іс-әрекеттің неғізгі түре ретінде. Отбасымен әлеуметтік жұмыс жұргізу тарихынан. Отбасымен әлеуметтік жұмыстын шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілері. Отбасымен жұмыс жұргізудегі отандық тарихы. Отбасының әлеуметтік мәселелері. «Кауіп-катері бар тобындағы» отбасылардың әлеуметтік проблемаларының ерекшеліктері. Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің кәсіби және рухани адамгершілік қасиеттері. Ана болу қазіргі әйелдердің басты ролі. Отбасы мен балаларға әлеуметтік педагогикалық көмек беру орталығы әлеуметтік тәрбие институты. Отбасылық қатынастардың мәселелері (отбаслық келіспеушіктер және ажырасу). Психоәлеуметтік кеңес беру әлеуметтік жұмыстың технологиясы ретінде. Студент жастарды отбасылық өмірге дайындау.

Күтілетін нәтижелер:

  • Пәнді оқыту кезінде студенттер “Отбасы және балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс” және әдістемелерінің теориялық негіздерін студентердің тоқталып толық түсініктерді меңгереді.;

  • Пәнді “Отбасы және балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс” барысында игерген білімді тәжірибеде шығармашылық түрде қолданады. Студенттердің пән бойынша “Отбасы және балалармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс” дұрыс қолдана білуге дағдыланады.;

  • Отбасымен әлеуметтік жұмыс гылым ретінде, адам қоғамы тарихындағы отбасының эволюциясы мен бағдарламалардың қызметін ролдік ойындарға келтіру арқылы жүзеге асыру. Әлеуметтік қызметкер отбасымен іс-әрекеттің неғізгі түре ретінде, отбасымен әлеуметтік жұмыс жұргізу мен даму алғышарттарына анализ жасау: осыған байланысты студенттерге қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулері мен саласындағы мәселелер бойынша мерзімді баспасөзде жарияланған мәліметтермен жұмыс жүргізіп, мақалаларға талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.;

  • Отбасымен жұмыс жұргізудегі отандық тарихы мен ана болу қазіргі әйелдердің басты ролі тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.;

  • Тұрақты түрде кәсіби өсуге қажеттілік

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.,профессор Минжанов Н.А.
ҚР Азаматтық құқығы

Пререквизиттері: Құқық негіздері, Адамзат дамуы, Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету.

Постреквизиттері: Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс, Әйелдермен әлеуметтік жұмыс,ҚР отбасы құқығы, Практикум "Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері" технологиялары

Мақсаты: Студенттердің осы пән бойынша теориялық материалдарды меңгеріп, оны практикада қолдана білуін үйрету, тауар-ақшалық (мүліктік) және жеке мүліктік емес қатынастарда заңдарды пайдалануды оқыту және білімін қолдана алуға дағдыландыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Азаматтық құқықтың түсінігі. Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау. Азаматтық құқықтың объектілері. Азаматтар - азаматтық құқықтың субъектісі. Заңды тұлғалар. Мәмілелер. Өкілдік .Мерзімдер.Талап мерзімі. Меншік құқығының ұғымы. Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы. Ортақ меншік. Өзгеде заттық құқықтар. Меншік құқығын қорғау. Міндеттеме түсінігі және міндеттемедегі тараптар. Міндеттемені орындау. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету. Міндеттемені бұзғандығы үшін жауапкершілік. Міндеттеменің тоқтатылуы. Шарттың ұғымы және жағдайлары. Шарт жасасу, өзгерту және шартты бұзу.



Күтілетін нәтижелер::

Пәнді оқу барысында студент;

- Азаматтық құқық бойынша мүліктік және олармен байланысты мүліктік емес қатынасқа қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың маңызын, азаматтық құқықта басшылыққа алынатын құқықтық ұғымдар туралы түсінік қалыптастыру керек және азаматтық құқық нормаларын қолдану тәртібін білуі қажет.

- Нормативті актілерге сүйене отырып азаматтық-құқықтық институттарына сипаттама (мінездеме) беру, жалпы түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу. Азаматтық құқық пәнін оқу барысында игерген білімді студент тәжірибеде шығармашылық түрде қолдана білуі. Сот, құқық қорғау органдарында, шаруашылық қатынастарда тәжірибе өту барысында алған дағдыларын қолдана білуі тиіс.

- Азаматтық құқықтық қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру. Сонымен қатар студенттер қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулерімен және азаматтық құқық мәселелері бойынша мерзімді баспасөзде шығарылатын мақалалармен, қаулылармен танысуға міндетті.

- Студенттердің өзіндік жұмысының нысаны ретінде ҚР азаматтық құқық тәжірибесін жалпылайтын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады. Студенттер судья, прокурор, адвокат ретінде жұмысты орындау үшін тәжірибелік дағдыларға ие болып, азаматтық құқықтық құжаттарды (азаматтық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.



-Тұрақты түрде кәсіби тұрғыдан өсіп отыру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Ахтышхан Е.

Пәндер

Пәндер циклы

Пәндер коды

Пәндер атауы

Кредиттер саны

Семестр

4 курс

Таңдау бойынша курс 1

БП

AEZh4221

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

3

7

AM 4221

Әлеуметтік менеджмент

Таңдау бойынша курс 2

БП

PAKKKBT 4222

Практикум "Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері технологиялары"

3


7

Sak 4222

Сақтандыру

Таңдау бойынша курс 3

БП

KROK 4223

ҚР отбасы құқығы

2

7

KRTUK 4223

ҚР тұрғын үй құқығы

Таңдау бойынша курс 4

БП

PZhMA 4224

Психоәлеуметтік жұмыстың мазмұны мен әдістемесі

3

7

APD 4224

Адамның психологиясы және дамуы

Таңдау бойынша курс 5

БП

AU 4225

Әлеуметтік ауытқулар

3

7

SG 4225

Санитария және гигиена

Таңдау бойынша курс 6

ПП

Imi 4312

Имиджелогия

3

7

KP4312

Коммуникация психологиясы

Таңдау бойынша курс 7

ПП

AAZh 4313

Әйелдермен әлеуметтік жұмыс

2

7

BP 4313

Басқару психологиясы


Таңдау бойынша курс 1

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты:өзін өзі жетілдіру мен өзін өзі дамытуға деген қажеттіліктің болуы, макро және микродеңгейде әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың мәнін, әдісін, әдістемесін ашу.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың негізі. Қоғамның әлеуметтік дамуын стратегиялық жоспарлау. Ғылыми техникалық прогрессті стратегиялық жоспарлау. Ұлттық экономиканың құрылымын, пропорциясын, қарқындарын стратегиялық жоспарлау. Аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоспарлау. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырудағы орта мерзімді жоспарлаудың ролі. Кәсіпорындардың қызметін жоспарлау. Кәсіпорынның даму бағытын анықтау. Ұйымдағы стратегиялық пен бәсекелестік талдау және стратегияны қалыптастыру. Бизнес жоспарлау.



Күтілетін нәтижелер:

-нарық жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың рөлін, жоспарлаудың ғылыми негіздері және методологиясы, ел мен оның аймақтарының дамуын жоспарлаудың мемлекеттік және негізгі құқықтарын, стратегиялық және орта мерзімді жоспарлау және олардың методологиялық ерекшеліктерін білу.

-әлеуметтік экономикалық жоспарлау курсының мәліметтерін, курстың құрылымы мен нарық жағдайындағы әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың рөлін студент өзінің кәсіби қызметінде, тәжірибеде қолдануы қажет.

-экономиканың өндірістік және әлеуметтік салаларын жоспарлауға мемлекеттік, салалық және аймақтық тұрғыдан қарау,әлеуметтік экономикалық жоспарлаудың қалыптасуына негіз болатын әлеуметтік экономикалық дамуды қамтамасыз ететін жоспарлық көрсеткіштер мен түрлі іс шараларды жасауды тәжірибе жүзінде үйрету.



-әлеуметтік экономикалық жоспарлауда әлеуметтік экономикалық проблемаларды талдап, негіздей алу;

- әлеуметтік экономикалық жоспарлау курсы бойынша жеткілікті білім алған болашақ мамандар өзінің тәжірибелік қызметінде, қазіргі кезеңдік шаруашылық жағдайға сәйкес келетін жұмыстың ұйымдық формалары мен әдістерін жетілдіруді басқарудағы ролін білуді және дербес жұмыс істеу қабілеттілігін жоғарлату.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Аркенова Ж.Р.
Әлеуметтік менеджмент

Пререквизиттері: Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Басқару жайлы білім комплексін құру, түрлі басқару іс-әрекеттері төңірегіндегі іске асырудың нақты дағдыларын меңгеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы: Әлеуметтік менеджменттің теоретикалық және әдістемелік негіздері. Басқару ұйымы. Әлеуметтік менеджменттің интеграциялық үрдістері. Әлеуметтік менеджменттегі басқарушылық шешімдері. Нарықтық экономикадағы басқару әдістерінің жүйесі. Әлеуметтік менеджменттегі жоспарлау. Әлеуметтік мотивация. Әлеуметтік менеджменттегі бақылау жүйесі. Адамның іс-әрекеті мен топты басқару. Басқарушылық және көшбасшылық. Қақтығыс, стресс және өзгерушіліктерді басқару. Фирманың кадрлық саясаты. Басқару іс-әрекетінің этикасы мен мәдениеті. Әлеуметтік менеджменттің нәтижелілігі. Өндірісті басқарудағы комплекстік жағдай.

Күтілетін нәтижелер:

А. «Әлеуметтік менеджмент» пәнінің әдісі мен әдістемесін меңгеру, басқару саласындағы болашақ мамандардың санасын дамыту, оқылатын пәннің негізгі категорияларын меңгеру;

В. Теоретикалық білімдерді тәжірибеде қолдана алу және кәсіби жұмыстарды іске асырғанда олардың негізгі маңызы мен рөлін түсіну;

С. Аргументтер ойлап тауып, жүйелеу мен анализдеу, жинақтап, іздеу негізінде шешім қабылдай алу;

D. Ақпаратты түрлі формада жеткізе алу, топта қызмет атқарып, өзінің көзқарасын негізге алып, қорғай алу және шешім қабылдай білу;

Е. Қызметкерлерді басқару жүйесіне кіретін, іс-шараларды жүзеге асырудың дағдыларын меңгеру.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Куандыкова М.Ж.
Таңдау бойынша курс 2

Практикум "Әлеуметтік қызметті қолданушылардың құқықтық білімдері технологиялары"

Пререквизиттер: Құқық негіздері, Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамтамасыз ету.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Кез келген елде еңбекке қабілетсіз азаматтар мемлекет қамқорлығының пәні болып табылады, әлеуметтік саясатты өз қызметінің негізіне жатқызады. Мемлекеттің негізгі қамқорлығы болып қарт адамдары мен мүгедектеріне қатысты оларды материалдық қолдауы (зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер және т.б.) табылады. Алайда еңбекке қабілетсіз азаматтар тек қана материалдық тұрғыдан қамсыздандыруға ғана мұқтаж емес. Маңызды рольге оларға қолданыстағы тәндік, психологиялық, ұйымдастырушылық және өзге де көмек көрсетуі танылады.

Күтілетін нәтижелер: тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру саласындағы тұрғындарды әлеуметтік қызметтер көрсетудің тәжірибелік негіздерін зерттеу;

нормативтік құқықтық актілерден әр түрлі коллизяилар іздеу мен табу оларды жоюдың әдістерін іздеу;

тәжірибемен, құжаттамамен, стандарттармен танысу және зерттеу;

әлеуметтік қызметтерді ұсыну барысында құқық нормасын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді зерттеу;

әлеуметтік заңнамалар мен тәжірибелердің даму тенденцияларын зерттеу мен қарастыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

әлеуметтік саланы дамытуда орынды және рольді рәсімдеу; әлеуметтік жеке кодтар иелену бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді рәсімдеу; зейнетақы төлеу бойынша орталықтардан зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді рәсімдеу; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді рәсімдеу; мүгедектігі, асыраушысынан айырылу және жасы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді рәсімдеу; әлеуметтік тәуекелдер жағдайында : еңбек қабілеттілігін жоғалтқанда; асыраушысынан айырылғанда; жұмысынан айырылғанда; әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуді рәсімдеу;



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы аға оқытушы Хауия С
Сақтандыру

Пререквизиты: Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері, Әлеуметтік статистика, Құқық негіздері, Основы права, Әлеуметтік жұмыстағы болжау және жобалау.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: студенттермен сақтандыру аумағында терең теориялық білім алу, негізгі тәжірбиелік әдістерді, сақтандыру ісінің жүргізу тәсілдерін меңгеру.

Күтілетін нәтижелер: - «Сақтандырудың экономикалық мәнін білу, сақтандыру теориясының негізгі концептуалды жағдайлары туралы білімді меңгеру .

- Сақтандыру компаниясының аналитикалық көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру және қаржылық жағдайының сандық бағалауын тәжірбиеде пайдалануға теориялық білімді пайдалану.

- Сақтандыру нарығының қатысушыларының қаржылық жағдайы туралы аналитикалы-синтетикалық қызметің анығырақ қарастыру.

- Сақтандыру компанияларының іс әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты олардың рейтингісін жасау үшін әртүрлі хабарламалар түрінде ақпарат ұсыну..

- Сақтандыру компанияларында қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өзіндік жұмыстын қабілетін жоғарлату кезінде алынған білімдер жүйесін және ақпаратты талдау әдістерін қолдану.



Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе. Сақтандырудың экономикалық мәні. Тәуекелдердін түсінігі және оның экономикалық зардаптары. Сақтандыру сұрақтарының заңнамалы регламентациясы. Сақтандыру нарығы. Сақтандыру компаниясының қызметін ұйымдастыру. Сақтандыру маркетингі. Актуарды қызмет. Жеке сақтандыру. Мүліктік сақтандыру. Азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру. Сақтандыру компаниясының қаржысы. Сақтандыру компаниясының қаржылық іс әрекетін талдау. Сақтандыру компаниясының қаржылық тұрақтылығы. Сақтандыру компаниясының төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету. Сақтандыру компаниясының инвестициялық іс әрекеті.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Ансабаева Р.С.
Таңдау бойынша курс 3

ҚР отбасы құқығы

Пререквизиттері: Құқық негіздері, Әлеуметтік жұмысты құқықтық қамсыздандыру, ҚР Еңбек құқығы, ҚР Азаматтық құқығы.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Студенттер азаматтар арасындағы некеден, туысқандық жағдайдан, бала асырап алудан туындайтын ерлі-зайыптылардың, ата-аналары мен балаларының, басқа да туысқандардың арасында қалыптасатын жеке және оған байланысты мүліктік қатынастарды реттейтін негізгі теориялық негіздерді меңгереді.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Қазақстан Республикасының отбасы құқығының ұғымы және оның негізгі қағидалары. Қазақстан Республикасының отбасылық заңнамалары. Отбасылық құқықтық қатынастар. Некені құқықтық реттеу. Ата-аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар.Отбасының басқа мүшелерінің арасындағы құқықтық қатынастар. Алименттік міндеттемелерді төлеу және өндіріп алу тәртібі. Бала асырап алуды құқықтық реттеу. Қамқоршылық пен қорғаншылықты құқықтық реттеу.



Күтілетін нәтижелер: пәнді оқу барысында студент:

  • неке мен отбасының, отбасы құқығының теориялық-құқықтық негіздерін білу: сонымен бірге отбасылық некелік қатынастар субъектілерінің (ата-аналар, қамқоршы, қорғаншы, бала, ерлі-зайыптылар) құқықтары мен міндеттерін, отбасылық дауларды реттеу тәсілдерін түсіну, оларды заңға талаптарына сәйкес шеше білу;

  • теориялық білімдерін практикада қолдана білу, шет мемлекеттердің және отандық заңнамалар нормаларын қолдану және түсіндіру;

  • теориялық білім мен әрекет етуші отбасылық заңнаманың нормаларының негізінде практикалық есептерді шешу;

  • отбасылық құқықтық дауларды соттан тыс шешу саласындағы қажетті ақпараттарды талдау мен жинақтау қабілеті;

  • кәсіби және жеке дамудағы қажетілік.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Шошаева Л.С.
ҚР тұрғын үй құқығы

Пререквизиттері: Құқық негіздері, ҚР азаматтық құқығы.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты:Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді оқыту, студенттерге жеткізе білу, нақты қызметке білікті заңгерлерді дайындау - өнерлі тұлға, болашақ цивилистерді қалыптастыру болып табылады. Тұрғын үй құқығы негізгі заң білімін беретін міндетті пәндердің бірі болып табылады. Білікті заңгер тұрғын үй қатынастары субъектілерінің құқықтарын толықтай қорғау үшін осы қатынастарды құқықтық реттейтін білімге ие болуы қажет. Практикалық іс-тәжірибесінде заңгер тұрғын үй қатынастары субъектілерінің заңды құқықтары мен міндеттерін қорғауға қатысты тұрған үй қатынастарының кез-келген мәселелерімен кездеседі.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Тұрғын үй құқығы. Жалпы ережелер.Тұрғын үй заңнамасы. Тұрғын үй қорлары. Тұрғын үй – жайға меншік құқығы. Кондоминиум қозғалмайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны ретінде. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жалдау. Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын жайды жалдау шарттары. Тұрғын үй және үй-құрылыс кооперативтерінің құқықтық мәртебелері. Тұрғын үй –жайларға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу. ҚР тұрғын үй заңнамасының бұзылғаны үшін жауапкершілік. Тұрғын үй дауларын шешу.



Күтілетін нәтижелер: пәнді оқу барысында студент: Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын жайды жалдау шарттары. Тұрғын үй және үй-құрылыс кооперативтерінің құқықтық мәртебелері.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы з.ғ.м., Д.К. Есенов
Таңдау бойынша курс 4

Психоәлеуметтік жұмыстың мазмұны мен әдістемесі

Пререквизиттері: Әлеуметтану, Жалпы және әлеуметтік психология, Психодиагностика негіздері, Әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Әлеуметтік жұмыскерге деген қажеттілік және оның көмегі үнемі кризистік жағдайларда қажет, әлеуметтік жұмыскерден ең біріншіден, пациенттің мәселесін шешуге, оның жағымсыз жағдайының қайнар көзі не екенін анықтау, - жұмыссыздық, ауру, бостандығынан айрылыған орнынан кейін бейімделу, отбасы және қызметтік қақтығыс және т.б. қажет болады. Әлеуметтік жұмыскер үнемі қажетті көмек көрсету және барлық мәселелер оның құзіреттілігінен шықпайды, осындай жағдайларда олар диспечерлік функцияны да орындайды.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі психоәлеуметтік қызмет мазмұны және әдісі» курсына кіріспе. Психоәлеуметтік қызметтің тәжірбиелік функциясы , олардың байланысы. Әлеуметтік дезадаптация психоәлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәні ретінде. Психологиялық көмек: әлеуметтік жұмыс бакалавры кәсіби құзыреттілік шекарасы. Әртүрі категорияы тұрғындармен психоәлеуметтік жұмыс мазмұны. Әлеуметтану теориясы, әлеуметтік бейімделу және тұлғаның дезадаптациясы. Өмірлік қиын жағдайлар психологиясы және жүріс-тұрыс стратегиясы. Жарақат алу синдромы және психикаық жарақат профилактика және реабилитация объектісі ретінде. Агрессия және зорлық теориялары, жәбірленушіге психоәлеуметтік көмек шарттары. Аддиктивтілік әлеуметтік жағымсыз жағдайар нәтижесі ретінде. Индивидуады психоәлеуметтік жұмыс технологиясы және әдісі. Топпен жұмыс әдісі: үрдісі, мазмұны. Әлеуметтік қолдаудың жүйесі. Психоәлеуметтік жұмыстың жеке аспектісі. Психоәлеуметтік тәжірбие технологиясы, жеке әдістер. Кәсіби әлеуметтік жұмыс жүйесіндегі мамандарының денсаулық сақтау ресурстарын қалыптастыру моделі.



Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, дағдарыстық жағдайлардағы ішкі психологиялық сипаттар және барлық тәжрбиелік кризистік жағдайларда ішкі психологиялық сипат қана емес, сонымен қатар сыртқы жағдайлар да, яғни тұлғалық кризистерді тудырушы және әлеуметтік дезадаптация, ол жұмыссыздық болмасын, ауру, жақын адамдарын жоғалту, тұрғын жерін ауыстыру және т.б. кәсіби аймақтағы білімнің рөлі;

- Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. психоәлеуметтік жұмыс, тұрғындарды әртүрлі кризистік, қиын жағдайларда, психологиялық дискомфорт және эмоционалдық тұрақсыздық жағдайларында, әлеуметтік жұмыстың негізін анықтау, заңдылықтарды зерттеу;

- әртүрлі топ адамдарымен тәжірбиелік психоәлеуметтік жұмыс шеберліктерін және дағдыларын қалыптастыру;

- психоәлеуметтік жұмысты жүзеге асыру және ұйымдастыруда әдістемелік бағыттар жайлы білім қалыптастыру;

- Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы:. магистр, аға оқытушы Исина С.С.
Психология және адам дамуы

Пререквизиттері Әлеуметтану, Жалпы және әлеуметтік психология, Психодиагностика негіздері, Әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Психология ғылым ретінде Психика табиғатының дамуы. Сана. Психология әдістері. Тұлға іс әрекеті Топтардың психологиялық сипаттамасы. Тұлғааралық қарым қатынас Танымдық процестерінің психологиясы Психикалық қалып Психологиялық қасиет Даму психологиясы пәні Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы бала дамуының жалпы сипаттамасы Жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктері Акмеология түсінігі Қарттық кезең психологиялық құбылыс ретінде Жас ерекшелік дағдарыстарының пайда болуының және оны жеңудің механизмдері мен қайнар көздері



Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы;

- Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

- Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;

- Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

- Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: мүшесі: п.ғ.д.проф Минжанов Н.А. магистр, аға оқытушы Исина С.С.
Таңдау бойынша курс 5

Әлеуметтік ауытқулар

Пререквизиттері: Қақтығыстану, Жалпы және әлеуметтік психология Әлеуметтану, Әлеуметтік медецина негіздері

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: студенттерді әртүрлі әлеуметтік ауытқулар түрлерінің пайда болу себептерімен, сонымен қатар әлеуметтік жұмыскерлер қатысуымен өтетін профилкатикалық шаралар тиімділігінің қажеттілігін қалыптастыру болып табылады. Профилактикалық шаралар деп бірнеше шаралар кешені, дені сау адамдардың жоғары деңгейін, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз ету.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

«Әлеуметтік ауытқулар» түсінігі. Стресс және депрессиялар. Агрессивті жүріс-тұрыс Қылмыстылық. Дедовщина әлеуметтік- психологиялық құбылыс ретінде. Отбасы және балаларға зорлық мәселесі. Урбанизация мәселесі. Маскүнемдік әлеуметтік мәселе ретінде . Қазіргі қоғамдағы нашақорлық мәселесі. Жезөкшелік әлеуметтік мәселе ретінде. Суицид әлеуметтіку мәселе ретінде. ВИЧ/СПИД: мәселенің әлеуметтік аспектісі. Адамзаттық трафик және құлдық. Діни экстремизм. Коррупция негативті әлеуметтік құбылыс ретінде



Күтілетін нәтижелер:

  • Әлеуметтік ауытқулар дамуы және пайда болуының себептері;

  • Әлеуметтік ауытқу түрлері;

  • Әлеуметтік ауытқулар профилактикасының әдістері, принциптері, түрлері;

  • Әлеуметтік- ауытқулар құбылыстарымен жұмыс технологиясы;

  • Әлеуметтік ауытқулар себептерін басқару.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.к., доцент Божбанова Р.Ж.
Санитария және гигена

Пререквизиттері: Адам өмірінің қауіпсіздігі, Әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: адам организміне және қоғамдьқ денсаулыққа факторлар мен жағдайлардың (табиғи және әлеуметтік) әсер етуінің теориялық білімін беру. Санитария және гигиена курсы гигиенамен негізделген еңбек, тұрмыс, демалыс жағдайларын жақсартуға бағытталған нормативтерді, санитарлық ережелерді және ұсыныстарды практикалық колдануды оқытады.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Кіріспе. Азық-түлік тауарларыньң гигиенасы мен санитариясы. Микроорганизмдердің морфологиясы, физиологиясының және систематикасыньң теориялық негіздері. Тамақ өндірісінің микробиологиясы. Азық-түлік тауарларыньң шикізатына қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы гигиена мен санитария. Қоғамдық тамақ орын дарындағы санитария мен гигиена. Тамақ өндірісіндегі саудасындағы санитария мен гигиена. Азық-түлік тауарларының сертификаттау схемаларындағы санитарлы-гигиеналық ережелер мен нормативтер. Азық-түлік тауарларының шикізатында санитария мен гигиенаньқ ережелері мен нормалары. Тамақтан уланудың пайда болу себептері және профилактикасы. Тамақ токсикоинфекциялары. Тамақ өнімдерінің санитарлы-гигиеналық сараптамасы. Гельминтозды аурулар. Жәндіктер мен кемірушілерге қарсы іс-шаралар, дезинфекция. Санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау бойынша міндеттер мен жауапкершілік. Еңбек жағдайлары мен тәртібне қойылатын санитарлы-гигиеналық талаптар.



Күтілетін нәтижелер: -Студент қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, тамақ өнеркәсіптеріне, сауда орындарына жалпы талап етілетін санитарлық-гигиеналық ережелерді, нормаларды білуі қажет.

-Студент теория жүзінде алынған білімін бекіте білу керек. Олар қоғамдық тамақтану кәсіпорындарына, тамақ өнеркәсіптеріне, сауда орталықтарына қойылатын жалпы санитарлық - гигиеналық ережелерді, нормаларды біле отырып алған білімін қолдана білу қажет.

-Қоғамның түрлі өндірістік салаларында, соның ішінде тамақ салаларда санитарлық - гигиеналық ережелерді, нормаларды, азық-түлік тауарларының сертификаттау схемаларында әрекет ететін санитарлық-гигиеналық ережелерді, нормаларды қажетті құжаттармен дәлелдей білу керек.

-Болашақ маман тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындарында талап етілетін санитарлық-гигиеналық ережелерді, нормаларды, тамақ өнімдерінің, сауда саласында әрекет ететін санитарлы - гигиеналық схемаларында әрекет ететін санитарлық - гигиеналық ережелерді, нормаларды білу, азық-түлік тауарларының санитарлы-гигиеналық сараптамасын дұрыс өткізілуін білу арқылы кез келген аудиторияға зерттеулер нәтижесімен талдай отырып тұжырымды жеткізе білу керек.

-Студент экономиканың дамуына байланысты санитарлық-гигиеналық ережелерге, нормаларға енгізілген өзгертулерді уақыттылы меңгеріп, маман ретінде өз білімін жоғары деңгейге көтеріп отыру қажет. Азық-түлік тауарларының санитарлы - гигиеналық сараптамасын дұрыс өткізу үшін қажет.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: аға оқытушы Агедилова М.Т.
Таңдау бойынша курс 6

Имиджелогия

Пререквизиттері: Мәдениеттану, Әлеуметтану Философия, Саясаттану.

Постреквизиттері: : Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: табиғат пен имидждің анықтамасы, имидждің түрлер, оның тұлғада қолданылу мен іске асыру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Имиджелогия өнер, ғылым туралы практикалық әрекет. Имидж іс - әрекет және көпшілік сана ретіндегі элемент. Басшы имиджінің әлеуметтік- психологиялық қалыптасуы. Имидж:әрект және анықтама. Имидж құрылымы. Имидждің түрлері. Имидждің құрылымының принциптері (имидждау). Имиджелогияның құралдылығы. Имиджді қалыптастырудағы стратегия. Корпоративті имидж: ұжымдық, өнеркәсіп және бизнес имиджі. Жеке тұлғалық имиджелогия. Тұлғалық имидждің тәжірибесі мен сараптамасы. Физиогномика, кинесика және стилистика имидждің стратегиясы ретінде. Физиогномика, кинесика және стилистика имидждің стратегиясы ретінде.



  1. Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту кезінде студенттер Имиджеология курсы бойынша түсініктер мен әдеп, іскерлік қатынас пен сөйлеу стиліне толық түсінік береді.

  2. - Пәнді оқу барысында игерген білімдерін тәжірибеде іскерлік қатынаста қолданады. Студенттер пән бойынша стиль, дизайн, ситуациялық жанжалдардан шығу әдіс тәсілдерін дұрыс қолдана білуге дағдыланады.

  3. - Ақпаратты қолдану, жинау, іскерлік қатынаста өзін-өзі ұстау, қауымға көріне білу арқылы әдептілікікті көрсете білуге талпыну. Мен тұжырымын биіктен көрсете білуге, шешендік өнерге мән беруге, іскерлік қатынас пен стиль мәселесін саралауда: осыған байланысты студенттерге шет елдік тәжірибеден алынған мысалдар мен қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінен тірек конспект беру. Презентациялармен баяндамалар арқылы талдау жасау, ондағы идеяларды бағалай білуі қажет.

  4. - Әлеуметтік және психологиялық тұлғаға қатынас орнату, іс- әрекеттер мен заңдылықтарды, ойлаудың жолдары мен басқару қызметіне оның әсерін анықтау, тұлғаның тартымдылық сапасын қалыптастыру, тәртіптің іс- әрекетте тиімді түрде моделдеуі, іскерлік қатынаста қатынастық әңгімелесу үлгісі мен әр түрлі баяндама, кездесулер, сұхбаттасуларды өткізуге үйрену болып табылады.

- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Исабекова А.С.
Коммуникация психологиясы.

Пререквизиттері: Жалпы және әлеуметтік психология

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Психология пәні, Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері, Мінез, Кабілет, Зейін, Түйсік, Қабылдау, Ес, Ойлау, сөйлеу, Қиял, сезім, Ерік, Қарым-қатынас және коммуникация, коммуникация теориясының пәні, Коммуникацияны үрдіс және құрылым ретінде түсіну, Мамандандырылған коммуникация, Жазбаша тіл, Коммуникацияның вербальді емес құралдары.



Күтілетін нәтижелер:

Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы;

Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;

Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;

Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.



Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.проф Минжанов Н.А.
Таңдау бойынша курс 7

Әйелдермен әлеуметтік жұмыс

Пререквизиттері: Әлеуметтік жұмыс технологиясы мен әдістері, Отбас және балалармен әлеуметтік жұмыс, Әлеуметтік политика, Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы.

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: қиын өмірлік жағдайларға түскен әйел адамдармен қазіргі таңдағы тәжірибенің ерекшеліктеріндегі әлеуметтік жұмысты зерттеу, сол сияқты оларға көмек көрсетудегі тәжірибелік дағдыларды игеру.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Әйел адамдардың әлеуметтік мәртебесінің ерекшелігі. Әйел адамдардың әлеуметтік мәселелерінің ерекшелігі. Әйел адамдардға қатысты мемлекеттік саясат. Қазақстандағы әйел адамдармен жұмысты ұйымдастырудағы мемлекеттік емес ұйымдардың қызметі. Діни экстремизмнен зардап шеккен әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс. Үйдегі және жыныстық зорлық құрбандары болған әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс. Көпбалалы аналармен әлеуметтік жұмыс. Кәмелетке толмаған және жалғыз басты аналармен әлеуметтік жұмыс. Жұмыссыз әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс. Әскери қызметтегі адамдардың әйелдерімен әлеуметтік жұмыс. Мүгедек әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс. Әйел адамдармен топтық психоәлеуметтік жұмыс. Бас бостандығынан айыру орталығындағы және ол жерден босаған әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс. Шетелдегі әйелдермен әлеуметтік жұмыс.



Күтілетін нәтижелер: - Өмірлік қиын жағдайларға түскен әйел адамдармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру аймағындағы білімді көрсету, әйел адамдармен әлеуметтік жұмыс жасаудың мазмұнын игеру, принцптері мен әдістерін білу, әйел адамдармен әлеуметтік жұмыстың бағыттарын меңгеру.

- Өмірлік қиын жағдайларға түскен адамдарға көмек көрсетуде теориялық білімдерді қолдану, әлеуметтік иновацияларды тәжірибеге енгізу әдістерін игеру, ғылыми зерттеушілік қызметін жүзеге асыруды игеру.

- Пән міндеттерін шешуде ақпараттық ізденуішілік және талдау синтетикалық қызметтеріндегі әдістерді қолдану; ғылыми сын талдау негізінде құбылыстармен факттерге әлеуметтік, ғылыми немесе этикалық мәселелерде шешім қабылдау және пікір айта білу.

- Аудиторияның ерекшелігін есепке ала отырып, хабарламаларды әртүрлі түрде жеткізе білу; Қоршаған орта және кәсіби қоғамдастықтарымен біріккен әрекеттерге қатысу және ұйымдастыру, топпен жұмыс жасау, ұжымда әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеру.

- Өзін өзі тану, өзін өзі жүзеге асыру және өзін өзі дамыту әдістерін игеру, өз жұмысының сапасының жоғары болуына ұмтылу, кәсіби дамуға дайын болу, өзін өзі алға ұмтылдыру қабілетін дамыту.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: магистр, аға оқытушы Исабекова А.С.
Басқару психологиясы

Пререквизиттері: Жалпы және әлеуметтік психология

Постреквизиттері: Өндірістік тәжірбие, Диплом алды тәжірбие, Диплом жұмысын жазу.

Мақсаты: Экономика және құқық негіздері, Экология мамандықтарының психологиялық құндылықтары мен стандарттарын игеру болып табылады. Психологиялық мәдениетке ие болу арқылы яғни психология негіздерін біліп, тұлғааралық және кәсіби аймақтарда қолданатын дағды және психологиялық білімді дамыту.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Психология пәні. Қазіргі психология ғылымы және оның құрылысы мен зерттеу әдістері. Адам, жеке адам, даралық, индивид. Қабілет. Зейін, түйсік. Ойлау, сөйлеу. Басќару психологиясының теориялық негіздері. Басқару процесiнiң мазмұны және негiзгi сипаттамалар. Сыртқы ортаны бағалау және талдау. Мақсатты анықтау процесi және басқару процесiнiн типтерi. Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Психологиялық менеджменттің психология саласы

болып қалыптасуының теориялық негіздері.

Күтілетін нәтижелер: - Пәнді оқыту барысында студенттер негізгі түсініктер, принциптер, психологиялық ғылым әдістері және тәжірибені игеру, тұлғааралық қатынастар және кәсіби аймақтағы психологиялық білімнің рөлі, іскерлік қатынастар этикасы және психологиясы;

- Пәнді оқу барысында кәсіби қызметте психологиялық білімді қолдануға қызығушылық арттыру. Психология салалары жайлы студенттердің білімін жүйелеу және жалпы психологиялық заңдылықтарды зерттеу;

- Психология ғылымының бағыттары, негізгі принциптерімен танысу; психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі ролі мен мәнін анықтау, оның пәні мен объектісін, негізгі түсініктері және әдістемелік позициясын анықтау;

- Іскерлік қатынастарды қолдауда тәжірибелік дағдыларды игеру;



- Студенттер қызметінде танымдық дағдылар мен шеберліктерді дамыту.

Т.А.Ж. жүргізуші оқытушы: п.ғ.д.проф Минжанов Н.А.

ӘЖ және ӘСП кафедрасының меңгерушісі

п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К.

хаттама №___ «__» ________2014ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет