Электр өрісіндегі өткізгіштер тақырыбына қЫСҚа мерзімді жоспар зекешова Арай Алипкалиевна Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №37 жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі
ЭЛЕКТР ӨРІСІНДЕГІ ӨТКІЗГІШТЕР ТАҚЫРЫБЫНА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Зекешова Арай Алипкалиевна
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, №37 жалпы орта білім беретін мектебінің
физика пәнінің мұғалімі
Пән: физика, 10 «б» сынып
Күні:12.02.2015
Тақырыбы:
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер.
Мақсаты
Өткізгіштер, диэлектриктер ұғымы, түрлері туралы түсінік беру
Күтілетін нәтиже
А.Өткізгіштердің электрленуі туралы біледі.
В.Кулон заңын диэлектрик үшінсипаттай алады.
С.Электр өрісінің формуласын, диэлектрлік өтімділік мәнін есептер шығарғанда қолдана алады.
Керекті жабдықтар
Жұмыс дәптері, АКТ , карточкалар, орындық.
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
(10 мин.)
-Оқушылармен амандасу.
-сыныпты түгендейді
-кезекшілік қызметін қадағалау
-оқушылардың назарларын сабаққа аудару
-психологиялық дайындық.
Үй тапсырмасын «Стикердегі диалог» әдісін қолданып, тексеремін.
Өрістің нүктедегі потенциалының өрнегі қандай?
қандай физикалық шамаға тәуелді?
Барлық нүктелерінің потенциалдары бірдей болатын бет.
Потенциалдық өрістердің қандай түрлерін білесің?
Тұйықталған контур бойында электр өрісі күштерінің жұмысы нешеге тең?
Потенциалдың формуласы
СИ жүйесінде кернеуліктің өлшем бірлігі.
Потенциал қандай шама?
Үйге берілген есепті тақтаға бір оқушыны шығарып тексеремін.
№227. Кернеулігі 1кВ/м біртекті электр өрісінде күш сызықтарының бағытымен – 25 нКл зарядты 2 см- ге жылжытқан. Өрістің жұмысын, заряд пен өрістің өзара әсерінің потенциалдық энергиясының өзгерісін, орын ауыстырудың бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы кернеуді табыңдар? (-0,5мкДж, 20В)
-Мұғаліммен амандасады
-кезекшілік қызметін атқарады
-сабаққа зер салады
Топтарға бөлінеді.
Кернеу
Эквипотенциал бет
Тартылыс және электр
Нөлге
φ
В/м
Скаляр шама
Шығарылуы:
Тұсау-
Кесер
(3мин.)
Миға шабуыл. Өткен тақырыпты байланыстырып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.
Өткен сабақта электр өрісі күштерінің жұмысы тақырыбын өткен болатынбыз. Осы электр өрісі күштері әрекет еткен сайын өріс өткізгіш ішінде жоғалғанша созылады. Сөйтіп, электр өрісінде металл өткізгіш орналастырылғанын білеміз. Олай болса бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз электр өрісіндегі өткізгіштер және диэлектриктер.
Өткенді еске түсіріп, сабақ тақырыбын, мақсатын анықтайды, дәптерлеріне жазады.
Жаңа сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
Негізгі бөлім
(17мин. )
Бекіту
(10 мин. )
Жаңа сабақты сурет бойынша және АКТ пайдаланып меңгертемін.
Бір-біріне тығыз жанасқан екі бөліктен тұратын металл өткізгіш сыртқы электр өрісінде орналасқан. Осы өткізгіштегі еркін электрондарға солға қарай бағытталған, яғни кернеулік векторына қарсы бағытталған өрістің күші әрекет етеді. Осы күштердің әрекетінен электрондардың ығысуы нәтижесінде өткізгіштің оң жақ шетінде артық оң зарядтар, ал сол жақ шетінде артық электрондар пайда болады. Осыдан ішкі өріс пайда болады, ол солға қарай бағытталған.
Атом сыртқы электр өрісіне тап болған кезде, электрлік дипольға айналады, ал диполь диэлетриктегі сыртқы электр өрісін әлсірететін өзінің дипольдік электрлік моменті деп аталады
Рэл=ℓqРэл=α,E –молекуланың электрондық полярланғыштығы.
Рэл=α,E –молекуланың электрондық полярланғыштығы
Бұлттың барлық теріс зарядын оның центрінде жинақталған деп, ал электр өрісінднгі тұтас атомды шамалары жағынан өзара тең, ал таңбалары қарама- қарсы екі зарядтар жүйесін қарастырамыз, олар бір- бірінен l қашықтықта орналасқан . Мұндай жүйені